Анатомия – ағза мен мүшелердің құрылысын, организмде жайласқан орнын үйренетін ғылым.
Физиология - мүшелермен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.
Гигиена - адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның (экологиялық) жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым.
Жас физиология мен гигиена - жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің, негізі ол балалармен, жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды. Бұл пән мұғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды. Жас физиологиясы пәні медициналық пәндеріне кіретін адам анатомиясы мен физиологиясы пәнінің бір бөлігі болып, жас организмнің үлкен адам организмінен мүлдем, бөлектігін көрсетеді.
Бала организмі үлкен адамның қалпы емес, оның көлемі, физиологиялық қасиеттері және сыртқы ортаға бейімделуімен ажыралады.
Жас физиология пәнінің негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады: • Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалармен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру;
• Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;
• Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру;
• Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй (эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру;
• Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Жасқа байланысты физиология және гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап, білу мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен гигиена адам анатомиясының, гистология мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады. Гигиена пәні мектеп гигиенасы, каммунал гигиенасы, тамақтану гигиенасы, еңбек гигинасы және гигиенаға тиісті басқа пәндерін өз ішіне алады.