1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Тәуке ханның билікке келуі, оның саясатын анықтаңыз



бет10/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
11. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясатын анықтаңыз .
Тәуке ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтармен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген.
Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті жорықтар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «баһадүр» және «қазы» титулдарына ие болған..
12. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызын көрсетіңіз
Орта ғасырда қазақ даласынан шыққан ғұламалар Әл-Фараби мұралары, Махмұт Қашқаридің «Диуани лүғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы»), Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» («Құтты білік»), Ахмет Йасауидің «Диуани Хикмет» («Хикметтер жинағы»), Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих и Рашиди», «Жаһан-наме» еңбектері, Ахмед Йүгінекидің «Хибат-ул Хақаиқ» («Ақиқат сыйы»), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған кітабы», Хусам ад-Дин Сығанақи еңбектері ислам мәдениеті аясында жазылған жәдігерлер. Түркі ойшылдары ислам мәдениеті мен ғылымының өркендеп өсуіне елеулі ықпалын тигізді. 960 жылы Қарахан мемлекетінің ресми діні ислам болып жарияланды. Қарахандықтар дәуірінде қала мәдениеті дамып, мұсылмандық сәулет өнерінің ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Әулие Ата, Айша Бибі кесенелері, мешіттер мен медреселер, кітапханалар Қарахан мемлекетіндегі рухани-мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары болғанын дәлелдейді.
Орта ғасырларда қазақ елі мұсылмандық мәдениеттің аясында дамып, есімдері әлемге белгілі ойшылдар мен ғалымдарды тарих сахнасына шығарды. Араб халифаты аясындағы сан түрлі тілде сөйлейтін және алуан түрлі мәдени ұстанымдағы халықтарды біріктерген ислам мәдениеті ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің үлгісіне айналды. Орта ғасырлық мұсылман мәдениеті мен философиясы, ғылымы мен өнері түркі, араб, парсы тілдес сан алуан халықтардың жасаған ортақ еңбегінің нәтижесінде әлем мәдениетінің алтын қорына айналды.
Ислам діни сенімі және ислам құндылықтарының қазақ даласына енуі қазақ мәдениеті мен әдебиетіне Құран Кәрім қиссалары мен араб әдебиетінің үлгілері де ене бастады. Ортақ рухани құндылықтар негізінде мұсылмандық шығыс мәдениетінің жәдігерлері қазақ мәдениеті мен әдебиетіне ауызша аңыз-дастандар жолымен, яғни, жыраулар мен термешілердің қызметі арқасында, екіншіден, қолжазбалық түрде тарала бастады.
Ислам діні түркі халықтарының тілі мен ұлттық әдет-ғұрыптарының, дүниетанымдық ерекшеліктерінің сақталып, дамуына кедергі келтірмеді. Түркі ойшылдарының шығармашылық ізденістерінің негізгі арқауы бұл – ислам мәдениеті мен құндылықтары болып табылады. Өйткені түркі ойшылдарының өмірі мен шығармашылық қызметі ислам мәдениеті мен өркениетінің аясында өрбіді.
Ислам дінінің негізгі ұстанымдары рухани құндылықтар жүйесі түркі ойшылдарының дүниетанымында нақтыланып, заманына сай бедерленеді. Түркі ойшылдары өз заманының перзенттері болғандықтан, өздері өмір сүрген қоғамның құндылықтарын шығармаларында айқындап отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет