1-тақырып: Кіріспе. Жас физиология мен гигиена пәні туралы жалпы түсінік. Өсу және дамудың жалпы заңділіқтары ағза және сыртқы орта Жоспар



бет7/12
Дата18.05.2023
өлшемі1,51 Mb.
#94607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
И.П.Павлов

1849-1936 жж
Атақты ғалым физиолог И.П. Павлов1849 жыл орыс ғалым, бірінші орыс Нобель сыйлығының лауреаты, физиолог, жоғары жүйке қызметін және жүйке тізбектерін қалыптастыру ғылымын жасаушы; Ресейдің ең ірі физиологиялық мектебінің негізін қалаушы, «ас қорыту физиологиясы бойынша жұмысы үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1904 жылғы лауреаты.
Рефлекстер бүкіл жиынтығын: шартты және шартсыз деп екі топқа бөлді. “Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек”- дейді. Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцев тұжырымдаған, кейін К. Анохин дамытқан (1949) системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды ( гетерос- әр түрлі, хронос – уақыт) түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды.
Л.К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала организмінің алғаш рет түрлі кезеңдерде дамуы оның құрылымдарының бір-біріне уақытша байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады. Функциялық жүйелердің әр уақытта пайда болуымен әртүрлі дамуы ең алдымен дененің бейімделу қасиеттерін негіздейді. Бұлай бейімделу нәтижелері биологиялық жүйелердің қызметінің беріктігін, мықтылығын көрсетеді. Ал мұның өзі онтогенездің түрлі кезеңдерінде көптеген жағдайлардың әсер етуінен пайда болады. П. К. Анохиннің әріптесі А.А. Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкіндігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке бөлімдерінің тұрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді. Биологиялық жүйелердің беріктілігі онтогенездік даму барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі. Өсіп, дамып келе жатқан организмнің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын бейімделуі де жоғары сатыға дами түседі.
Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу зандылықтарына орыс ғалымдары И.П. Павлов, В. М. Бехтерев, И.А. Аршавский, А.Г. Хрипкова, т. б. Олардың еңбектерінің арқасында баланың жасына лайық шартты рефлекстердің қалыптасуы, бағдарлау реакциясының дамуы, сөйлеу қабілетінің қалыптасып дамуы, түрлі эмоциялық жағдайлардың байланысы, өзгермелі сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу заңдары анықталды, балалар мен жастарға арналған оқулықтар шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет