1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет34/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:

  • Істі ашу үшін не қажет?

  • Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дәрежеде ақиқатқа сай ма?

  • Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Әдетте, банктер кәсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес-жоспарды талап етеді.

  • Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар. Инвесторлар ретінде жеке тұлғалар (соның ішінде достары немесе туыстары) немесе әртүрлі бизнестер шығуы мүмкін. Оларға сіздің бизнесіңізге ақша салымдаудың тиімді екендігін дәлелдеу үшін бизнес-жоспар үлкен себін тигізуі мүмкін.

  • Жергілікті немесе шетелдік серіктеспен біріккен кәсіпорын құруға арналған бизнес-жоспар. Сауатты түрде жасалған бизнес-жоспар әріптесіңізге сіздің ісіңіздің елеулі екендігіне сенім береді.

  • Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Қазіргі кезде өзге фирмалардың кәсіби шеберлерін оларға тіпті жоғары еңбекақы беремін деп уәде берумен өзіңізге тартудың өзі қиынға түсуде. Фирманың келешек қызметін сипаттау потенциалды қызметкерге ұсынылып отырған жұмыстың келешектігі мен тұрақтылығы жайлы ақпарат береді.

  • Өзге компаниямен бірігуге арналған бизнес-жоспар. Ол мәміленің тиімділігін: біріккен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге себін тигізеді.



    9.3. Бизнес-жоспардың мазмұны
    Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып отырғандығына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Біздің ойымызша, кәсіпкерге ең алдымен бизнес-жоспарды өзіне арнап жасап алу керек. Алайда егер несие алып немесе инвесторды тарту мүмкіндігі болып отырса, онда бизнес-жоспардың мазмұны осы топтардың мүддесіне де сай болуы тиіс.
    Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы және оның толық берілу дәрежесі келешек жобаға және соның өзі жататын салаға байланысты болады.
    Мысалы, егер қайсыбір жаңа өнім түрін әзірлеу көзделіп отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен және сол өнім нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар әзірленуі тиіс. Егер де әңгіме қайсыбір өнімнің бөлшек саудада сатылуы жайлы болып отырса, онда бизнес-жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін.
    Бизнес-жоспардың құрамы сонымен қатар көзделіп отырған өткізу нарығының ауданына, бәсекелестердің бар-жоғына және құрылып отырған бизнестің өсу келешегіне байланысты болады.
    Кіріспе бөлім
    Кіріспе бөлімі, әдетте, бүкіл жоспар жасалғаннан кейін жазылады. Ол қысқа болып (ары кеткенде 2-3 беттен тұрып) және дербес жарнамалық құжат ретінде пайымдалуы тиіс, себебі мұнда бүкіл бизнес-жоспардың негізгі жағдайлары беріледі. Мұнда кәсіпорынның атауы мен мекенжайы, құрылтайшылардың есімдері мен мекенжайлары, ұсынылып отырған жобаның негізгі ережелері, оның мәні мен мақсаты, жобаның құны, жұмсалатын қаржы көрсетіледі.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет