1. Тапсырма
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Инклюзивті білім берудің мониторингі шеңбері» құжатының мінедеттері инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына қатысты болып табылмайды:
A) кадрлық, әдістемелік, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету
B) психологиялық-педагогикалық дайындық
C) білім берудегі инклюзивтілік идеяларын ілгерілету
D) НҚА мен менеджментті жетілдіру
2. Тапсырма
Инклюзивті білім беру мониторингі шеңберіне сәйкес жалпы білім беру және оқыту бағдарламалары бойынша ЕБҚ бар балаларды оқытуда қиналады (қате жауапты көрсетіңіз):
А) ЕБҚ бар балаларды жалпы топтарға қосу туралы нормативтік ережелердің жоқтығы
B) тәрбиешілердің баламен жеке жұмыс жасауға арналған арнайы дағдыларының жоқтығы
C) жекелеген мектепке дейінгі ұйымдарда ЕБҚ бар балаларды жеке дамытушылық бағдарламалардың жоқтығы
D) кадрлық, әдістемелік, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілмеуі
3. Тапсырма
Ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс. Бұл анықтама:
А) инклюзивті білім беру (ӘДҰ)
B) инклюзивті білім беру (ЮНЕСКО)
С) инклюзивті білім беру (Қазақстан, «Білім туралы» Заңы)
D) инклюзивті білім беру (Ресей)
4. Тапсырма
Барлық балалардың білім алуда, мәдени іс-шараларға және қоғам өміріне қатысуын арттыру және білім беру жүйесіндегі әлеуметтік оқшаулауды азайту және одан шеттетуді болдырмау арқылы олардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын процесс. Бұл процесс мазмұндағы, тәсілдердегі, құрылымдардағы және стратегиялардағы өзгерістермен және қайта құрулармен байланысты, тиісті жас тобындағы барлық балаларды қамтитын жалпы ұғым және барлық балаларға білім беруді қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті екеніне сендіретін тән белгісі болып табылатын жалпы тұжырымдама.. Бұл анықтама:
А) инклюзивті білім беру (ӘДҰ)
В) инклюзивті білім беру (ЮНЕСКО)
С) инклюзивті білім беру (Қазақстан, «Білім туралы» Заңы)
D) инклюзивті білім беру (Ресей)
5. Тапсырма
Барлық оқушылардың негізгі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыратын сапалы білім алу құқығына негізделген білім. Бұл анықтама:
А) инклюзивті білім беру (ӘДҰ)
В) инклюзивті білім беру (ЮНЕСКО)
С) инклюзивті білім беру (Қазақстан, «Білім туралы» Заңы)
D) инклюзивті білім беру (Ресей)
Достарыңызбен бөлісу: |