1. Тарихи-мәдени ескерткіштердің сипатын нақты ашып көрсетіңіз


-1990 жылдардағы Қазақстандағы тарихи өлкетанудың жағдайына баға беріңіз



бет24/39
Дата13.09.2022
өлшемі185,78 Kb.
#38951
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Өлкетану жауап нов (копия)

41. 1940-1990 жылдардағы Қазақстандағы тарихи өлкетанудың жағдайына баға беріңіз.
Согыстан кейінгі жылдардағы өлкетану жүмысы көтерілуі 1945 жылы ҚазКСР ҒА-ның Ш.М. Уәлиханов атындағы тарих, археология жэне этнография институтының қүрылуымен байланысты. 1949 жылы КСРО ҒА-ның этнография институты ҚазКСР ҒА-ның ТАЭИ және республиканың түрлі аймагына ғылыми, оның ішінде өлкетанулык материалдар жинайтын орталық музеймен бірлескен экспедиция үйымдастырылды. Оның мақсаты жэне коп кырлы зерттеменің фундаменттік ағымы - республиканың көп үлтты халықтарының мэдениеті мен түрмысын зерттеу болып табылады. 1950-1960 жылдар арасындағы Қазақстан аймактарындағы экспедициялық зерттеулер көптеп үйымдастырылды. Қазақстанның тарихи-этнографиялық атласын дайындау кезінде белгілі бір тарихи кезеңмен байланыстырылған этнографиялық, археологиялық, антропологиялық, өлкетанулық, терминологиялық, диалектикалық альбом суреттер, типологиялық кестелер мен карталар пайдаланылды. Қазақстанның тарихи-этнографиялық атласын даярлау материалдық мэдениет (шаруашылық,орналасуы мен үйі, киім мен сәндік бүйымдары, тагам мен жиһазы, көлік пен козгалыс күралы), халыктың көркем өнері жайында экспедиңиялық жүмыс кезінде жинақталган мэліметтер қазақ этносының мэдениеті мен түрмысының этно-дифференциалды белгісін ашатын зерттеулер айналымын қүруга негізгі бастау базасы болды. Қазак колхоз ауылдарының сол кездегі түрмысын (Көкшетау облысын) Г.Н. Уәлиханов жэне (Батыс Қазақстан облысын) В.В. Востров 1950-1952 жылдары зерттеді. Республика жэне оның аймақтарында өлкетанулык когамның 1960-1980 жылдары аралыгындагы негізгі жүмыс багыттары мен атқаратын қызметтері гылыми багдарлама негізінде жүргізілді. Өлкетанулық зерттеулердің дамуына отандык тарихшылар мен этногрофтардың косқан үлесі зор. ҚазКСР ҒА-ның тарих археология жэне этнография институты үжымының «Культура и быт казахского колхозного аула» монографиясы (1965), В.В. Востров мен Х.А. Кауанованың «Материальная культура казахского народа на современном этапе» монографиясы (1972), М.С. Мүкановтың «Казахская юрта» (1981), Ә.Х. Маргүланның 3 томдық «Казахское народное прикладное искусство» (1986-1994), В.В. Востров, И.В. Захарованың «Казахское народное жилище» (1989) және т.б. гылыми еңбектері жарык көрді. 1973 жылы Кеңес Одагы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мэдениетін, табигатын зерттеп білуге катысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар үйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жүмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-олкетану музейлері, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер қүрылды. Қазақстан тэуелсіздік алганнан бері жергілікті жерлердегі олкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бүрынгы жер-су атауларының шыгу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мүраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді коргауга алу ісі қолга алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан өлкетану музейлері жұмыс істейді. Қазақстанның эр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспедицияларын үйымдастыру да ілгері дамуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет