1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет3/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Фонетика лекция

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Зерттелуіне қарай фонетиканың бөлінуі.

  2. Фонетиканы зерттеуде қолданылатын әдістер.

  3. Дыбыстардың өзіне тән ерекшелегі қандай?



Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер

  1. 1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.

  2. 2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
    Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.

  3. 3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет

  4. 4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015

  5. 5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.

  6. 6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.

  7. 7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.

  8. 8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.

  9. 9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999.

  10. 4.2. Қосымшаәдебиеттер:

  11. 10. Жусaнбaевa С.Б., Әлімтaевa Л.Т. Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістемесі: оқу құрaлы. – 210 б. 2016

  12. 11. А. Б. Салқынбай. Қазақ тіл білімі тарихы. – Алматы, 2016. 220 бет.

  13. 12.Қосымова Г. Тілдің тарихын дәуірлеудәң теориялық негіздері, Алматы , 2012.

  14. 13..Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы.(көмекші құрал) А., 1975ж.

  15. 14. Мырзабеков С. Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі: Оқу құралы. - Алматы, 2002.



2 тақырып
Дыбысты қарастырудың үш аспектісі(сөйлеу мүшелері, сөйлеу аппараты, үн, салдыр)
Дәріс жоспары:

  1. Дыбыстау мүшелерінің түрлері, жұмысы.

  2. Тіл дыбыстарына тән ерекшелік.

  3. Дауыссыздарға салдыр мен дауыстың қатысуы, оны білудің маңызы.



Мазмұны
Біздің дыбыстық тіліміз өте күрделі құбылыс, сондықтан оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек болады және мұның өзін сол нәрсені үш қырынан қарау деп түсіну керек. Олар:

  1. анатомия-физиологиялық аспект;

  2. акустикалық аспект;

  3. лингвистикалық аспект.

Анатомия-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің нәтижесі. Дыбысталу мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Ал дауыссыз дыбыстарды тонның дәрежесі әр түрлі, үнділерде – көбірек, ұяңдарда – азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физологиялық қызмет үшін жаралған органдар (мәселен, өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т. б.) қосымша атқарады. Ұзақ эволюциялык даму барысында адам өзінің анатомиялык мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нәтижесінде дыбыстық тілге ие болды. Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың, әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс, таңдай, жақ, ерін, т. б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды. Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет