1. Тарихи-мәдени ескерткіштердің сипатын нақты ашып көрсетіңіз


Қазақстандағы губерниялардағы өлкетану жұмысының жандануын баяндаңыз



бет23/39
Дата13.09.2022
өлшемі185,78 Kb.
#38951
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Өлкетану жауап нов (копия)

40. Қазақстандағы губерниялардағы өлкетану жұмысының жандануын баяндаңыз.
Сырдария губерниясы Қазалы уезiнiң өлкетанушылары iшiндегi Әлқуат Қайнарбаевты (1898-1979) атап өтуге болады. Ол қазақ халқы тарихы мен мәдениетiнiң ауыз өнерiн жунаушы. Өз өлкетану жұмысы мен этнографиялық, фольклорлық, деректемелердi жинауды 1918 жылдан бастап жинай бастаған. Ол Ғылым Академиясы орталық ғылыми кiтапханасының қорына 200 мың жол этнографиялық, фольклорлық, материалдар өткiзедi. Оның төртен-үшi әдебиет пен тiлтануға, қалғандары қазақ халқының тарихы, этнографиясы, әдет-ғұрпына арналған. Олар «XVIII-ХIХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962), «ХХ-ғасырдың басындағы қазақ ақындарының шығармалары» (1963), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Қазақ эпосi» (Т.1. 1958, Т.2. 1961, Т.3. 1964), «Айтыс» (Т.1. 1964, Т.2. 1968). Орал губерниясы территориясында өлкетану ұйымдары өз қызметтерiн 1925 жылы қаңтарда бастады. Бұл бөлiмiне профессор С.С.Неуструевтың басшылығымен, мүшелерi И.В.Ларин, Н.И. Мусатаев, В.И. Верушкин және басқалар арқылы жұмыс атқара бастады. 1927 жылы Оралда Орал-Каспий өлкесiн мекендейтiн орыс тұрғындарының тұрмысы экономикасы, географиясы, тарихы туралы өлкетану анықтамасы аты еңбек шықты. Ол клубтарға, оқу залдары мен кiтапханаларға мәдени-ағарту ұйымдарына арналды.
Атбасарлықтар 1924 жылы ашылған өлкетану үйрмесiн Мәдениеттiң жаңа ошағы деп атады үйiрменiң мiндетiне өлкенi зерттеу, төл әдебиеттi, көне ескерткiштердi, халық әндерiн, ертегiлерiн, аңыз, мақал-мәтелдерiн жинау. 1929 жылы республика орталық мекемелерiнiң Алматыға көшуiне байланысты Орта Азия, Орынбор архив, кiтап сақтау орны, мұражайлардан Қазақстан туралы материалдарды жинап, оларды Алматыға орналастыру басталды. Бұнымен қатар қоғамның жоспары бойынша 1929 жылы арнайы экспедиция күшiмен 1929 жылы арнайы экспедиция күшiмен Шу және Қостанай аудандарында жем-шөп мәселелерi, түйе шаруашылығын өркендету мәселелерi үшiн арнаулы этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды. Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметiнiң Алматы кезеңi О. Жандосов, С.Д. Асфендияров, М.Д.Жұлдыбаева, Т.Шонанова, Б.И.Дублицкий, А.К.Горячева және басқалардың аттарымен тығыз байланысты. 1930 жылы Бүкiл-Қазақстандық ғылыми-өлкетану ұйымдастыру бюросының төрағасы О. Жандосовтың «Өз өлкеңдi таны» мақаласы үлкен қызығушылық тудырды. О.Жандосовты ұйымдастыру бюросының төрағасы етiп сайлағаннан бастап, қоғамның беделi артып, оған Жер халық комитетi, Қазақ су шаруашылығы, архив басқармасы мемлекеттiк ұйымдары қосылып нығайды. Сол жылдары елде өлкетанудың апталығын айлығын өткiзу тәжiрбиеге айналды. Арнайы штабтар құрыла бастады.
1930 жылы 6 сәуiрде Қызыл әскерлер үйiнде Бүкiл Қазақстандық ғылыми-өлкетану съезi ашылды. Съезге Москва, Ленинград, Харьков, ташкент, Новосибирскдегi iрi ғалым мамандар келдi. Солардың iшiнде академиктер А.Е. Ферсман, П.П. Маслов, профессорлар Н.М. Тулайков, С.И.Руденко, М.В.Культпасов, Л.И.Цукерман, инженер-геологтарМ.П.Русаков,В.Е. Недзвецкий, Орталық Түркiстан өлкетану бюросының төрағасы Т.С. Козлов, Шығыстанудың Бүкiл Украйналық ассоциациясының өкiлi И.И. Ланде, «Союззолото» – Э. Эренбург және басқалар. Барлық тiркелген делегаттар 238 болды. Съезд делегаттары пленерлықмәэжшгджжiлiсте 22 баяндама, ал алты секцияда: ұйымдастыру-әдiстемелiк, ауа, су, жер қойнауы, өсімдік ресурстары, жан-жануарлар ресурстары. Қазақстан экономикасы, тарихи, мәдениетінде 100-ден аса баяндама тыңдады.
Академик А.Е. Ферсманның «Қазақстандағы өндіріс күштері, және оның мәдени-шаруашылық құрылыстағы маңызы» С.И.Руденко «Қазақстандағы СССР Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмысының өқорытындысы мен болашағы. Н.М. Тулайновтың «Қазақстан ауыл-шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмсының міндеттері».
Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы О. Исаевтың «Қазақстан бес жылдығы» профессор С.Д. Асфендировтың «Шығыстағы қоғамның өркендеу түрлерінің тарихи» О. Жандосовтың «Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері» т.б. мақалалар үлкен қызығушылық тудырды. Республикада 30-жылдары геологииялық жарықтар кең қанат жайды№ ол көпшілік ұжымдар және өлкетану қоғамдары күшімен іске асты. Геологиялық жорықтар екі бағытта жүргізілді: біреулер пайдалы қазбаар туралы тұрғындар арасынан мәліметтер іздесе, келесілері дала іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ауданның өлкетанушы белсенілері жергілікті тұрғындар арасында сұрау жүргізіп. Пайдалы қазбалаларды тіркеді, тікелей іздестіру геологтардың басқаруымен өлкетанушылар мен, студенттер күшімен атқарылды. Облыс және аудан архивтерінде жатқан материалдарға да көп көңіл бөлнді. Өлкетану ұжымдарының жұмысына тікелей шаруашылық органдарының жұмысына тікелей араласуының үлгісі Қазжолтранстың тапсыруы бойынша жол жағдайын зерттеу Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ішкі аудандарындағы автожол құрылысын жоспарлау№ 1933 жылғы Қазақстан орталық өлкетану бюросы мен Қазжолтранс арасындағы келісім бойынша Ақтөбенің 6 ауданы Оңтүстік Қазақстанның 11 ауданы зерттелді. Оның үстіне мектеп өлкетануы да өркендей бастады. 1920 жылдардың өзінде ақ Жетісу губерниясы мектептерінде, В.Д.Городецкийдің оқулығы «Жетісуға мектеп саяхатшылары үшін материалдар» оқулығы таратылды. Бұл бірінші мұғалімдер мен оқушылардың қарапайым мектептеріне арналған өлкетану оқулығы еді ол 1923 жылы қаңтарда қайтта басылып шықты. Семей өлкетану қоғамы мен округтың мұражай мектепте туған өлкені оқыту үшін жеке бағдарлама кітапшасын шығарды. Ол губерния мектептеріне таратылды. Қазақстанның барлық мектептерінде өлкетану үйірмелері, мектеп өлкетану мұражайлары, жарық пен саяхаттар ұймдастырыла бастады. Жас өлкетанушылар геологияны, гидрогеологияны, өлкенің өсімдігі мен жануарларын, құрылыс материалдары шығатын жерлерді зерттеп, өлке туралы тарихи мәліметтер, азамат соғысының ардагерлері туралы, тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер жинады. Геологиялық жарықтар ұйымдастыруға өлкенің табиғи байлығын зерттеуге. П.А.Мягков, Г.А.Тимченко,Н.В.Горбаньның әдістемелік нұсқаулары көмектестті. Қазақтардың шаруашылық тұрмыс өмірін зерттеуге арналған А.Л.Мелковтың бағдарламасы одан басқа «ескертулер», «өлкетану серігі» басшылық әдістемелік материалдар шыға бастады. 1930 жылы барлық елде өлкетану оқу бағдарламасына енді. Ол әр ауданның тарихи-әлеуметтік жағдайымен ерекшеленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет