1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет41/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Номенклатура объектілері заңды және жеке тұлғалардың экономикалық қыз- метінің барлық түрлері болып табылады.
Номенклатураны түзу мысалы:


C секциясы Өңдеуші өнеркәсіп
10-бөлім Азық-түлік өнімдерін өндіру
10.1-топ Етті қайта өңдеу және консервілеу мен ет өнімдерін өндіру 10.11-класс Етті қайта өңдеу және консервілеу
10.11.0 Етті қайта өңдеу және консервілеу

Осылайша, 10.11.0 коды «Етті қайта өңдеу және консервілеу» қызмет түрін теңдестіреді.



    1. РҰҚСАТ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: ШОБ САЛАСЫН РЕТТЕЙТІН РҰҚСАТТАР, ЛИЦЕНЗИЯЛАР, ЕРЕЖЕЛЕР МЕН СТАНДАРТТАР

Қазақстан Республикасында бизнес жүргізуге барлық рұқсат құжаттары бір ак- тіде жинақталған заң бар. Бұл заң «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» деп ата- лады (Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V ҚРЗ)


Осы нормативтік акті аясында рұқсат құжаттарының үш түрі бар:

  1. Лицензиялар (бірінші санат – алуы қиындық туғызады)

  2. Рұқсаттар (екінші санат – алуда орташа қиындық туғызады)

  3. хабарламалар (үшінші санат – алуды талап етпейді, жай ғана хабарлама жа- саңыз)



Лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне бай- ланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
Рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;
Хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган не- месе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат.

Әрі қарай, негізгі терминологияны меңгергеннен кейін, сіз қандай кәсіпкерлік қызмет түрі рұқсатнамалық бақылауға жататынын білуіңіз керек.


Ол үшін сіз өзіңіздің жұмыс кейісіңізді таңдауыңыз қажет, жоғарыда санама- ланған рұқсат құжаттарының үш санатының бірін ресімдеу үшін рұқсатнамалық құжаттар тізбесінен сізге қажетті талаптар бар ма екенін қарастыруыңыз керек.
Рұқсат құжаттарының тізбесін қайдан қарауға болады?
Біріншіден, компьютерде жұмыс істей білуіңіз керек. Бұл уақыт талабы, өмірлік қажеттілік, уақытыңызды үнемдейді, жүйкеңізді сақтайды.
Егер компьютеріңіз жоқ болса, ХҚКО барыңыз, онда өзіне өзі қызмет көрсету зонасы бар, онда сізге қажетті барлық ақпаратты қалай алуға болатынын көрсетеді әрі тегін аласыз.
Тізбені қарау үшін үкіметттік НҚА сайтына кіру жеткілікті, еш қиындығы жоқ.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет