1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет24/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Шетелдік және ұлттық инвестициялар. Жуық уақытқа дейін заңдық тұрғыда инвестициялардың шетелдік инвестициялар және тура инвестициялар деген сияқты түрлері ең бір реттелген инвестициялар болып келді (оларға шетелдік және ұлттық инвестицияларды да жатқызуға болушы еді). Шетелдік және ұлттық инвестицияларға бөлудің жалпыға ортақ белгісі болып мынадай ұстаным танылады: инвестициялар инвестордың елінде немесе басқа бір елде жүзеге асырылады. Бұл жерде қандай меншік (ұлттық меншік пе, әлде мемлекеттік меншік пе; шетелдік жеке меншік пе, әлде шетелдік мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың жеке меншігі ме) туралы сөз болып отырғаны да аса маңызсыз емес. Қазіргі таңда заңда шетелдік және ұлттық инвестициялар арасын ажырату деген жоқ, тиісінше (шыққан көзіне қарамастан), барлық инвестициялар ұлттык инвестициялар болып саналатын болды.
Инвестициялардың қосымша түрлері және сипаттамасы.
Инвестицияларды жіктеудің басқадай маңызды бір негіздемесі болып инвестициялардың нысаны саналады. Осы белгіні негізге ала отырып, инвестициялар нақты және қаржылық, немесе төте және қоржындық, немесе бір мезгілде екеуі де болуы мүмкін.
Нақты инвестициялар — ол нақты активке салынған инвести­циялар немесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге, құрал-жабдықтарды ауыстыруға және т.б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін.
Қаржылық инвестициялар - ол бағалы қағаздарға салынған салымдар (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпорациялық бағалы қағаздарға және т.с.с).
Инвестициялық тәуелдік деп инвестициялық салымнан түсетін пайданың абсалюттік немесе салыстырмалы шамасы күтілгеннен аз болып шығуы түсініледі немесе, басқа сөздермен айтқанда, тәуекелді қаламаған нәтижелердің орын алу мүмкіндігі дегенді білдіреді.
7.3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың түрлері мен нысандары.

Адам Смит кәсіпкер дегеніміз пайда табу және коммерциялық идеяны жүзеге асыру үшін экономикалық тәуекелділікке баратын меншік иесі деп сипаттайды.


Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734ж) енгізген. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Заңдарда кәсіпкерлік дегеніміз – азаматтар мен бірлестіктердің пайда табуға бағытталған және өздерінің тәуекелділіктері мен белсенділіктерін жүзеге асыратын қызмет.
Кәсіпкерліктің сипаттық ерекшеліктері:
1. белсенділіктің болуы;
2. тәуекелділіктің болуы;
3. кәсіпкерлік ізденістің болуы;
4. өзіндік жауапкершіліктің болуы және т.б.
Әйгілі неміс экономисі Иозеф Шумпетер (1883-1950ж) кәсіпкерліктің 5 бағытын көрсеткен:
1. жаңа игілік дайындау және ескі игілікке жаңа сапа беру.
2. өндірістің жаңа әдісін енгізу.
3. жаңа өткізу нарығын табу.
4. шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін табу.
5. өндіріске қажетті өзгерістерді енгізу.
Экономикада кәсіпкерліктің келесідей түрлері кездеседі және олар бірнеше белгілер бойынша жіктеледі.
а) Қызмет мазмұнына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет