1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

 


 
7-сұрақ 
Нуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметі, жіктелуі. ДНҚ 
құрылысы. 
1.Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының 
бірі болып саналады. Нуклеин қышқылының (ДНҚ ) молекуласын 1868 жылы 
Швейцариялық ғылым Ф.Мишер ашқан.
Қызметі: нуклеин қышқылы - организмдерге гендік ақпаратты бір буыннан 
екінші ұрпаққа көшіруге мүмкіндік беретін молекулалар.
Жіктелуі :нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин 
қышқылы (
ДНҚ
 ) және рибонуклеин қышқылы (
РНҚ
 ).
Құрылысы: нуклеин қышқылдары- полимерлер, олардың мономерлері болып 
нуклеотидтер саналады. Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктен құралған : 
азоттық негіздер, қант рибоза немесе деезоксирибоза , фосфор қалдығы.
2.ДНҚ молекуласы қос ширатпалы болып келеді. Қос ширатпаның бір 
оралымында 10 жұп нуклеотидтер кездеседі, ал оралымның ұзындығы 3,4 нм 
тең. Сонымен қатар, А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса, Г-Ц арасында 
3 сутектік байланыс болады. ДНҚ  дезоксирибозадан, азоттық негіздерден, 1 
фосфаттан құрылған ( оларды -д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды).
Функциялары:
 
1. Тұқым қуалау ақпаратын сақтау;


2. Тұқым қуалаушылық ақпаратын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу;
3. Ақуыз биосинтезі процессінде тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру.
ДНҚ-ның алғашқы, екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі.
Бірінші реттік құрылысы - бір жіпшеде нуклеотидтердің тізбектеліп 
орналасуы болып табылады. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік 
байланыспен байланысқан, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен 
фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет