1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


-тақырып. Кәсiпорын капиталы: мәні және нысандары. Кәсіпкерлік



бет21/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

7-тақырып. Кәсiпорын капиталы: мәні және нысандары. Кәсіпкерлік.


Мақсаты: кәсіпорын капиталы және оның айналымын түсінігін талдау, инвестиция түсінігі мен оның экономикалық ролін қарастыру, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың түрлері мен нысандарын жан-жақты талдау.


Талқылау сұрақтары:

7.1. Кәсiпорын капиталының айналымы. Негiзгi және айналмалы капитал.


7.2. Негізгі капиталдың тозуы. Инвестициялар.
7.3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың түрлері мен нысандары.
7.1. Кәсiпорын капиталының айналымы. Негiзгi және айналмалы капитал.

Кәсіпкерліктің кез-келген түрінде кәсіпкер әрдайым капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуға ұмтылады. Бұл үшін кәсіпкер өндірісті үзбей жалғастырып, ұдайы өндіріс процесін жүзеге асырады. Ұдайы өндірістің үздіксіздігі өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді.


Кез-келген кәсіпорында капиталдың 3 түрі бар: 1) Ақша капиталы; 2) Тауар каиталы; 3) Өндірістік капитал.
Ақша капиталы дегеніміз өндірісті ашуға және дамытуға қажетті қаражаттар.
Тауар капиталы дегеніміз – кәсіпорынның өндірген, бірақ әлі сатылмаған тауарларының жиынтығы.
Өндірістік капитал дегеніміз өндірісті жүргізуге қажетті өндіргіш күштердің жиынтығы.
Кәсіпорын капиталының айналымы дегеніміз капиталдың белгілі бір кезеңдерден өтіп қайтадан өз формасына келуі.


1) Ақша капиталының айналымы.
Өқ
А . . . Өп . . . Т - А1
Өк
мұнда: А – ақша
Өқ - өндіріс құралдары
Өк - өндіргіш күштер
Өп - өндіріс процесі
Т – тауар
А1 – ақша


2) Тауар каиталының айналымы.
Өқ
Т - А . . . Өп - Т1
Өк


3) Өндірістік капиталдың айналымы.
Өқ
Өп - Т - А - Өп
Өк

Кәсіпорынның өндірістік капиталы екіге бөлінеді:


1) негізгі каитал;
2) айналмалы капитал.
Негізгі капитал дегеніміз – бірнеше өндірістік процесске қатысатын, өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп өткізетін және өндіріс нәтижесінде өз формасын сақтап қалатын капитал.
Негізгі капиталдың айналымы 3 фазадан тұрады:
- негізгі капиталдың тозуы;
- амортизация;
- негізгі қорлардың жанартылуы.
Негізгі қорды жаңарту 2 кезеңнен тұрады:
- күрделі жөндеуден өткізу немесе модернизациялау;
- негізгі қорды толығымен айырбастау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет