1 тарау. Аудармашының шығармашылық шеберханасы


Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар



бет3/12
Дата02.06.2022
өлшемі329 Kb.
#36181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
dip -q -qaramanuly-batys-adebietinin-audarmashysy

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • Қ.Қараманұлы көркем аудармадағы шеберлігі қалыптасқан кәсіби аудармашы

  • Қ.Қараманұлының өзіндік тіл мен стилі бар

  • түпнұсқадағы бейнелі сөздер мен теңеулерді дұрыс аудара алатын талантты аудармашы

  • Ирвинг Стоунның «Грек қазыналары» романы тарихи кезең шындығын танытқан туынды болғандықтан, оны аудару аудармашыдан шынайы шеберлікті, суреткерлік көрегендікті, арнайы дайындықты талап ететін қиындығы мол еңбек.

  • қазақ аудармашысы Ирвинг Стоун шеберлігін қазақшаға сатылы

аударма арқылы белгілі бір сипатта танытқаны, тәржіма жасауда аударма деңгейі жоғары дәрежеде болып шыққан.

  • Еліміздің әдебиеттану, аударматану ғалымдарының деңгейін жаңа сатыға көтеру үшін, көркем аударма мәселелеріне көңіл бөлу, шетел тілдерінен ана тілімізге, қазақ тілінен әлем тілдеріне тікелей аударманың көптеп жасалуы тиіс.

Тақырыптың зерттелу деңгейі
Қазақ әдебиеті шетел халықтарының әдебиетімен жалғаса даму үстінде. Өткен ғасырдан бастап, әсіресе, орыс мәдениетімен, әдебиетімен тығыз байланыста өсіп-өркендеп келеді. Басқа халықтармен әдеби байланыстарға қатысты еңбектер бүгінгі таңда баршылық десек артық болмас. Соның ішінде қазақ әдебиеті мен орыс, Еуропа әдебиетінің байланыстарына, И.Х.Ғабдировтың «Кеңес дәуіріндегі орыс-қазақ әдеби байланыстары» (А., 1968), Қ.Ш.Кереева-Канафиеваның «Орыс-қазақ әдеби қатынастары» (ХХ ғасырдың екінші жартысы. А., 1972) , М.Н. Ритман-Фетисовтың «Россия мен Қазақстанның әдеби байланыстары» (А., 1956), Ш.Қ.Сәтбаеваның «ХІХғ. мен ХХғ. бірінші жартысындағы қазақ-Еуропа әдеби байланыстары» (А., 1971), М.Х.Маданованың «ХХ ғасырдағы қазақ-француз әдеби байланыстары және салыстырмалы әдебиеттану проблемалары» атты ғылыми еңбектері бар.
Зерттеуші К. Кереева Канафиева қазақ орыс-әдеби байланыстарын 1730-1868 және 1869-1917 жылдармен екі кезеңге бөліп қарастырады. Кейінгі кезеңді қазақ көркем аудармасының қалыптасу кезеңі деуге де болады.
Негізінен бұл жылдары қазақ ауыз әдебиеті үлгілері жиналып, сол кездегі беделді орыс басылымдарында жарияланса, өз кезегінде «Дала уалаяты», «Қазақ» газеттерінде орыс ақын-жазушылары шығармаларының алғашқы аудармалары жарық көрді. Дегенмен, қазақ көркем аудармасының толық қалыптасу кезеңі кеңестік жылдармен байланысты. Батыс және орыс әдебиетінен аударылған шығарма үзінділері «Таң» журналында басылды. Аударма Тұрағұл Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы белсене араласып, Абайдың аудармашылық мектебінің ерекшелігін көрсетті.
Әсіресе, 1930 жылдан бастап көркем аудармаға ерекше көңіл бөлінді. Қазақ ақын-жазушылары Америка, Европа, орыс әдебиетін аудару арқылы олардың сол кезеңге тән жазу мәнерінен, композиция құру шеберлігі мен кейіпкер сомдау жүйесінен үлгі алды. КСРО жазушыларының I-съезі көркем аудармаға үлкен бетбұрыс жасады. Сол жылдары А. Пушкин, М. Лермонтов, Н. Гоголь, Некрасов, Л. Толстой тәрізді орыс классиктерімен қатар, М. Шолохов, М. Горький, Д. Фурманов, А. Фадеев, Д. Бедный, В. Маяковский, А. Серафимович т.б. көрнекті жазушылардың шығармалары қазақшаланды.
Соңғы жылдары аударма тарихы мен теориясы туралы да біршама диссертациялар қорғалды. Атап айтар болсақ, Б.Дуанинаның «Неміс прозасын қазақ тіліне аударудың өзекті мәселелері». Кандидаттық диссертация. (Астана, 2004), Г.Хошаеваның «Ағылшын детективтерін қазақ тіліне аудару үлгілері». Кандидаттық диссертация. (Астана, 2006), С.Абдрахмановтың «Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы». Докторлық диссертация. (Алматы, 2007), Л.Дәуренбекованың «1960-1980 жылдардағы түпнұсқа мен көркем аударма мәтіндерінің сәйкестігі». Кандидаттық диссертация. (Астана, 2008).
Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» аудармасы жөнінде де диссертация қорғалған. Тақырып - «Э. Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» романының қазақ тіліне аударылуы (көркемдік, стиль, ырғақ)» деп аталады. Зерттеу жұмысын жүргізген Сайфутдинова Айгүл Сайдисламқызы. Зерттеуші «Қош бол, майданды!» тыңғылықты зерттеп, аударманың егжей-тегжейіне дейін тоқталып, оның сапасы мен олқылықтарын ашып көрсетуге тырысқан. Әр бір тарауға тоқталып, талдау жасаған; түпнұсқа (ағылшын тілі), орыс тіліндегі аудармасын, қазақ тіліндегі аудармасын салыстырған.
А.Сайфутдинова өз зерттеуінде осы тақырыпты жан-жақты ғылыми тұрғыда қарастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет