52.Республикадағы өлкетанушылық музейлердің жұмысын қайта құруы немен байланысты?.
1925 жылы музейдің қайта құру жұмысы жүргізілді, оны іске асыру барысында Орта Азиялық табиғат және көне ескерткіштерді қорғау Кеңесінің ғылыми қызметкері М. Е. Массон қатысты, кейінірек ол Өзбекстан және Түрікменстан республикаларына еңбегі сіңген ғылыми қызметкер, атақты ғалым, шығыстанушы, тарих және археология ғылымдарының докторы ретінде бүкіл елге әйгілі болды. Оның Шымкент музейі жұмысын қайта құру жөніндегі есебі мұражай қорында сақтаулы. Бұл құжат Шымкент мұражайының қалыптасып дамуын куәландыратын айғақтардың қатарына жатады. Қайта құрылып, бір қалыпқа түскен соң, музейдің жұмысы екі бағытта жүргізілді, ол: күнгейлік өлкенің өндіргіш күштері мен тарихын зерттеу ісі. Музейдің әрі қарай қалыптасуына жергілікті өлкетанушылар Б. П. Тризна, И. К. Шпота, Т.Шпота, Н. В. Руднев, Н. И. Мекленбурцев, М. А. Быков және басқалар көп ықпал жасады. Сол уақыттан бастап мұражай өлкеміздің тарихын зерттеуде бірқатар жұмыстар атқара бастады. 1926 жылы мұражай профессор П. С. Массагетовтың дәрмене шөбін зерттеу жөніндегі ғылыми экспедициясына қатысты.
53.Қазақстанның тарихи өлкетанудағы топонимика мен тарихи географияның рөлін анықтаңыз.
Ал, ХІ ғ. М. Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі тілінің сөздігі) атты еңбегінде осы қимақ елін «иемак» деп атаған. Қимақтар ҮІІ ғасырда Ертіс өзенінің алқабы мен Алтай тауының солтүстігін қоныстанған. Ол кезде қимақ тайпалары Батыс түрік қағанатының құрамында болған. Қимақ мемлекетінің астанасы Ертіс өзені бойындағы Қимақия қаласында болды. ҮІІІ ғ. екінші жартысы мен ІХ ғ бас кезінде кимек тайпалары үш бағытқа: солтүстік батысқа – Оңтүстік Орал (негізінен қыпшақтар) жағына, оңтүстік батысқа – Сырдария бойы мен Оңтүстік Қазақстанға және оңтүстікке – Жетісудың солтүстік-батыс жағына қарай қозғалады. 840 жылы Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырап кеткеннен кейін, оған енген тайпалардың бір бөлегі (еймұр, баяндұр, татар) кимек бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Осы кезде жеті тайпадан тұратын: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан кимек конфедерациясы құрылып қалыптасады.
Қазіргі таңда жер–су көне атауларының қолданылуы азайып, ұмыт болып бара жатқандығы белгілі. Топонимдерді жаңғырту, ұмыт болған атауларды қайта жандандыру тарихымыз үшін маңызды. Кеңестік кезеңде көптеген елді–мекендердің, аумақтардың, өзен–көлдердің аттары орысша атаулармен ауыстырылғаны белгілі. Тәуелсіздік алғаннан бастап біршама атаулар тарихи атаулармен қалпына келтірілді. Бірақ бұл түпкілікті толықтай қазақша атаулармен аталды деген сөз емес. Өз тарихымыздағы географиялық атаулардың түп – нұсқасымен, түсіндірмелерін, сөздіктерін, анықтамалықтары жасалып, ғылыми айналымға енгізілді. Мәселен, Ж.О. Артықбаевтың «Дәстүрлі қазақ этнографиясы», «Баянауыл», «Түркі өркениетінің түйіткіл мәселелері», «Жеріңді танығаның – еліңді танығаның: Ульянов ауданының мысалында Орталық Қазақстан топонимиясына шолу», «Жаңаарқа тарихы», «Шет өңірінің тарихы» т.б еңбектерінде біраз болсада жер-су атауларына қатысты деректер берілді.
Еліміздегі топонимикалық атауларға зер салсақ түстермен байланысты атаулар көптеп кездеседі. Мәселен Ақсу, Ақкөл, Ақмола, Ақтөбе, Ақжайық, Қарасу, Қарақұм, Қаратау, Қызылтау, Қызылтөбе, Қызылорда, Сарыөзек, Сарытау т.б. Атаулардың осындай түске қатысты айтылуына профессор Т. Жанұзақ: «Қазақ ономастикасы. Атаулары сыры» атты еңбегінде: «Ақсу атауы – судың, өзеннің ақ ботала болып аққан түсіне байланысты» -деп көрсетеді
Қорыта келе, орыс географы Н.И. Надеждин: «Жер – адамзат тарихы географиялық атаулармен жазылған кітап» деп топонимдердің маңызын өте жоғары бағалаған. Топонимика ғылым саласы ретінде тарих, әдебиет, география ғылымдарымен байланысты дамиды және қазақ даласының ауызша тарихы мен шежіресі арқылы көне мен бүгіннің арасын жалғастырады. Тарихтың тереңіне үңіліп қарасақ жер–су атауларының шығу төркіні ғылыми тұрғыдан қарастырылып, жан – жақты зерттеу жүзеге асырылып келеді. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздегі көптеген елді–мекендердің ауыстырылған, бұрмаланған атауларына түзетулер енгізіле бастады. Біршама жер–су атауларының тарихи атаулары заңдық нормативтік тұрғыда қалпына келтірілді. Бұл іс өз жалғасын табуы керек.
54.Тәуелсіз Қазақстанның топонимикасындағы өзгешеліктер: жетістіктері мен қиындықтары.
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер: жергілікті жердің табиғаты мен шаруашылығы жайлы ақпарат адамдардың күнделікті өмірі мен қызметінде кеңістіктік бағдар ретінде қызмет атқаратын сол географиялық объектінің атауы болып тілде сақталады. Осылайша бұл атауларда халықтық географиялық терминология кең қолданылып, табиғат құбылыстары, географиялық объектінің ерекшеліктері және ландшафттың ерекше белгілері көрініс табады. Географиялық атаулар жүйесі кез келген тілдің ажырамас элементі болып табылады, сондықтан тілмен бірге дамып келеді. Қоғамның дамуына байланысты бұл топонимдер жаңарып, әрі ылғи да толықтырылып отырады.
Географиялық атаулар белгілі-бір физикалық-географиялық жағдайда адамның күнделікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына байланысты қалыптасып және дамып отыруы мүмкін. Атаулардың белгілі бір тарихи кезеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің қалыптасып, дамуына сол кезеңдегі физикалық-географиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайлар себепші болады. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік сипаты көрініс табатын топонимдердің қатар кездесуі осы шаруашылық салаларының географиялық шоғырлануына, сол кезеңдегі табиғат жағдайларына қатысты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер міндетті түрде нақты деректермен (тарихи-археологиялық, географиялық, лингвистикалық) расталған жағдайда, құндылығы арта түседі
Топонимдер зерттеушілер үшін таным тірегі болып табылады. Топонимика ғылымы кез келген ауданның табиғи жағдайлары мен табиғи қорларын, айрықша қорғалатын табиғи аумақтарын зерттеуде маңызды қолданбалы сипат алады. Бұл міндеттерді шешу үшін географиялық атаулардың номинациясына себеп болған тарихи оқиғалар, атаулардың мағыналық жүктемесі және осыған сәйкес алынатын географиялық ақпаратты ескерудің маңызы зор.
Қазақ жеріндегі бірқатар топонимдер 1863-1885 жылдары жарық көрген П.П. Семеновтың “Россия империясының географиялық-статистикалық сөздігінде” көрініс тапқан. Сөздікте топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша арқылы бөлініп жазылған және терминнің қазақшадан аударғандағы мағынасы жақша ішінде берілген. Бұл сөздіктің қазіргі топонимика ғылымы үшін маңызы атаулардың тізімін, мағынасын беруімен ғана емес, объектінің георафиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен де құнды. Мұның өзі көптеген қазақ топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Ал Қазақстан аумағындағы көне және қазіргі заманғы түркі топонимиясы зерттеуде В.В. Радловтың, А.Н. Кононовтың және т.б. қосқан үлесі зор болды.
Қазақстанда топонимика ғылымының негізін қалаушы Ғ.Қ. Қоңқашпаев өз еңбектерінде қазақтың халықтық географиялық терминологиясын жинақтап, талдады. Ғ.К. Қоңқашпаевтың география ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін қорғаған диссертациясы (1948) осы кезеңге дейін топонимика саласында көп сілтеме жасалынатын еңбектің бірі болып табылады. Ғалымның әсіресе географиялық терминдердің атауларды қалыптастыру заңдылықтарына, терминдердің аймақтық, жергілікті семантикалық ерекшеліктерін зерттеуіне қатысты тұжырымдары өте құнды. Ол еліміз аумағындағы монғол атауларын, түркі тілді географиялық терминологияның заңдылықтарын қарастырумен бірге, топонимикалық сөздік құрастырумен де айналысты. Ғ.Қ. Қоңқашпаевтың топонимика және терминология мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері Қазақстан топонимика ғылымының қалыптасып дамуына зор үлесін тигізді.
Топонимика ғылымының дамуында ерекше орынды белгілі географ Э.Мурзаевтың еңбектері алады. Оның топонимикалық еңбектерінде топонимиканың теориялық мәселелері, аймақтық топонимикалық зерттеулер және жергілікті географиялық терминдердің топоним қалыптастыруна қатысты мәселелеркөрініс тапқан. Э. Мурзаев топонимиканы лингвистика, тарих және географияның зерттеу әдістерін пайдаланатын, осы ғылымдардың теориялық негіздеріне сүйенетін дербес ғылым ретінде көрсетті. Ғалым өз еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық атаулардың қалыптасуына, дамуына да айрықша назар аударған. Э.Мурзаев қазақ топонимисі Ғ.Қ.Қоңқашпаевтың халықтық географиялық терминологияға қатысты зерттеулерін жоғары бағалап, бұл еңбектерге өз зерттеулерінде сілтемелер жасаған. А.Нұрмағанбетұлының «Жер су аты- тарихтың хаты» деп аталатын еңбегінде Қазақстан жеріндегі географиялық атаулардың қысқаша шығу тарихы мен сол нысандарға сипаттама берген.
55. 1980-1990 жж. тарихи атаулардың қайтарылуы немен айқындалады?
Қазіргі таңда ономастика республикадағы ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде тек ғылыми-тәжірибелік, мәдени тарихи ғана емес, сонымен қатар қоғамдық саяси маңызға ие болып отыр.
Қоғам дамуының кез келген кезеңінде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесі XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшырады және патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне, кейіннен кеңес жүйесінің тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды.
Еліміз егемендік алған жылдан бері облыстағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге оның құрамдас бөліктеріне, нысандарға ат қою және олардың атын қайта атау жұмыстарына ғалымдарды, тарихшыларды, мұрағат қызметкерлерін, қоғамдық ұйымдар өкілдерін тартып және көне-көз қариялардың пікірін ескере отырып, жан-жақты жүйелі зерделеу жұмыстары жүргізіліп біршама атаулар жаңарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2 қаланың - Лениногорск қаласының атауы - Риддер қаласы болып, Семипалатинск қаласының атауы - Семей қаласы болып өзгертілді.
Сонымен қатар 31 ауылдық округтің, 100 ауылдың тарихи атауы қайтарылды. Атап айтсақ Крупское-Қабанбай, Горное-Ақбұлақ, Приречное-Алтай, Бобровка-Төсқайың, Московка-Мойылды, Сорвенок-Бұғымүйіз, Покровка-Маңырақ, Пугачево-Үшбұлақ, Новотимофеевка-Сарыбел, Ново-Андреевка-Алтынбел, Казнаковка-Құлынжон, Ленин – Құнарлы т.т.с.
472 көшенің атауы Ұлы Отан соғысы батырларының және ардагерлерінің, қоғам қайраткерлерінің, еңбек ерлерінің есімдерімен, тәуелсіздікті және ұлттық нышанды білдіретін атаулармен қайта аталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 44 мектептің атауы мектептер орналасқан ауылдардың атауымен және елімізге, жерімізге еңбегі сіңген ірі тұлғалардың есімдерімен өзгертілді.
Дегенмен, облыс бойынша әлі болса 14 ауылдық округтің, 30 ауылдың, 439 көшенің атауы кеңестік идеологияны насихаттайтын атаулар. Мысалы Калинин, Куйбышев, Киров, Ленин, Крупская, Лениногорск, Чапаев, Комсомол секілді халқымыздың ұлттық сипаты мен елдігімізге сын болар елді мекен, көше атауларын облыс аумағынан әлі де болса кездестіруге болады. Осы секілді елді мекен атаулары тәуелсіз елдің мүддесіне қарай неге толық өзгертілмей жатыр деген пікірлер де айтылып жүр. Кей азаматтар қандай да бір елді мекен, не болмаса басқа да жаңа атауды қажет ететін нысандарға ат беру мәселесінде ұлттық мүддеден гөрі жеке мүддесін жоғары қояды. Осылайша өз ата-бабасының, не болмаса туған-туыстарының атын ұсынады. Біз – ең алдымен осыдан сақтануымыз қажет. Жаңа атау беру – ағайын-туыс не болмаса белгілі бір ру өкілінің беделін арттыру емес, сол өлкенің тарихына деген жанашырлықпен жүзеге асырылуы тиіс.
Тағы бір тоқталып өтер жайт, кейінгі уақытта 3 рет мораторий жариялануына байланысты атауларды өзгерту шектелді. Бұл уақытта тек Ұлы Жеңістің 70-жылдығы мерейтойына байланысты 1 елді мекеннің
16 көшенің, 8 мектептің атауы Кеңес Одағы батырларының және ардагерлерінің есімдерімен және Ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 16 көшенің, 11 мектептің атауы елімізге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдерімен және қазақстандық тәуелсіздігімізге сай атаулармен қайта аталды.
Елге еңбегі сіңбеген, танымал емес тұлғалардың есімдерін объектілерге, көшелерге беру үрдісі белең алуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы тапсырмасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне, нысандарға кісі есімдерін беруге түбегейлі шектеу қойылуын байланысты қазіргі уақыттаөңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген,қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту жұмыстары жүргізілуде.
Облыс бойынша ономастика саласында қиындық туғызып отырған мәселелерге тоқталсақ. Тарбағатай, Аягөз, Үржар аудандарынан есімі елге әйгілі емес, заңға қайшылық тудыратын тұлғаларға көше атын беру бойынша құжаттар көптеп келеді. Бұл да ономастика жұмысын жүргізуге кері әсерін тигізіп отыр.
Өскемен, Семей, Риддер қалалары және Глубокое, Көкпекті, Шемонаиха, Зырян аудандарында қазақстанның тәуелсіздігіне сәйкестендіретін елді мекендер, көшелер көптеп кездеседі.
Өскемен қаласы бойынша екі рет, немесе 6 ретке дейін қайталанатын көшелердің атаулары кездеседі. Мысалы, Паровоз атауымен 6 көше, 4 көше атауы Автогараж, 3 Арық көшесі, 3 Мельничная көшесі, 4 көше Богдан Хмельницкий атында, 4 көше Кривонос атауымен аталынады. Ал, кеңестік дәуірден қалған Краснодонская, Краснознаменная, Краснофлотская, Комсомольская деген көшелер тізбесі де 18 көшені құрайды. Сондай-ақ Семей қаласында мән-мағынасы жоқ атаулар-591 болса, кеңес дәуірінен қалған атаулар-11.
Көкпекті ауданы бойынша кеңес дәуірінен қалған атаулар саны-42, оның ішінде Ленин атында 8 көше, Советская-9 көше.
Глубокое ауданында Ленин, Комсомол, Совхозная сияқты көшелерінің саны- 93. Оның ішінде 5-Калинин көшесі, 9-Ленин көшесі бар.
Шемонаиха ауданында 43-көше кеңестік дәуірден қалған, олар Советская-9, Косомольская және Пионерская көшесі-6.
Риддер қаласында 9 көше Кеңестік дәуірден қалған атаулар. Оның ішінде Стахановская 1,2,3 деп қайталанатын көше атаулары да бар.
Зырян ауданында 68 көше қайта атауға жатады. Мұнда Советская көшесінің саны-14 болса, Комсомольская, Линия 1,2,3 деп қайталанатын атаулар да кездеседі.
Сол сияқты Глубокое, Шемонаиха, Зырян, аудандарында елді-мекендердің атаулары әлі күнге дейін кеңестік дәуірден қалған атаулар. Бүгінгі күні Пролетарка, Октябрьское, Калинин, Чапаев, Куйбышев, Фрунзе т.б. атауларға толып тұр. Бұл аудандардың елді-мекендерінің 40%-ы қайта атауға жатады.
Ұлан ауданының Таврия елді мекені жағының 30,3%-ы, Көкпекті ауданының Самар өңіріндегі елді-мекендердің 18,5%-ы, Қатонқарағай ауданының елді-мекендерінің 13%-ы қайта атауға жатады.
Бүгінгі тәуелсіздік алған заманда елді мекен мен көше атауларын өзгерту не үшін керек десек. Ол ең алдымен елдікке, халқымыздың болашағына, келешек ұрпаққа керек. Бұл –ұрпақ тәрбиесінің бір саласы, өзекті саласы, аса маңызды буыны. Сондықтан да, жер-су, елді мекен атауын тәуелсіздік жылдары өз атауына сай заңды түрде өзгерту – мемлекеттік маңызы бар көкейкесті мәселе. Бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпай әрі қарай жалғастыру баршамыздың міндетіміз.
Тарихи атаулардың ұрпақ игілігі, атадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұра, қайталанбас құндылық екенін ескеріп, оны жаңа мазмұнмен байыта түсуді мемлекеттілікті нығайтудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыруымыз керек. Ономастика саясаты мемлекет тәуелсіздігіне, ел мен жерді ұлықтау идеясына қызмет етуі тиіс. Сонда ғана ата-баба мұрасы жаңғырып, жеріміздің сәні кіреді, халқымыздың рухы күшейеді.
56. Бүгінгі таңдағы топонимиканың өзекті мәселелерін қалай айқындаймыз?
Қазақстанда шамамен 2,7-3 млн. шамасында әртүрлі географиялық атау бар деп есептелінеді. Өкінішке орай, осындай халықтың рухани байлығы қазіргі уақытқа дейін толық жүйелі түрде жинақталмаған. Осы кезге дейін ірі масштабты топокарталар географиялық атаулардың бірден-бір сақтаушысы ретінде саналуда. Қазақстан топонимикалық кеңістігінің әлі шешімін таппаған мәселесі көп. Тіл мамандары, тарихшылар, географтардың бірлесіп жұмыс істемеуі салдарынан топографиялық карталардағы атаулардың жартысынан көбі үлкен бұрмаланумен берілген. Қазақстан картасын қазақша сөйлетеміз деп жүрген азаматтар тілді жетік білмегендіктен, оның үстіне тіл мамандары және топонимистермен ақылдаспағандықтан, өз еңбектерінде өрескел қателер жіберді. Мәселен, бір ғана Шығыс Қазақстан облысының топокартасында Үржар – Ұрыжар, Өрел – Өргіел, Берел – Бергіел, Шанағаты – Шанағатты түрінде өзгеріспен берілген. Ал, Листвяга делінетін жота Қоржынтау түрінде, Тарбағатай (Барқытбел) жотасы Таутекелі түрінде берілуі – аймақты жақсы білмеу салдарының көрінісі. Орыс саяхатшылары Листвяга түрінде картаға түсірген тау жотасы бұрын да, қазір де Қоңыржон деп аталады. Таутекелі болса, Тарбағатай жотасының бір ғана сілемі, бұл атаулар жергілікті тұрғындардың бәріне аян. В.Н.Попованың «Словарь географических названий Казахстана. Павлодарская область» (2001, I, II том) атты ғылыми еңбегінде 5 000-ға жуық атау қамтылған деп көрсетілген. Алайда, осы атаулардың қай картадан алынғаны белгісіз, атаулардың этимологиясында көптеген өрескел қателік орын алған. В.Н. Попованың қателіктерін әлгі атауларды зерттеушілер мен жергілікті өлкетанушылар бірден анықтады. Мысалы, Кеңес үкіметі тұсында Арбиген түрінде жазылған атау В.Н. Попованың сөздігінде – Арбөген мағынасында беріліп, су қоймасымен байланыстырылған, өйткені ғалым бұл жерде ешқандай су нысаны жоқ екеніне назар аудармаған. Шындығында, әлгі атау ертеде «арбаны иіп жасау» мағынасындағы Арбаиген түрінде қалыптасқан. Сондай-ақ аталмыш сөздікте біршама жерлердің географиялық атауы бұрынғы әкімшілік бөлініс - болыстардың атауларымен себепсіз байланыстырылған және тұрғындардың басым бөлігін қазақтар құрайтын аудандардағы (Баянауыл, Май, Лебяжі, Ертіс, т.б.) қазақша жер атауларының көпшілігі бұрмаланып берілген. Жер-су атауларын жинақтау, оларды реттеу, дұрыс таңбалау, тарихи атауларды қалпына келтіру, аймақтық сөздіктер шығару сияқты топонимиялық, теориялық және қолданбалы мәселелерге республика үкіметі үлкен мән беріп, тиісті заңнамалық актілер қабылдады. Осы орайдағы Бағдарламада терминологиялық және ономастикалық сөздіктер шығаруға, әкімшілік-аумақтық карталарды мемлекеттік тілде сөйлетуге жан-жақты көмек көрсету, қаржыландыру мәселелері көрсетілген. Бағдарлама шеңберінде ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша алғаш рет қазақ тілінде «Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі» (2007) атты монография, Павлодар облысы тілдер дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша алғаш рет қазақ тілінде «Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық бірліктері мен физикалық-географиялық атауларының көрсеткіш анықтамалығы» (2007), «Ертістің – Аққулы өңірінің жер-су аттары» (2007), м-бы 1:300 000 болатын әкімшілік-аумақтық карталар топтамасы (Ақсу, Екібастұз, қ.ә.қ.а., Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл, Железин аудандары), Қ.Т. Сапаровтың жетекшілігімен жарық көрді. Бұл ғылыми еңбектерде Павлодар облысының топонимдерінің пайда болуы, дамуы, қалыптасу тарихы, тілдік қабаттарының құрамы, олардың тарихи өзгеру, қалыптасу заңдылықтары жергілікті халықтың тарихы, тұрмысы, экономикалық-әлеуметтік байланыстарымен сабақтастырыла баяндалған және әкімшілік-аумақтық бірліктері мен физикалық-географиялық атаулар бастапқыдағы дұрыс нұсқасымен жазылған. Қазіргі таңда ұлттық мәртебемізді әлемге танытатын құжат тәрізді Қазақстан Республикасы географиялық атауларының каталогтары құрастырылуда. Оны жасау бірер адамның қолынан келмейді және осы орайда Йан Маклеодтың «Тарих – тым жауапты іс, оны тарихшыларға сеніп тапсыруға болмайды» деген қанатты сөзі еске түседі.
57. 1930-1980 жылдарындағы Қазақстандағы өлкетанудың дамуындағы ғылыми мекемелердің орнын анықтаңыз.
1930 жылдардағы Қаз АКСР Халық ағарту комитетінің ғылыми-эдістемелік кеңесінің музей құрылысы, табиғат, тарихи жэне мәдени ескерткіштерді қорғау туралы координаңиялық жұмыс аткарылды. Тарихи жэне мэдени ескерткіш түрлері айқындалды. Онер жэне көне ескерткіштерді есепке алуы, олардың картада белгіленуі жэне «Олкетану жадынамасы» кітабында олардың сипатталуы 1937 жылы аякталды.1950-2000 жылдардагы ңогамның ңызметі. Ескерткіштерді түпнұсқа калпында сақтау бүгінгі таңда өзекті мэселенің бірі болып отыр. Ескерткіштерді сақтау мен пайдалануды айқындау жэне олардың қорғау аймақтарын анықтау мақсатында тарихимэдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын жэне қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың ережелерін жэне пайдалану режимі ресми түрде бекітілген.Осы орайда, жергілікті халық аталған тарихи мэдени мұраларымызды бүлінуден, зақым келтіруден қорғап, өсіп келе жатқан жас ұрпакка ескерткіштерді қорғау елдің, бүтін халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіріп, насихаттап, мектептерде өтілетін тэрбие жұмыстарына енгізіп, келешек ұрпақты өз елінің мәдениетіне, өткен тарихына жанашырлықпен қарайтын, ұлтжанды етіп тәрбиелеудің маңызы зор.Қазак КСР Мемлекеттік комитеті жанындағы мэдени ескерткіштерді қорғау қоғамының 1950-1970 жылдары ескерткіштерді қорғау ісіне қосқан үлесі зор еді.Қазақ тарих жэне мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы - қоғамдық мекеме 1972 жылы 7 қаңтарда қүрылған. Мекеме халықты тарихи ескерткіштерді қорғау ісіне қатысуға тартып, ескерткіштерді қорғау мен пайдалану заңдарын көпшілікке жеткізумен шүғылданады. Мемлекеттік ескерткіш қорғау органдарының жүмысына жәрдемдеседі, ескерткіштердің сақталуына, пайдаланылуына, жөнделуіне жэне қалпына келтірілуіне қоғамдық бақылау жасайды, тарих жэне мәдени ескерткіштері туралы ғылыми-танымдық деректерді халық арасында насихаттайды, соның негізінде Отанына, тарихына сүйіспеншілік, қүрмет сезімін тэрбиелеу шараларын жүргізеді.
Барлық облыста жэне Алматы қаласында қоғамның бөлімшелері қүрылды. «Жалын», «Жазушы», «Өнер», «Қазақстан» баспаларынан тарихи және мәдени ескерткіштер жөнінде шығармалар жарық көрді. Қоғам «Қазақстанның тарих жэне мәдениет ескерткіштері» атты үш жинақты, «Атамекен», «Мүр» атты тарихи-публицистикалық альманахтарды әзірлеп, жарыққа шығарды. Жыл сайын өткізілетін «Марғүлан тағлымы» атты ғылыми конференция үйымдастырып қаржыландырып келеді. Әртүрлі археологиялық экспедицияға қатысады.Қызылорда облысындағы Қорқыт ата, Алматы облысындағы Черкасск қорған-мемориалы, Атырау облысындағы Исатай Тайманов ескерткішінің қүрылысы, Ақтөбе облысындағы Есет батыр бейіті, т.б. қоғам каржысына орнатылды. Сол сияқты Астанадағы Кенесары ескерткішін, Семейдегі атом сынақтарының қүрбандарына арналған монументті, Алматыдағы тәуелсіздік монументін жасауға қатысты.1978 жылдың 11 тамызында Қазақ КСР «Тарихи жэне мәдени ескерткіштерді қорғау жэне қолдану туралы» заңы шықты. 1980 жылдардағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ҚазКСР ҒА тарих,археология жэне этнография институтының тарихи жэне мэдени ескерткіштерін жинау бөлімінің жұмысы жандана түсті. «Оңтүстік Қазакстан облысының тарих жэне мәдени ескерткіштер жинагы» (1994 ж.) жэне Жамбыл облысы бойынша аналогиялык жинақ (2002 ж.) жарық көрді.
58. Мұрағаттанудың тарихи өлкетанумен және тағы басқа ғылымдарымен байланысына баға беріңіз.
Мүрағаттанудың тарнхи өлкетанумен және тағы баскағылымдармен байланысыМүрагат құжаттарының ерекилелігі. Мүрагат дегеніміз - архив. Ал Архив - грек сөзі. Оның мағынасы ескі деген үгымды білдіреді. Түрлі халыктар тілдерінің сөздіктерін карай отырып, архив сөзі оларда өз тілдеріндегі баламалармен жарыса колданылатынын байқадык. Мэселен, өзбек тілінде «Утмиш хужатларни сахлаш макама», кырғызша «ески документтерди сахтаун мекеме» деп жүр. Ал үш тілде: казак, неміс, моңғол тілдерінде архив атауының мағынасын бір сөзбен беру тэсілі тэнті етеді. Мысалы, казақтар мүрагат десе, моңғолдар мартах деп айтып та, жазып та жүр екен. Қазақ тіліндегі мүрағат атауы 1970 жылдарда баспасөзде қолданыла бастады. Ал 1990 жылдардан бастап ол архив сөзінің баламасы ретінде архив сөзімен қабаттаса кеңінен колданылып жүр.Ол жоқтан пайда болған сөз емес. Мүрагат сөзі - «тарихи мүра,мәдени мэні бар зат» немесе мүраны сақтау магынасында тіліміздің сөз түзеу заңдылыгына сэйкес жасалған. Бір сөзбен айтканда, мүрагат атауын қолдану барлық тілге тэн эр халықтың тіл байлыгын барынша пайдалану терминологиялык принңипіне кайшы келмейді. А. Байтүрсынов атындағы Тіл білімі институты галымдарының пікірі де осы. Осы жолдар авторының ұсынысы бойынша Қазақстан Үкіметі жанындағы Қазмемтерминком мүрағат атауын архив сөзімен алмастырып, мемлекеттік мэні бар аса маңызды қүжаттарға колдануга жол ашып берді.
Мұрағаттар бұл жеке өзіндік мекеме болып табылады. Мұрағаттарда кұжаттык материалдар, баспасөз материалдары, дерек құжаттары, мемлекеттік мекемелердің іс-кағаздары сақталады. Мұрағаттың міндеті - жалпы қоғамның ақпараттық талабына жауап беру. Басты міндет ұлттык бағалык кұндылыктарды сактау, тарихи сана ретінде қалыптастыру болып табылады.Құжаттар ең аса маңызды ақпарат көзі болып есептеледі. Құжаттык материалдар қайталанбайтын ерекше болып келеді. Мұрағат ол өмірдің бар саласын қамтитын мекемелер мен жеке адамның кұжаттарын сақтап, тіркеп, қабылдайтын ғылыми зерттеуші мекеме болып саналады. Сақтау бірлігі дегеніміз - құжаттың түрі немесе тағы бір белгісі бойынша жеке нөмірмен белгіленген сақтауға алынған кұжат.Іс деп бір фактіге немесе объектінің бір тақырып, мазмұны бойынша жинақталған құжаттар аталады. Іс басты «иниңиативалық» құжатпен ашылады, ал соңында «аяқталу» қүжатымен жабылады. Іс бірнеше құжаттан тұрады, олар хронологиялық кезеңділікте құрастырылады.«Кіріс» құжаттардың келген уақытын белгілейді, ал «шыгыс құжаттары» қашан құрастырылған уақытын белгілейді. Істің бастапқы жэне соңғы уақыты кұжаттың шеткі мерзімі деп аталады. Ол бір күнді немесе бірнеше жылды камтуы мүмкін.Мұрағат қоры дегеніміз - мемлекетпен сақтауға алынган, бірнеше жылдар бойы кұрастырылған құжаттардың кешені, мекемелердің құжаттары, жеке адамның өмірлік құжаттары, т.б. Мүрагат қорлары мекемелерде белгіленген жылдар бойы жинакталады. Мүрағат мекемесі мұрағат қорын арнайы тізіммен алып сақтауга, зерттеуге алады. Мұрағат көлемі сактауда тұрған сактау бірліктерімен есептеледі, ол бір сақтау бірлігінен, бірнеше жүз, мың бірлікке жетуі мүмкін.Мұрағат коллекңиясы дегеніміз - тақырыптық, практикалық немесе мәдени тарихи маңыздылығына сай бір комплекске біріккен құжаттар, олар фонд сыртында жинақталуы мүмкін.
59. Өлкетану мен республиканың Ескерткіштерін қорғау қоғамының өзара байланысын анықтаңыз.
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Ескерткіштер – ел тарихы немесе тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы, адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді. Осы бағыттағы халықаралық актілердің арасынан 1954 жылғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұраларды қорғау туралы», 1972 жылы ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы», 1988 жылғы Кеңес Одағының «Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы» конвенцияларын атауға болады.
Тәуелсіздік жылдарынан бастап қоғам мен мемлекеттің тарихи-мәдени мұраға деген көзқарасы өзгеріп, еліміздің өз заңнамасы қалыптасты, ЮНЕСКО, ICOMOS тәрізді халықаралық ұйымдармен ескерткіштерді қорғау саласында ынтымақтастық белсенді дамыды. Елімізде мұны қамтамасыз ету барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың адамгершілік борышы және Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңымен белгіленетін міндеті болып табылады. Заңнамада археология, ансамбль, қала құрылысы мен сәулет ескерткіштерімен қатар, ғимараттар мен құрылыстардың қасбетіне орналастырылатын, аса көрнекті тұлғалар және айрықша оқиғалар туралы ақпаратты қамтитын мемориалдық тақталар, сондай-ақ, аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументті өнер туындыларына (ескерткіштер, стелалар, бюстер) да ұғым беріліп, заңнамадан туындайтын нормативтік актілермен қағидалары бекітілген.
Жергілікті тұрғындар арасындағы көп кездесетін сұрақ болғандықтан монументті өнердің жаңа құрылыстары уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылатынын атап өткім келеді. Аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату арқылы мәңгі есте қалдыру аса көрнекті тұлғаның қайтыс болған немесе тарихи оқиғаның болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң жүзеге асырылады. Одан әрі монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату тәртібіне сәйкес тиісті жұмыстар жүзеге асырылады.
Археологиялық зерттеулерді заңсыз жүргізу жағдайларына келер болсақ, қазіргі таңда далалық жерлерде белгісіз кен іздеушілер немесе «қара археологтар» металл іздегіш радарлармен археологиялық ескерткіштерді қазып, талқандап кету жағдайлары көп кездеседі. Олардың әрекеті ескерткіштің мәдени қабатын жойып, сақталған құрылысын анықтауға нұқсан келтіреді, құнды жәдігерлердің қайтарымсыз жоғалуына әкеліп соғады. Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Парламент Мәжілісінде «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңының жаңа жобасы қаралып, мақұлданды. Жаңа заңда уәкілетті органмен археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жоспары жасақталып бекітіледі. Жоспардан тыс археологиялық қазба жұмыстары заңсыз болып табылады. Осы орайда, арнайы тексеру рейдтерін жүргізіп, кез келген күдікті деп танылған әрбір әрекет бақылауға алыну керек. Қылмыстық кодекстің 295-бабына сәйкес археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу бойынша тарихи-мәдени мұра объектісінде археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу – іздестірудің арнайы техникалық құралдарын (металл іздегіштер, радарлар, магниттік аспаптар, топырақ қабатында археологиялық заттардың болуын айқындауға мүмкіндік беретін басқа да техникалық құралдар) немесе жер қазатын машиналарды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе он мың, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Мәдени құндылықтардың тоналуы, олардың зақымдануы кез келген елдің, халықтың тарихы мен мәдениетінің күйреуіне, жойылуына алып келетіні белгілі.
60.Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының ерекшелігін айқындаңыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты мемлекет басшысының жарлығымен 1994 жылы Орталық мемлекеттік жаңарған тарих мұрағатының базасында ұйымдастырылған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарында мемлекет пен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени қызметінің жан-жақты қырлары көрініс табады. Аталған аса құнды қазынаның арасында, Қазақстанның жаңа саяси тарихы жөніндегі құжаттардың едәуір бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында ұқыпты сақталуда және нәтижелі пайдаланылу арқылы ерекше орын алады. Қазіргі таңда Мұрағат Қазақстан Республикасы Президенті мен оның әкімшілігінің, Ел басына тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-мұрағаттық қамтамасыз етудегі негізгі міндеттерін орындайтын қазіргі заманғы, технологиялармен жабдықталған кешен болып табылады. Бүгінгі кұнде Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында 1921-2010 жылға дейіңгі құжаттар сақталуда. Мұрағат 1974 жылы тұрпатты жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан, 8 мұрағат қоймалары мен қызметі жайлары бар. Мұрағат қоймаларының ұзындығы 29000 метр темір сөрелермен жарақталған, жасанды ішкі шағын ауа райын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерге және күзет-өртсөндіргіш дабылдар жүйесіне қосылған. 2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша мұрағатта 1918-2006 жыл аралығын қамтитын 740 мыңнан астам құжаттар сақталуды. Бұларды төменгідей құжат түрлерінен көруге болады:
қағаз негізінде 680 мыңға жуық құжат;
аудиовизуальдық құжаттамалар 10 мыңнан астам құжат;
аса құнды құжаттардың сақтандыру қорының көшірмелері 56 мыңға жуық құжат яғни 6 761 мың шағынфильм мен шағынфиша негативтердің кадрлары;
1 мың айналасында электронды тасымалдағыштағы құжаттар.
Сонымен мұнда Қазақстан Республикасы Президентінің түпнұсқа актілері, оның халықаралық конгресстерде, форумдар мен кездесулердегі сөйлеген сөздерінің мәтіндері сақталуда. Мемлекеттік органдардың құжаттары «Нұр Отан» ұлттық-демократиялық партиясы, Социалистік партиясы, Қазақстан ұлттық бірлік партиясы, «Әділет» Қазақстан ерікті тарихи-ағарту қоғамы сияқты саяси және қоғамдық ұйымдардың құжаттарымен толықтырылады. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің, және оларға дейінгі ұйымдардың қорларында социализм дәуіріндегі республика өміріндегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономика туралы көптеген ақпарат топтастырылған. Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы, тоталитарлық режимнің күштеп ұжымдастыру мен саяси қуғындау тарихы, өлкені индустрияландыру, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтарды Қазақстанға жер аудару, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы құжаттар ерекше назар аудартады.
Жеке тектік құжаттар
1998 жылдан бастап Мұрағат жеке текті құжаттарды жинауды бастады. Бұл ең алдымен – Қазақстанның саяси, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары. Қазір мемлекеттік сақтауға 51 жеке қорда 5000-ға жуық жеке адамдардың құжаттары сақталуда. Оның ішінде Қ.К.Тоқаев, М. Бейсебаев, М. Т. Оспанов, Ә. Т. Әлімжанов, М. Қ. Қозыбаев, Г.К.Бельгер, С. Қ. Құбашев, А. П. Рыбников, М. А. Жихарев, О. Батырбеков, З. С. Омарова, А. А. Алыбаев, М. И. Исиналиев тағы да басқа көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің құжаттары бар. Жеке текті қорлар бойынша анықтамалықтың бірінші және екінші басылымдары жарыққа шықты. Құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндетін атқару барысында, Мұрағат түрлі тасымалдаушы негіздегі құжаттардың материалдық негізінің физико-химиялық тұтастығы мен температурлық-ылғалды режимін қалыпты деңгейде ұстау жөніндегі алдын-алудың кешенді жұмыстарын жүзеге асырады. Мұрағаттың құрылған сәтінен бергі жылдарда 1 200 мыңнан астам құжаттардың парақтары қайта жаңғыртылды, 96 мың іс түптеліп тігілді, 11 мыңға жуық әлсіз жарықтағы және өшіп бара жатқан мәтіндер қалпына келтірілді. Ықшамдалған фиширлік кешенінде өте құнды құжаттардың және сонымен қатар Мұрағаттың оқу залында зерттеушілер пайдалану үшін 1 900 мыңнан астам кадр шағынфотокөшірмелер жасалды. Ұлттық мұрағат қорын ақпараты толық кешенді құнды құжаттармен толықтырылуына ерекше көңіл бөлінеді. Жинақтау көздері болып табылатын мекемелердің саны 1994 жылы 9 болса, 2010 жылы 36-ға дейін өсті, сонымен қатар жеке текті қор құжаттары 90 қор жасаушыға толықты.
61)Археологиялық барлау – тарихи көне ескерткіштерді зерттеу, орнын табу, ғылыми тұрғыда тіркеу.
1960 жылдары Қазақстанның археологиялық картасын жасау және 1980 жылдардағы тарихи ескерткіштердің жинағын құрастыру кезінде Қазақстан жерінде көптеген барлау жұмыстары жүргізілді. Археологиялық барлаудың негізгі ғылыми мақсаты – белгілі бір географиялық аудандағы көне замандарда өмір сүрген халықтардың тұрмысын, өнерін, діни нанымдарын зерттеп тексеруге қажетті материалдық деректерді іздеп табу, олардың топографиялық жобаларын жасау, суретке түсіру, типтерін тізімге алу, ескерткіштер мен жергілікті табиғи-ландшафтық жағдайлардың арасындағы байланысты анықтау, тағы басқа шаралар. Кейбір жағдайда археологиялық барлау жазба немесе басқа да деректер бойынша ескерткіштердің дәл орнын анықтау, олардың орналасу заңдылықтарын белгілеу мақсатымен де жүргізіледі.
Археологиялық барлау жүргізудің белгілі мерзімінде, алға қойған мақсатына байланысты көптеген әдістері бар. Мысалы, көне замандардың жер үстінде белгілері аз ескерткіштерін жазғытұрым және күз айларында тексеру нәтиже береді. Кейбір археология ескерткіштерді таңертең немесе түс қайта күн сәулесі жерге белгілі бір бұрышпен түсіп тұрғанда іздейді. Барлау кезінде жер бедері мен ескерткіштердің орналасуы арасындағы байланыс та ескеріледі. Мысалы, көне тас дәуірінің тұрақтары тек биік жерлерде, үңгірлерге, неолит дәуірінің тұрақтары – көлдер жағалауы мен бастау (қайнар) басында, қола дәуірінің қоныстары – суға жақын тау немесе төбелер мүйісіне таман, ал алғашқы темір дәуірінің ескерткіштері – малға қолайлы жерлерге орналасады. Археологиялық барлаудың негізгі әдістері – карта немесе аэроғарыштық суреттерді пайдалану арқылы геодезия, электрмагниттік, т.б. құралдар көмегімен тексеру. Соңғы кезде электрмагниттік негізде жасалған әр түрлі металл іздеуші құралдар пайдаланылуда.
62) Археологиялық карта
Археологиялық карта – белгілі бір аймақтағы археология, мәдени, ғұрыптық, тағы басқа ескерткіштердің орналасуына, пайда болған дәуіріне архитектураерекшеліктеріне, зерттелуіне жан-жақты ғылым сипаттама беретін арнаулы жинақ. археологиялық карта археология зерттеулердің барлау және қазба жұмыстарының қорытындылары бойынша жасалады. Осыған байланысты белгілі бір өңірдің археологиялық картасы сол өңірді археология тұрғыдан зерттеудің жай-күйін көрсетеді.
Археологиялық картаға енген ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынып, заңмен қорғалады. Қазақстандағы кейбір археология ескерткіштер 19 ғасырда әр түрлі археологиялық карталарға енген. Еліміздің археология ескерткіштерінің біртұтас археологиялық картасын жасау ісі 50-жылдары К.А.Ақышевтің жетекшілігімен басталып, 1960 жылы «Қазақстанның археология картасы» жинағы (орыс тілінде) баспадан шығарылды. Оны әзірлеуге көрнекті археолог-ғалымдар Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, А.Г.Максимова, Т.Н.Сенигова, А.М.Оразбаев, Г.И.Пацевич, М.К.Қадырбаев қатысқан. Жеке облыстар бойынша дәуір-дәуірімен жүйеленіп жасалған бұл археологиялық картаға 5 мыңнан астам ескерткіш енгізілген. Жинақ соңында библиография және география көрсеткіштер берілген. 20 ғасырдың 80-жылдары Қазақстанның әрбір аймағына арналған археологиялық карталар жасау қолға алынды.
Оның Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы ескерткіштерді қамтитын алғашқы томы «Свод памятников истории и культуры. Южно-Казахстанская область» деген атпен 1994 жылы баспадан шықты
63)Археологиялық экспедициялар
Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы – ежелгі дәуірден орта ғасырларға дейінгі уақыттағы ескерткіштерді зерттеген экспедиция. 1948 – 51 ж. ауылы Н. Бернштам, 1953 – 59 ж. Е.И. Агеева басқарған. ауылы Н. Бернштам Сырдария, Арыс, Келес өзенінен Ташкент шұраттарына, солтүстіктете Шу өзеніне дейінгі аймақта барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көптеген обалар мен қоныстар, қалашықтар орны анықталып, жобалары қағазға түсірілді. Барлау жұмыстарынан басқа Қандытоғай, Бөржар, Тамды, Шегенексай, т.б. қорымдарына, сондай-ақ Ақтөбе, Алтынтөбе, Тарсатөбе, Мардан-Күйік, Пышақшытөбе, Құйрықтөбе,т.б. қалашықтарда ішінара қазба жұмыстары жүргізілді. Е.И. Агеева Қаратаудың солтүстік беткейінде отырықшы мәдениетті зерттеді. Негізгі зерттеу нысаны ретінде Бабаата қалашығы таңдап алынды. Мұндағы жүргізілген қазба жұмыстары ескерткіштің даму генезисін анықтауға мүмкіндік берді. Бабаата қаласында ауыл энциклопедиясының ізденістері нәтижесінде алынған мәліметтердің отандық тарихтың ежелгі және ерте орта ғасырлардағы беттерін толымды түрде сипаттауда маңызы зор болды. Автохтонды ежелгі тұрғындардың өндіргіш күштерінің дамуын, көшпелі және отырықшы тайпалардың өзара мәдени байланысын көрсетіп берді.Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, төменгі палеолит ескерткіштерінен бастап ортағасырлық қалалар өркениеті ошақтарын зерттеді. Ол 1946 жылы ҚР ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында құрылған. Жетекшілері: 1946 – 75 жылдары – Ә.Марғұлан, 1976 – 81 жылдары – М.Қадырбаев, 1982 – 85 жылдары – Ж.Құрманқұлов, 1986 – 89 жылдары – С.Ақынжанов болды, 1990 жылдан – Ж.Құрманқұлов. Экспедиция Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы деп аталғанымен, Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс атқарды.
64) Археология ғылымының тарихы
Адам қоғамының қалыптасып дамуы жайлы бiз тарихи деректердi зерттеу арқылы танып, бiлемiз. Дерек болып адамзаттың өткен тарихынан мысқалдай болсада мәлiмет беретiн кез келген зат есептеледi. Тарих ғылымында деректердi үлкен – үлкен екi топқа бөлiп қарастыру қалыптасқан. Оның бiрiншiсi жазба, екiншiсi заттай деректер. Археология екiншi топқа жататын заттай деректердi зерттеумен айналысады. Заттай дерек болып, қайсы бiр заманда адам баласының қолынан шыққан кез келген бұйым саналады. Заттай деректер атқарған қызметiне қарай еңбек құралдары, қару – жарақтар, тұрмыстық заттар болып топтастырылады. Осындай танымдық деректерден басқа, ғылымда археологиялық ескерткiштер деген түсiнiкте бар.Археология ғылымының өзiнiң зерттеу объектiсi мен деректердi жинақтау және зерттеуде өзiне ғана тән тәсiлi бар. Осы тұрғыдан алғанда археология жеке ғылым болып есептеледi. Дегенмен тарих пен археологияның мақсат, мiндеттерi бiр және бiртұтас ғылым екендiгiн ұмытуға болмайды. Олардың айырмашылығы зерттеу деректерi мен оларды қолдану әдiстерiнде. Археология тарих секiлдi адам тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiн қамтымайды, ол алғашқы қоғам тарихын зерттеуге негiзгi, ал құлдық және феодалдық қоғамдар жайлы қосымша материалдар бередi. Олай болса археологияның адамзат iлiмi жүйесiндегi алатын орны орасан зор. Ең алдымен ол адамзат тарихының мерзiмдiк шеңберiн кеңейттi. Жазба деректер адам қоғамының 5 мың жылдық тарихын, яғни таптық қоғамның қалыптасып, дамуынан берi қарайғы кезеңдi зерттеуге көмектессе, археологиялық деректердi пайдалану ешқандай жазба дерегi жоқ, таптар қалыптасқанға дейiнгi қоғамның тарихын қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Осылайша археология тарихтың мерзiмдiк шеңберiн 2 млн. жылдан астам уақытқа ұзартып, адамзат өркениетiнiң басталуына дейiн жеткiздi.
Кеңес үкiметi кезiнде археологияға ерекше мән берiлiп, оның тарих ғылымының дамуындағы ролi жоғары бағаланды. Археологияның жеке ғылым ретiнде қалыптасып, одан әрi дамуына көп жағдай жасалды. Тарихи мұралар мен археологиялық жәдiгерлердi табиғи апаттар мен кездейсоқ бұзылыстардан қоғау және зерттеу туралы заң шығарылды. Кеңес кезiнде жүргiзiлген игi iстер бұл күнде дұрыс жалғасын таппай отыр. Елiмiздiң кең байтақ территориясы археологиялық ескерткiштерге өте бай. Олардың көпшiлiгi шаруашылық жұмыстарын жүргiзу барысында бүлiнiп, жойылып кету қаупi тууда. Сондықтан тарих пәнiнiң болашақ мұғәлiмдерi мен оқытушылары археологиялық ескерткiштердiң мемлекеттiң меншiгiндегi тарихи, мәдени мұра ретiнде заң жолымен қорғалып, оның бұзылуы мен жойылуына жол берген кiсi, немесе мекемелер (заңды тұлғалар) заң алдында жауап беретiндiгiн бiлгенi абзал.
Археологиялық ескерткiштердi қазып, зерттеуге арнайы рұқсат қағазы бар мамандар ғана құқылы. Өз бетiмен, ешқандай арнайы рұқсатсыз қазба жүргiзген кез келген жеке тұлға, немесе мекеме «тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану» заңына сай жауапқа тартылады. Сондықтан мектептер мен оның мұғәлiмдерiнiң iс — әрекетi жас ұрпақты археологиялық ескерткiштердi танып, бiлiп оларды қорғауға тәрбиелеуге бағытталуы тиiс.
Археологиялық зерттеулер үш кезеңнен тұрады. Бiрiншiсi, археологиялық барлау, яғни ескерткiштердi iздеп тауып, мемлекеттiк есепке алу, қорғау. Екiншi, археологиялық ескерткiштерде қазба жүргiзу және қазбадан табылған заттарды лобораториялық зерттеуден өткiзу. Қазбадан табылған заттар арнайы лобораториялық өңдеуден өткеннен кейiн ғана толыққанды дерек болып саналады. Олардың атқарған қызметiн, құрылымын және материалын басқа заттармен байланысын зерттеу барысында әртүрлi зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылады. Үшiншi, зерттеу нәтижесiне сай ежелгi адамдардың тұрмыс – тiршiлiгiнiң қалыптасып, дамуындағы қайшылықтар мен заңдылықтар жайлы арнайы ғылыми мақалалар мен кiтаптар жазу. Соңғы кезең арнайы кабинеттер мен кiтапханаларда, архивтерде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |