(б.з.д. 460-370)
3. Жас физиологиясы мен гигиенасы пәнінің даму тарихы Адамдар ерте замандардан түрлі аурулардан емделу үшін, өз денесінің құрылысын білуге қызыққан. Бірақ ұзақ уақыт бойы адам денесін жарып көруге қатаң тыйым салынғандықтан, аурулардың шығуы керемет күштерге байланыстырып түсіндірілген. Ал шипагерлер адам ағзасының құрылысын білмегендіктен сырқаттарға жеткілікті жәрдем көрсете алмаған. Адам ағзасының ішкі құрылысын мүрдені жарып көру арқылы тексеру алғаш Грецияда және Римде басталған.
Гиппократ (б.з.д. шамамен 460-370 жж.).
Ертедегі грек дәрігері. Адамның төрт түрлі болмысы мен адам денесі құрылысы, ағзаның бір бүтіндігі жөніндегі әлемге әйгілі идеяларды жете зерттеген. Ол ауруға және оның емдеуге жекеше жанасу идеясын ұсынған. Оның туынд ылары клиникалық дәрігерлікке негіз салды.
Аристотель (б.з.д 384-322 жж.).
Аристотель (б.з.д 384-322 жж.). Ертедегі грек философы және дәрігері. Ғылымға орта ұғымын енгізген. Табиғаттың негізгі сатылары- анорганикалық дүние, өсімдік, жануар, адам туралы идеяны және адам-әлеуметтік тірі жан, өзінің ақыл-өсімен жануарлардан өзгешеленетіні туралы пікірді алға қойған.