1-тақырып: Кіріспе. Жас физиология мен гигиена пәні туралы жалпы түсінік. Өсу және дамудың жалпы заңділіқтары ағза және сыртқы орта Жоспар: 1. Кіріспе. Жас физиология мен гигиена пәні туралы жалпы түсінік
2. Жас физиология мен гигиена ғылымының мақсаттары, міндеттері, және даму заңдылықтары
3. Жас физиологиясы мен гигиенасы пәнінің даму тарихы
4. Оқушылардың дене және физиологиялық дамуын гигиеникалық бақылау
5. Акселерация
6. Жас дәуірлері
Тірек сөздер: физиология, гигена, ұлпа, мүше, мектеп гигиенасы, каммунал гигиенасы, тамақтану гигиенасы, еңбек гигинасы, санитария, генетика, хромосома, ген. Физиология - организмнің барлық құрылымдық дәрежесінде жүріп жататын жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметі немесе тіршілік әрекеті жөніндегі ғылым.
Жас физиологиясы мен гигиенасы пәні студенттерге, болашақ мұғалімдерге өсіп келе жатқан, организмдердің өсуі және дамуы, балалардың жас ерекшеліктері, оның сыртқы ортамен байланысы, балаларда кездесетін түрлі аурулар мен олардың алдын алу жолдарын үйретуде, білімге ие болуында үлкен рөл атқарады.
Жас физиологиясының түйінді бағыты мұғалімдердің қызметінде маңызы зор физиологиялық ғылымның теориялық материалдарына аударылған. Ондай мәселелердің қатарына, ең алдымен балалар мен жас өспірімдердің жоғары нерв әрекетінің заңдылықтарын және олардың нерв системасының функциялық ерекшеліктерін жатқызуға болады.
Балалар мен жасөспірімдер организмінде, мүшелерінің құрылысы мен қызметінде, ересек адамдармен салыстырғанда ерекшеліктер бар, себебі балалар өмірінің әр түрлі кезеңдерінде көп өзгереді. Балалардың жас кезеңдеріне тәуелді морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерді білу, оны тәрбие жұмыстарына тиімді пайдалану- әр мектеп маманының міндеттісі. Әрбір адам білім алуы, өнер үйренуі, спортпен айналысуы, туған жері мен елінің өркендеуі жолында қызмет етуі үшін, дені сау болуы керек. “Адам үшін бірінші бақыт - оның денсаулығы, екінші - сұлулық”, - деген Аристотель. Денсаулық адамның психикалық күйіне және оның басқалармен қатынасына да әсер етеді. Сондықтан денсаулық әрбір адамға тарту етілген жоғары игілік, адамның бақытты және белсенді өмір сүруі мен кемелдікке жетуінің негізгі шарты болып саналады. Ал халықтың салауаттылығы Отан байлығы болып табылады. Сондықтан Республикамызда халқтың ден - саулығын сақтау мақсатында бір талай Заңдар қабылданған.
Азаматтардың репродуктивті денсаулығын сақтау туралы Өзбекстан Республикасының 2019 жылғы 11 наурыздағы ORQ-528 Заңы. Бұл заңның мақсаты азаматтардың репродуктивті денсаулығы саласындағы қатынастарды реттеу болып табылады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 19.04.2019 жыл ПҚ-4295 «2019-2021 жылдары Республика халқына эндокринологиялық көмекті көрсетуді жақсарту жөніндегі ұлттық бағдарламаны бекіту туралы» шешім қабылданды.
Балалар және жас өспірімдер физиологиясының негізгі үйренілетін объекті дамып келе жатқан жас организм. Сондықтан, педагогтар тәлім-тәрбие жұмыстарын жас физиологиясы мәліметтеріне негізделген тәрізде алып бару негізгі маңызға ие.