1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет23/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Инвестициялардың белгілері. Инвестицияларды мүліктің кез келген түрі деп түсінуге сүйене отырып, инвестициялар ретінде қарастырылуы үшін, ол құндылықтар иеленуге тиіс белгілерді тұжырымдап алған жөн. Инвестициялардың негізгі және айқындаушы белгісі - олардың жеке тұтынуға емес, материалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кәсіпкерлік нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалынуынан көрінеді.
Инвестицияларды жіктеудің әртүрлі негіздемелері және әрқилы тәсіл-амалдары бар. Негізгі бөлу ретінде инвестициялардың түрлерін: капитал тудырушы және зияткерлік, мемлекеттік және жеке, шетелдік және ұлттық (отандық) деп жіктеуді ұсынуға болады. Инвестициялардың басқа түрлеріне келетін болсақ, мысалы, төте және қоржындық, нақты және қаржылық, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары және тәуекелі аз деген сияқты, онда олар негізгі жіктеуге жатады және инвестициялардың қосымша түрлері болып табылады.
Капитал тудырушы және зияткерлік (әлеуметтік) инвести­циялар. Инвестицияларды бөлудің негізгі жіктік белгілерінің бірі болып инвестициялардың мақсаты - пайда (табыс) табу және немесе әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу мақсаты аталады. Осыған байланысты инвестициялар капитал кұрушы және зияткерлік (әлеуметтік) деп бөлінеді.
Капитал тудырушы инвестициялар — ол материалдық және материалдық емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар. Басқаша айтқанда, бұл олардың дәстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, өйткені, әдетте, инвестициялар капитал тудырушы болып табылады, яғни пайда немесе табыс табудың тәсілі немесе құралы ретінде қолданылады. Өз кезегінде, капитал тудырушы инвестициялар нақты және қаржылық инвестициялар немесе тура және қоржындық инвестициялар деп бөлінеді.
Зияткерлік инвестициялар - ол әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлауға, сондай-ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және т.б. мақсаттарға бағытталған инвестициялар. Мысалы, қазіргі заманда зияткерлік инвестициялардың ең көп тараған түрлері жоғары білім алу үшін берілетін мемлекеттік және жеке несиелер болып табылады. «Зияткерлік инвестициялар» түсінігін «әлеуметтік инвестициялар» ұғымына дейін кеңейтуге болады, өйткені екі жағдайда да инвестициялар нысаны әлеуметтік сала болып шығады және негізгі мақсат ретінде әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу жорамалданады (ондай кезде бір мезгілде пайда немесе табыс табу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды).
Мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы мынада:
1) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып табылады;
2) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялар қайтарымды және ақылы негізде жүзеге асырылады;
3) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялар оларды біреудің негіздемесін және тәртібін мемлекет белгілейтіндігімен сипатталады;
4) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне байланысты;
5) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына мемлекет бақылау жасайды;
6) мемлекеттік (бюджеттік) инвестициялар мемле-кеттік қазына мүлкімен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет