1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет36/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Маркетинг жоспары
Бұл бөлімде клиенттердің өнімді неліктен сатып алатынын көрсету қажет. Мұнда сіздің тауарыңыздың немесе қызметіңіздің қалайша сатылуы көзделіп отырғаны, ол үшін қандай бағаның белгіленетіні және жарнаманы қалай жасауға болатыны сипатталады. Нақты бөліктер жиі жағдайда күрделі болып келеді және баға саясаты, сауда саясаты, жарнама және т.б. салаларды қозғайды.
Бұл бөлімде өнімнің (жұмыстардың немесе қызметтердің) бәсекелесуші баламаларымен салыстырғандағы негізгі сипаттамалары көрсетілген. Бағалар, баға саясаты, сауда саясаты, өткізу арналары, өнімді жарнамалау және нарықта ілгері жылжыту, өнімді қолдау саясаты, ықтимал сатып алушылардың қызығушылық танытуы, өнімді өткізудің болжамы тәрізді мәселелер қаралған.
Өндірістік жоспар
Бұл бөлімде тауарды немесе қызметті өндірудің барлық процестері суреттелуі тиіс. Мұнда панажайлармен, олардың орналасуымен, жабдықтармен, қызметкерлермен байланысты болып келетін мәселелер қарастырылған. Егер құрылып жатқан бизнес өндірістік санатқа жатса, онда өндірістік процеске толықтай сипаттама беру қажет: өнімнің өндірісін ұйымдастыру, өндірістік процестерді бақылау, өнім құнының негізгі элементтерін бақылау. Егер кейбір операцияларды орындауды қосалқы мердігерлерге тапсыру көзделіп отырған болса, солар жайлы мәлімет беру керек, яғни қосалқы мердігердің атауы, мекенжайы, соның таңдалу себептері, бағалары және жасасқан келісімшарттар туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Өздерін өз күшімен орындау көзделіп отырған операциялар бойынша өндірістік ағымдардың сұлбасын, өндірістік жабдықтың, шикізат пен материалдардың тізімін, соған қоса жеткізушілерді (атауын, мекенжайын, жеткізу шарттарын), жуықтап алынған бағасын көрсетумен, сондай­­-ақ келешекте қажет болуы мүмкін өндірістік жабдықтың тізімін беру қажет. Ақыры, бұл бөлімде өнімнің шығарылуын қаншалықты жылдам түрде арттырып немесе қысқартуға болатыны жайлы мәселелер көрінісін табуы тиіс.
Қоршаған ортаның аспектілері, әлеуметтік аспектілер
Бизнес-жоспардың бұл бөлігінде өнім өндірудің қоршаған ортаға тигізетін әсері талданады. Нақты жағымды және жағымсыз жақтары, сондай-ақ мемлекеттің осындай өндіріспен байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптары бағаланады.
Өндірістің әлеуметтік аспектілеріне де баға беру қажет. Олар жоспар өздеріне арнап жасалып отырған негізгі топтардың бірі ретінде мемлекеттік органдар немесе заң шығарушылар болып отырған болса, ерекше маңызды болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет