1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. Соғыс кезіндегі тарихты оқытудың ерекшеліктерін қарастырыңыз



бет6/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
тарихты оқыту

9 сұрақ. Соғыс кезіндегі тарихты оқытудың ерекшеліктерін қарастырыңыз
Соғыс кезіндегі тарихты оқытудың өз ерекшелігі болды.Ол ең алдымен оқытудағы тәрбиелік мақсаттарға баса мән берумен айқындалды.Мұғалімдердің алдына патриоттық тәрбие мен интернационалдық бірлікті нығайту міндеті қойылды.Орта ғасырлар тарихы оқылғанда славян халықтарының рөлі,олардың жат жерлік басқыншыларға қарсы бірлескен күресі,мәдени мұрасының маңызы дәріптелді.Немістердің “варвар” славяндар арасындағы “мәдени миссиясы” әшкереленді.Тарих сабақтарында германдықтардың “Шығысты тықсыру”,пангерманизм сияқты саясаттарының тарихи тамыры зерттелді.
Тарих сабақтарында мұғалімдер оқушыларды Ұлы Отан соғысында сөзсіз жеңіске жететіндігіне сендіруге тиіс еді.Сол мақсатта А.Невский,Д.Донской,А.Суворов,М.Кутузовтардың қолбасшылық өнері туралы жан-жақты әңгімеленді.
30-жылдардың соңында тарихшы-ғалымдар мен әдіскерлер мектептік тарих курсының әдістемелік негізін айқындауда елеулі жұмыстар атқарған еді.Соғыс жылдарында бұл жұмысты А.М.Панкратова,Н.М.Дружинина,Е.А.Косминскаялар одан әрі жалғастырды.Соғыстан кейінгі жылдары әдістеменің дамуына В.Н.Бернадский,Н.А.Андреевская,М.А.Зиновьев,В.Г.Карцев,Н.Г.Тарасов,А.И.Стражев,Д.Н.Никифоров және т.б. ғалымдар көп үлес қосты.Олардың еңбектерінде тарих ғылымына қойылатын дидактикалық талаптар;тарихты оқытудағы көрнекілік;тарихи білімдерді игерудің психологиясы;қайталау-жинақтау сабақтарының әдістемесі;фактілік және ұғымдық білімдерді қалыптастырудың жүйесі;тарихты оқытудың әдістемелік жүйесі сияқты мәселелер қарастырылды.
50-жылдардың соңында оқулықтарға оқушылардың дербес жұмыс жүргізуіне арналған құжаттар енгізіліп,тарих бойынша жұмыс дәптерлері шығарыла бастады.
Тарихи білім берудің құрылымы мен мазмұны да өзгеріске түсті.Қайталамау қағидасының орнына топтау (концентрация) қағидасы енгізілді.Ол жетінші сыныпты бітірген оқушылардың жаңа және қазіргі заман тарихымен таныса алмауына байланысты туындады.1959 жылғы 8 қазандағы “Мектептерде тарихты оқытудағы бірқатар өзгерістер туралы” қаулыға сәйкес 8-жылдық білім міндетті,ал 11 жылдық мектеп тілек білдірушілерге арналды.Соған сәйкес тарих курстарына ішінара топтастыру жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет