1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет37/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Ұйымдастыру жоспары
Бұл бөлімде бизнестің меншік түрі көрсетіледі: бұл жеке кәсіпкер бола ма, жеке кәсіпорын немесе серіктестік бола ма. Егер бұл серіктестік болса, сол өздеріне негізделген шарттарды келтіру қажет.
Келешек бизнестің құрылымдық ұйымдастырылуы (құрылымы) көрсетіледі. Қызметкерлердің саны туралы және штаттың кеңейтілуі туралы, мамандарды оқыту мен даярлау туралы, сондай-ақ кеңес берушілерді, кеңесшілерді, менеджерлерді тарту туралы мәліметтер беріледі.
Бұдан әрі кәсіпорынға жетекшілік ету мен басқару мәселелері қаралады. Басқарушы топтың қандай ұстаным бойынша құрылғаны түсіндіріледі, және оның әрбір мүшесінің рөлі суреттеледі. Басқарушы топтың барлық мүшелерінің өмірбаяны бойынша қысқаша мәліметтер келтіріледі. Бүкіл команданың білімі мен біліктілігіне талдау жүргізіледі.
Қаржылық жоспар
Қаржылық жоспар бизнес-жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне сатудың көлемі, пайда, капиталдың айналымы, өзіндік құн және т.б. жатады. Қаржылық жоспар 3-5 жылға арнап жасалады және оған келесілер кіреді: табыс пен шығынның болжамы, ақшалай түсімдер мен төлемдердің болжамы, алғашқы жылға арналған баланстың болжамы. Қаржылық жоспарды жасау кезінде нақты ақша ағымының (қолма-қол ақша ағымының) жағдайына, кәсіпорынның тұрақтылығына, қаражат көздері мен қаражаттың пайдаланылуына талдау жасалады. Залалсыздық нүктесі белгіленеді.
Тәуекелдерге баға беру
Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.
Бизнес үшін тәуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым және объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бәсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін.
Ықтимал тәуекелді сәттер туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын әзірлеп және солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кәсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне және соларға әзір екендігіне сендіретін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет