1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет35/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Ұсынылып отырған жобаның мәні
Бұл бөлімде сатып алушыларға ұсынылатын өнім немесе қызмет түрлерінің нақты анықтамасы мен сипаттамасын беру қажет. Өнімді өндіру үшін қажет болатын технологияның кейбір аспектілерін көрсетіп кету керек.
Өнімнің негізгі сипаттамаларын беру кезінде сол өнімнің техникалық егжей-тегжейлеріне емес, оның потенциалды сатып алушыларға беретін артықшылықтары жайлы айтылады. Технологиялық үдеріс жайлы толық ақпаратты қосымшада беруге болады.
Өнімдердің немесе қызмет көрсету түрлерінің бірегейлігін немесе ерекшеліктерін көрсетіп кеткен маңызды. Мұны түрлі формада көрсетуге болады: жаңа технология, тауардың сапасы, төмен өзіндік құн немесе сатып алушылардың қажетсінулерін қанағаттандыратындай қандай да бір ерекше артықшылығы. Сонымен қатар сол өнімді жетілдірудің мүмкіндігін көрсетіп кету қажет.
Егер жоспарды өзіңізге арнап, алайда инвесторларды немесе серіктестерді іздестіру мақсатында жазып отырсаңыз, онда ықтимал инвесторлар мен серіктестерге мұқият түрде сипаттама беру қажет.
Үлкен (макро) орта мен саладағы істің мән-жағдайын талдау
Бұл бөлімде келешек бизнес-жобаның қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаттары суреттеледі. Жаңа жобаның идеясын үлкен орта мен саладағы істің мән-жайын ескере отырып ұсынған өте маңызды. Бизнестің өзіне және сол жұмыс істеп және бәсекелесетін ортаға баға беру қажет, себебі бәсекелес күрестегі жеңіске жетудің критерийлерінің біріне нарықтағы жағдай жатады.
Бизнес-жоспарда саладағы істің ағымдағы мән-жайына талдау жасау ұсынылады. Сонымен қатар соңғы жаңа өнімдер (қызметтер) бойынша анықтама беріп, потенциалды бәсекелестерді атап, солардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп кету ұсынылады. Сонымен қатар сол сала бойынша жасалып отырған барлық болжамдарды зерттеп және соның нәтижесінде сіздің бизнестегі тауарлардың немесе қызметтердің тура қандай тұтынушыға арналғаны жайлы сауалға жауап беруге болады.
Нарықты талдау
Нарық және маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторлар болып табылады. Сол себептен бұл бөлімді жазу аса қиын шаруа болып табылады. Сізге өз-өзіңізді және ықтимал инвесторларды өнім үшін нарықтың бар екендігіне және өзіңіздің сол нарықта өніміңізді сата алатыныңызға сендіру қажет. Ол үшін сіз үшін басты болып табылатын нарықтың сегментін анықтау қажет. Әдетте, жаңа бизнестер нарықтың тек бір ғана өте тар сегментінде бәсекелесе алады. Мұндай сегментті таңдау бәсекелес күрестің шиеленісуіне де байланысты болуы мүмкін, ол өнімнің бір түрі үшін қалыпты, өзге бір түрі үшін күштірек болуы мүмкін.
Нарықтың бәсекелес сегментін анықтаудан кейін сол сегменттің ішіндегі сатып алушылардың сипаттамасы келтіріледі.
Кез келген бизнес және, атап айтқанда, өнімді жетілдіру жөніндегі жақсы идеяларға ие бизнес ерте ме кеш пе бәсекелестік проблемасына кез болады. Сол себептен тікелей бәсекелестерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, әр бәсекелестің нарықтағы потенциалды үлесіне баға берген өте маңызды. Сіздің өніміңіз сапасы, бағасы, таратылу, жарнамалау және өзге көрсеткіштер жағынан бәсекелесе алатынын көрсету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет