1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет22/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Амортизация - бұл негізгі капиталдың тозуына байланысты өзінің құнын дайын өнімге өткізу процесі.
Айналмалы капитал дегеніміз – бір өндіріс процесінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын дайын өнімге толық өткізетін өндірістік капиталдың бір бөлігі.
Айналмалы капиталдың айналымы келесі фазалардан тұрады:

    • еңбек заттарының өндірістік қорда болуы.

    • еңбек заттарының өндіріс сферасында болуы.

    • өндіріс сферасынан өтіп, айналым сферасына түсуі.

    • айналым сферасынан ақша формасына өтуі.

7.2. Негізгі капиталдың тозуы. Инвестициялар.
Негізгі капиталдың тозуының 2 түрі бар: табиғи (физикалық) және моральдық тозу.
Табиғи тозу дегеніміз – негізгі капиталды пайдаланудың барысында оның өзінің негізгі қасиеттерін жоғалтуы.
Моральдық тозу дегеніміз – негізгі қордың физикалық жағынан жарамды болса да, экономикалық жағынан тиімсіз болуы.
Аталған екі жағдайда да негізгі капитал тозуға ұшырайды, құны төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептеледі. Мұндай жағдайлар амортизациялық қор құруды талап етеді. Амортизациялық қор - бұл негізгі капитал қорының қаражаты жыл сайын жасалып және жиналып отыратын амортизациялық жарналар. Амортизациялық қордың қаражаттары ескірген құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықтарды жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және басқа да құралдарды сатып алуға пайдаланылады. Демек, амортизациялық қор өндірісті ұлғайту үшін қолданылады, капитал қорлануының қосымша көзі ретінде қызмет етеді.
Инвестиция деп экономикадағы әртүрлі сала кәсіпорындарына салынатын ұзақ мерзімді капитал салымдарын айтады.
Меншік нысанына байланысты инвестициялар жеке және мемлекеттік болып бөлінеді. Жеке инвестициялар тек пайда табу мақсатында ғана салынады, ал мемлекеттік инвестициялар пайда табу үшін ғана емес, сонымен қатар экономиканың дамуын реттеу мақсатында да салынады.
Жеке инвестицияның көзі: компанияның өз қаражаты, сырттан тартылған қаржылар, акциялар мен облигациялар бола болады.
Мемлекеттік инвестицияның негізгі көзі: салықтар, мемлекеттік кәсіпорынның пайдасы, ақша шығару б.т.
Инвестициялар салу объектісіне қарай 2-ге бөлінеді: шынайы және қаржылық инвестициялар деп. Шынайы инвестициялар бұл экономиканың белгілі бір саласына салынған және нәтижесінде шынайы капиталдың өсуін әкелетін инвестициялар. Қаржылық инвестициялар бұл акцияларға, облигацияларға және т.б. бағалы қағаздарға салынған инвестициялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет