1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


-тақырып. Меншiк қатынастары және оның экономикадағы ролі



бет11/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

3-тақырып. Меншiк қатынастары және оның экономикадағы ролі.


Мақсаты: меншік қатынастарын зерттеу, оның түрлерін талдау, әртүрлі өлшемдеріне байланысты экономикалық жүйелердің типтеріне тоқталу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталу.


Талқылау сұрақтары:

3.1. Экономикалық жүйедегi меншiк қатынастарының орны, оның объектісі мен субъектісі.


3.2. Меншiктiң экономикалық және құқықтық мазмұны. Қазiргi кездегi меншiк түрлерi.
3.3. Экономикалық жүйе түсінігі және түрлері.
3.1. Экономикалық жүйедегi меншiк қатынастарының орны, оның объектісі мен субъектісі.

Меншік ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам мен қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады.


Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады.
Физиократтар мектебінің өкілі, француз экономисі Франсуа Кенэ «Экономикалық кесте» деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі ролінің басымдылығын көрсеткен.
Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғаш рет қоғамның тапқа, яғни жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші болып жіктелуіне негіздеді.
Француз экономисі Пьер Прудон меншікке өзінің көз-қарасын «Кедейліктің философиясы» деген еңбегінде баяндаған. Онда ол ұсақ буржуазиялық және жеке меншікті дәріптеп, капиталистік меншікті сынады.
Карл Маркстың тұжырымдауы бойынша меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік – бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері Рональд Коуз, Армен Алчиан қосты.
Меншік бұл - өнім өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерінде белгілі бір заттарды иемденуге байланысты туындайтын адамдар арасындағы қатынастар. Адамдардың иелігіндегі меншік келесі қатынастар негізінде пайда болуы мүмкін:
1. Сату және сатып алу негізінде;
2. Айырбастау арқылы;
3. Қылмыстық жолмен;
4. Сыйлау;
5. Мұраға қалдыру.
Экономикада меншіктің объектісі мен субъектісін бөліп көрсетеді.
Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Меншік субъектілері - бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады. Меншік объектісі - бұл осылар арқылы меншік қатынастары туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет