37. Императорлық Орыс географиялық қоғамының Семей және Жетісу бөлімшелерінің жұмысының қайта жандануын анықтаңыз. Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі ресми түрде 1902 жылдың 13 сәуірінде қоғамдық мәжіліс үйінде көпшіліктің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, онда Комитет секретары Н.Я.Коншин сөз сөйлеп, комитет мүшесі Ф.К.Зобнин «О рабстве в киргизской степи» деген баяндамасын оқыды.
Негізінде, оны ашу мәселесі 1898 жылы қозғалған болатын. Статистикалық комитеттің хатшысы болтан Н.Я.Коншин «Семей облыстық ведомствосы» газетіне осы облыстың аса бай табиғи байлығын, археологиялық, архивтік, этнографиялық тарихын зерттеуде географиялық қоғам бөлімін ашу өте қажеттігін айтып, мақала жариялайды. Бұл мақалаға Семей облыстық әскери губернаторы А.Ф.Карпов көңіл бөліп, бөлімше ашу жөнінде Орыс Географиялық қоғамының вице-президенті П.Семеновқа хат жолдап, көмек сұрайды.
1902 жылдың 21 ақпанында әскери губернатор А.Ф.Карпов Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің төрағасына Семейде бөлімше ашу туралы тағы да өтініш түсіреді. Бөлімшенің ең алғашқы төрағалық қызметін Н.Ф.Ницкевич, ал іс жұмысын Н.Я.Коншин басқарады. Бұл бөлімнің ашылуына жергілікті оқымысты ғалымдармен қатар Семейге жер аударылып келген Е.П.Михаэлис, С.С.Гросс, А.Л.Блэк, А.А.Леонтьев белсене атсалысып, зерттеулер жүргізіп, тамаша құнды материалдар жинап, ғылыми еңбектер, мақалалар жазады. Бөлім Семей облысындағы ең алғашқы өлкетану орталығы болып, өлкеде географиялық, археологиялық, геологиялық, тарихи, статистикалық зерттеулер жүргізіп ғылым саласын аса құнды мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Алғашқы жылдары қоғам бөлімінде оқымысты ғалымдардың қатары аз, әрі қаражат мәселесі де қиындау болды. Бөлімшені үйымдастырушылардың бірі Коншин Н. бөлімнің іс жұмыстарын басқара отырып, мұрағат ісін де қолға алады. Оның қажырлы еңбегінің арқасында дала өлкесінің тарихы, әкімшіліктің саяси жер аудару тарихы жөнінде құнды деректер жинақталады. Бөлімше ғылыми кітапхана ашуда да көп жұмыстар атқарды.Географиялық қоғамның Семей бөлімшесіне мүше болған В.Ф.Семенов, Ф.Н.Педашенко, В.Бенкевич, Ф.К.Злобин өлкенің географиялық жағдайы, осы жерлерге орыс шаруаларының қоныстанып, егіншілікпен айналысуы, әр түрлі пайдалы қазбалары, ежелгі тарихи ескерткіштер, мал шаруашылығы жөнінде зерттеулер жүргізіп, ғылыми еңбектер жазады. Бөлімшеге қазақ зиялылары да мүше болады. Мәселен, Р.Мәрсеков, Н.Құлжанова, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов т.б. бөлімше жұмысына белсене араласады. Әлихан Бөкейханов Абайдың көзі тірісінде оның ақындық шеберлігін жоғары бағалап, Ресей Географиялық қоғамы шығарған кітапқа енгізеді. Абай қайтыс болғаннан кейін де Семей географиялық бөлімі шығарған «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского Императорского русского географического общества» кітабының III шығарылымында басылады.Заңгер Ақбаев Ж. қазақтардың некелесу зандылықтары туралы бөлімше кітапшасының 3-шығарылымына жариялайды. Бөлімше мүшелерінің саны жылдан-жылға артып, 1913 жылы 140 мүшесі болған.
ХХ ғасырдың басында құрылған бұл қоғамның Семей өңірін зерттеуде сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.