76. Қытай зерттеушілерінің тарихи-өлкетанулық деректері.
Түркістанның, Қазақстанның жэне Орта Азияның жағдайы туралы мәліметтер қытай деректерімен толыға түседі. Халыктар мен тайпалар, олардың өмір сүру салты, қытай елшілерінің, саудагерлерінің, саяхатшыларының, қолбасшыларының саяси жэне коғамдық қүрылымдары жайлы жан-жақты мағлұматтар жинағы өлке тарихы бойынша маңызды дерек болып табылады.
Қытай шекарасын мекендеген б.з.д. IҮ-ІІІ ғасырлардағы сюнну (хундар немесе ғұндар) жэне дунху тайпалары туралы алгашқы мэліметтер кездеседі. Б.з.д. I г.-б.з. I ғасырда Қазакстан мен Орта Азияның аумағына ғұндардың жаппай енуі жайлы ақпараттар мол. Чжан Цанның (б.з.д. II ғ.) үйсіндер мемлекеті, үйсін иелігінің орталыгы - Іле аңғары, үйсіндердің тоғаны - Ыстықкөл ауданындағы Чиғучэне туралы (Қызыл аңғар қаласы) хабарламалары бізге әбден мэлім. Чигучэне «¥лы жібек» жолындағы едәуір саяси орталығы жэне маңызды сауда пункті болып табылганын осыдан білеміз.Орта Азия мен Қазақстан халықтары туралы көбірек жэне қүнды мәліметтерден түратын династиялық оқигалар, Сыма Цянның (б.з.д. 145-86) «Тарихи хаттары» (Шицзи), әсіресе «Сюнну туралы эңгімелер» жэне «Давани туралы әңгімелер» тараулары, Хан императорлары мен қолбасшыларының биографиялық сипаттамаларындағы Ортапық Азияның иеліктері, олардың өзара жэне Қытаймен карым-қатынастары туралы мәліметтер өте қүнды.
Б.з.д. I ғасырда Бань Гу жазып бастаған, бірақ оның ғалым әпкесі Бань Чжаоның аяқтаган «Ерте Ханның тарихы» жазбасы тағы бар. «Батыс өлке туралы әңгіме» деп аталатын арнайы тарауында қытайларға жаңадан ашылған тарихи-географиялық аймақ көрсетілген. Хроникада Хань империясынан Орта Азияға апаратын негізгі жолдар келтірілген, оның халықтары мен тайпалары, экономикалық жэне әскери жагдайы, қалалары мен саудасы баяндалган. Бүл Давань, үйсін, қаңлы жэне Чюнну иеліктері туралы, оның ішінде Тянь-Шаньның солтүстік-батысындағы Чжичжи сюнн шанью иелігі туралы мәліметтерге де қатысты.
Қытай империясының кейінгі кезеңдеріндегі жазба дереккөздерінде үйсіндер туралы үзінді мағлүматтар, мысалы, «Юаньвай династиясының тарихында» (Бэйшу), «Ляо тарихында» (Ляоши), Тайңзун императорының хроникасында (X ғ.) Тан династиясы кезеңіндегі хроникалары бар. Сюань Цзанның (664-696) Орта Азия аркылы Үндістанга жасаған саяхатына бағышталған «¥лы Тан династиясы кезіндегі батыс өлкесі туралы хаттары» Суябтың, Невакеттің, Таластың, түрлі түрік тайпаларының сипаттамалары берілген.
Қытай бытыраңқылыгы кезеңіндегі бірнеше автор жазған «Тан династиясының көне тарихы» (Цзю Таншу), Қытайдың көрнекті ғалымы эрі ақыны Суян Со бастаған авторлар үжымынан кұрылған Сун дэуіріндегі (1043- 1060) «Танның жаңа тарихы» (Синь таншу) тагы бір маңызды дерек саналады.
Батыс түріктері, түргештер, Батыс Түрік жэне Түргеш кағанатының қүрылуы жэне олардың күйреуі; қарлүқтар, олардың Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіне таралуы; Шығыс Түркістан, Жетісу, Шу, Талас өзендері, Ыстыккөл көлі жағалауларындағы калалар туралы мәліметтер келтіріледі.
Шыңғысхан баскарып түрган кездегі (1220-1224) Солтүстік Қытайдан Орталык Азияга «Әділетті Чан Чунның Батысқа саяхаты туралы хаттарда» Жетісу, Шу жэне Талас аңгарларлары арқылы өтетін жолдар сипатталған.
Шыңғысханның Орта Азия мен Оңтүстік Қазакстанға жорықтарына ілесіп жүрген Елюй Чуцайдыц «Батысқа саяхаттың сипаттамасы», «Мин династиясының тарихы», «Мин династиясы басқаруының шынайы хаттары», «Мин империясының біріккен шолулары» деген тарихи қүжаттар ерекше мэнді болып келеді.
Дереккоздердің басқа түрлері Н.Я. Бичуриннің «Орта Азияны ежелгі уақытта мекен еткен халықтар туралы мэліметтер жинағы», Н.В. Кюнердің «Оңтүстік Сібір, Орталык Азия мен Қиыр Шығыс халықтары туралы қытай ақпараттары» деген жинақтарга түңғыш рет жүйеленіп ғылыми талдау жасалған еді.
77. Орта ғасырлық шығыс зерттеушілерінің тарихи-өлкетанулық деректері.
Жазба деректерге кыскаша шолу жасай отырып, нарративті
ортагасырлык Шыгыс, орыс жэне Батыс деректерінің көп бөлігі гылыми айналымга енген деп корытынды шыгаруга болады.
Шыгыс авторларының еңбектеріндегі Қазакстанга катысты тарихи материалдар озара байланыссыздыгымен сипатталады. Онда
саяси тарих, ондагы тайпалардың, хапыктар мен билеушілердің
көрші елдермен карым-катынасы тарихы жайлы мэліметтер берілген. Ал этникалық қүрамы, шаруашылык түрі, рухани жэне
материалдык мәдениеттілігіне қатысты мэліметтер үзінді түрінде
келтірілген. Шыгыс деректеріндегі мэліметтер батысеуропалық,
кейіннен орыс саяхаттанушылардың, елшілерінің, галымдарының жаңалықтарымен, сонымен қатар орыс жылнамалары мен мүрагаттарындагы мэліметтермен толықтырылады
78. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы.
Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды. Оны жұлдыз құрт немесе тұт жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атағанЖібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, оны өндірудің тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың шашының арасына жасырып алып шықса керек. Содан жібек өндіру біздің заманымыздың алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде де жүзеге аса бастаған. Соғдылықтарда жібек өндірудің дамығаны сонша,олар жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында олардың сауда орындары ашылды. Жібек жолының соңғы нүктесі— Жапонияның ертедегі астанасы Нарга қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі—- ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақтаулы тұруы. Сол сияқты жібек өндіру жапон елінде, Кавказ жерінде де жандана бастаған. Сөйтіп, Ұлы жібек жолының бойындағы сауданың дамуының арқасынде бүкіл дүниежүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылықтың түрлері дами бастады.Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. Жібек матасы қытай жерінде б.з.д. 2750 жылы жасалған. Ал оның сауда жолына шығарылып сатыла бастағаны немесе айырбас саудаға түскен мерзімі б.з.д. V-ІІ ғасырлардың аралығы
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады.Оңтүстік бағыт Ферғана,Самарқанд,Иран, Ирак,Сирия, Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстандағы Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінеді. Біреуі Орталық Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен Батыс Қазақстанға шығып, Қара теңізді солтүстік-шығыс жағынан айналып,Еуропаға қарай бағыт алған. Алайда бұл көрсетілген бағыттар тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ та мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.
Ұлы Жібек жолындағы сауданың шаруашылықтың дамуына тигізген әсері
Б.з.д . І ғасырдың ортасында алғаш рет Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Бұған іле-шала Қытайға, Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орталық Азиядағы елдерден әртүрлі тауарлар ағыла бастады. Халықаралық саудаға Орталық Азияның атақты асыл тұқымды аттары, Шығыс елдерінің пілдер мен мүйізтұмсық сияқты жануарлары, барыс пен арыстандар, аң аулауға қажетті құстар сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар түсе бастаған.Ұлы Жібек жолының халықаралық мәдениеттің дамуына тигізген әсері. Сауда кезіндежол бойындағы елдер бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың барысында өздеріне тек тұтыну бұйымдарымен қанағаттандырып қана қоймайды. Олар өзара мәдени жағынан да байланысқа түсті. Сауда кезінде сатылатын бұйымдардың өте тамаша,сәнді жасалуы— алушылардың мерейін көтеріп,жақсы нәрседен адамның жан дүниесі бір ләззат алатынын көрсетті. Жібек жолының бойындағы мәдени байланыс әсіресе музыка саласында ерекше байқалады.
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынастағы тарихи маңызы
Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана пайдасын тигізіп қойған жоқ,ол Шығыс пен Батыс елднрінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да әсерін тигізді. Ұлы Жібек жолының жандана бастаған кезі б.з.д. ІІ ғасырдың ортасы. Қытай императоры У Ди 138 жылы Батыс елдеріне аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған, осы кезден бастап Қазақстан, Орталық Азияны басып, Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шығып, керісінше батыстағы елдерден Қытайға қарай елшіліктер ағыла бастаған.
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тармақтары.
Қазақ жері Батыс пен Шығысты қосып жатқан орталық болды.Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу жері –Шығысқа шығатын негізгі қақпаға айналды.Жетісу жерінен шығысқа қарай Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған. Оны, біріншіден, Жетісу аумағындағы ортағасырлық қалардың орналасуынан, екіншіден,бұл аймақтағы кейінгі орта ғасырлардағы қазақ қыстауларының орналасуынан байқаймыз.
79. Орта ортағасырлық сәулет өнері ерекшеліктері.
Сәулет өнері орта ғасырлардағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мешіттер көптеп салынып. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХІІ ғасырларда ислам дінінің кең қанат жаюы үлкен әсер етті. Ислам дінінің енуіне байланысты бірнеше діни құрылыстар салынып кесенелер тұрғызылды. Оларды атап айтар болсақ:
— Бабаша хатун кесенесі — бұл кесене Х-ХІ ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан.
— Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған. Кесене Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Төбесі күмбезделген, әсем ою-өрнектермен безендірілген бағаналары бар. Бұл кесене-Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы.
— Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің туындысы. Ол Тараз қаласының маңында орналасқан. ХХ ғасырдың басында бұл кесенеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде кесененің бұрынғы жобасы, ою-өрнектері өшіп кеткен.
— Сырлытам кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Ғимараттың күйдірілген кірпіштен салынған күмбезі бар.
Арыстан баб кесенесі
— Арыстан баб кесенесі — Отырар қаласының батыс жағында 3 шақырым жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Кесенеде 2 бөлме бар. Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстан баб VІІ-VІІІ ғасырларда өмір сүрген. Қожа Ахмет Йассауидің рухани ұстазы болған. ХІV ғасырда құлап қалған күмбезді Әмір-Темір қайта салғызды. ХІХ ғасырда кесене бірнеше рет жөндеуден өткен.
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
— Қожа Ахмет Йассауи кесенесі — ХІV- ХV ғасырлар аралығында Әмір-Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Ол ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын. Кесене Түркістан қаласының дәл ортасында салынған.Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар да ірі сәулет өнері ескерткіштеріне жатады. Мысалы, Отырар моншасы-ХІ ғасырда салынған ірі ескерткіш.ХІІІ ғасырда Монғол шапқыншылығы сәулет өнерінің дамуына үлкен нұқсан келтірді. ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалалық отырықшылық мәдениеттің жандана бастауының нәтижесінде ХІV- ХV ғасырларда ірі сәулет құрылыс жүйелері салына бастады.
80. ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің өлкетанулық жұмыстары.
Қазақстанда алғашқы музейлер Орыс география қогамының болімшелерімен ашылған. Орыс география қоғамының Орынбор бөлімшесінің мүшелері Ы. Алтынсарин, Карелин, агайынды Плотниковтар, Дауылбаев болған. Олар Мэскеу, Санкт-Петербург жэне
Қазан бөлімшелерімен тығыз байланыс жасаған. Олардың алдына койған максат: «статистикалык, географиялық жэне этнографиялық мәліметтерді жинау, өңдеу жэне тарату». Ол үшін түрлі
гылыми эксиедиңиялар, жергілікті статистикалык комитеттер жэне өлкетанушылар қоғамы жинаган мэліметтерді өңдейтін, сақтайтын, бір жүйеге келтіретін, көпшілікке көрсететін орын қажет
болды. Ондай орын, әрине, музей еді.
Әйгілі қазақ ағартушысы, демократ Ы. Алтынсариннің «Орынбор ведомствосындағы кыргыздардың үйлендіру тойы жэне қүда түсу салты» мен «Орынбор ведомствосындагы қырғыздардың
өлікті шығару жэне ас беру салты» сияқты өлкетану-этнографиялық зерттеулері жарық көрді.
А.Е. Қайназарованың мәліметтері бойынша 1913 жылға дейін
Қазақстанда орынборлық, семейлік, жетісулық, оралдық жэне верныйлык сияқты музейлер болган.
Бүкіл қазақ жерінің элі игерілмеген орасан зор табиғи байлыктарын түрлі себепке орай элсіреген Ресей экономикасы өз
жагдайын көтеруге барынша пайдалану мақсатында Қазақстанды зерттеуге патша окіметі сан алуан ғылыми экпедиңия үйымдастырды. Олардың арасында Орыс ғылым академиясының
Географиялық қоғамы, қоныс аудару басқармасы, статистикалык комитеттер, т.б. мекемелер мен үйымдар жіберген экпедиңиялардың жекелегендері қазақ халқының тарихы, түрмысы
мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жайында коптеген құнды мәлімет жинастырды.
XIX гасырдың екінші жартысында Орынбор, Омбы жэне
Ташкент калалары қазақ даласын зерттейтін гылыми орталықтарға айналды.
4.1. Өлкетану зерттеулеріндегі м\ зейлердін рөлі 99
1857-1862 жылдар аралығында Орынборда жергілікті ғалымдар жинастырған казақтың ұлттык ерекшеліктерін, өлкесі тарихын бейнелейтін жэдігерлер Мәскеу мен Қазан каласы музейлеріне жіберіліи, олар көрме болімдерінен өзіндік ерекше орындарга
ие болды. Сөйтіп, халкымыздың жоғары мәдени кұндылыктары
Санкт-Петербург сияқты калалардың музейлерінің корларлын толыктырып, сол музейлерде осы күнге дейін калып отыр.
1831 жылы Неплюев эскери училищесі жанынан Орынбор
губерниялық музейі ашылды. XXI ғасыр басында республикамыздағы музейлер саны 88-ге жетсе, ол 1913 жылы небары
3, 1927 жылы 6, 1937 жылы 19, 1939 жылы 25 жэне 1970 жылы 29 болған еді. Олардың көбі тарихи-өлкетанулык, мемориалдык жэне тарихи-революңиялык болып, негізгі мәселесі түргындарды коммунистік идеологияға тәрбиелену максатында жүмыс
жүргізген-ді.
Елімізде музей кызметкерлерінің күрамын жаксарту максатында Қазак мемлекеттік университетінде 1981 жылдан бастап,
оны бітірушілер облыстык мәдениет баскармаларының сүраныстары бойынша музейлерге жүмыс істеуге жіберіліп отырды.
Қазақстанның бірінші музейі 1831 жылы Орынбор губернаторы граф Сухтеленнің ынтасымен күрылган. Бірак негізінде оның
басты ұйымдастырушысы белгілі орыс ғалымы В.И. Даль болған.
1878 ж. Омбы музейінің ашылуы. Оның ашылуына И.Ф. Бабков, Г.Е Катанаев, М.В. Певңов, И.Я. Словңов, Н.М. Ядринңевтер
сияқты көрнекті ғалымдар, саяхатшылар, Сібір мен Ішкі Азияны
зерттеген мамандар болды. Осыган байланысты тек қана бөлімнің ашылуына емес, сонымен қатар музейдің қалыптасуына озінің зор ықпалын Батыс-Сібір генерал-губернаторы Н.Г. Казнаков
көрсетті. 1878-1881 ж. Музейдің бастапқы коллекңиялары Орыс
Географиялык когамының Батыс Сібір бөлімінің ел арасынан жинаған коллекңиялары мен басқа да меңенаттардың берген көмектерімен жиналды.
Дэрежесі бойынша екінші орында семейлік музей тұрған. Ол
1883 жылы 11 қыркүйекте Абай Құнанбаевтың бастамасымен
Е.П. Михаэлиспен қүрылған.
100 IV тарау. Қазакстанның тарихи өлкетануын зерттеудегі
Орал өлкетану музейі жайлы алғашқы мәлімет 1831 жылы
атап өтілген. Оны жергілікті мұгалім Курилин ашқан, сол кішкене ғана музейдің негізінде 1870 жылы Орал әскери училищесі
жанынан жаңа экспозиция ашылган. 1889 жылы музейде этнографиялық жэне археологиялық коллекциясы айтарлыктай үлкен
көлемде болган. Ал Орал аймақгық музей осы музейдің негізінде 1920 жылы ашылады. Осы жылдан бастап музейге тарихи, этнографиялық, археологиялық, қазақтардың түрмысы, мәдениеті
жайлы коптеген материал жинала бастайды.
Кеңес окіметі кезінде 1976 жылы музейлер саны 39-ға жетті,
Кеңес өкіметінің Азия болігіндегі саны бойынша бірінші орында
болган.
Қазақстанда егемендік алгалы музей ісі дамуда. Жаңа формалар, мысалы, жеке меншік коллекциялардың пайда болуда, жаңа
түрлері ашылуда, мысалы, Семей қаласында прокуратура тарихы
музейі, т.б.
Тақырыптың хронологиялық шеңберінде Семей музейінің жүмысына тоқталып өту қажет, ойткені оның жүмысы Орыс географиялық қоғамымен көп дэрежеде байланысты. Музейдің өзі
1883 жылы облыстық, статистика комитетінің ағартушылық жүмысы шеңберінде пайда болдьі. 1893 жылы ол бастауыш білім туралы Қамқоршылық қоғамына берілді. 1902 жылы музейді Семей
бөлімшесі қабылдап алды. К. Рычков атап өткендей: «Бөлімше
музейді тэртіпке келтірді, бар заттар көрме қоры тізіміне топтастырылып, өз кезегінде, олар бес бөлімге бөлінді». Бүл музейге
жүрттың келуіне игі әсер етті,- егер 1893-1894 жылдарда музейге
163 адам келсе, 1903 жылдан бастап оған келушілер күрт өсіп,
1913 жылы 720 адамнан 2873 адамға дейін жетеді. Музейдің жүмысына қоғам мүшелері Н.Я. Коншин, В.Н. жэне А.Н. Белослюдовтер, И.Е. Мирошнеченко жэне басқалар белсене қатысты.
Сонымен бірге казақтардың этнографиялык өмірін зерттеуге, бүлардың аумагына да зор коңіл бөлді. Мэселен, Ресейдегі бёлгілі
Дашков музейінде А.П. Федченкодан алынаган Түркістан өлкесі
заттарының көрме жиынтығы болды, оған А.Н. жэне Н.М. Харузиндердің қайырымдылық сыйлықтары түсті.
81. ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатының тарихи өлкетанулық жұмыстары. Мүрагат дегеніміз -
архив. Ал Архив - грек сөзі. Оның мағынасы ескі деген үгымды
білдіреді. Түрлі халыктар тілдерінің сөздіктерін карай отырып,
архив сөзі оларда өз тілдеріндегі баламалармен жарыса колданылатынын байқадык. Мэселен, өзбек тілінде «Утмиш хужатларни
сахлаш макама», кырғызша «ески документтерди сахтаун мекеме» деп жүр. Ал үш тілде: казак, неміс, моңғол тілдерінде архив
атауының мағынасын бір сөзбен беру тэсілі тэнті етеді. Мысалы,
казақтар мүрагат десе, моңғолдар мартах деп айтып та, жазып та
жүр екен. Қазақ тіліндегі мүрағат атауы 1970 жылдарда баспасөзде қолданыла бастады. Ал 1990 жылдардан бастап ол архив сөзінің баламасы ретінде архив сөзімен қабаттаса кеңінен колданылып жүр. Ол жоқтан пайда болған сөз емес. Мүрагат сөзі - «тарихи мүра, мәдени мэні бар зат» немесе мүраны сақтау магынасында тіліміздің сөз түзеу заңдылыгына сэйкес жасалған. Бір сөзбен
айтканда, мүрагат атауын қолдану барлық тілге тэн эр халықтың
тіл байлыгын барынша пайдалану терминологиялык принңипіне
кайшы келмейді. А. Байтүрсынов атындағы Тіл білімі институты
галымдарының пікірі де осы. Осы жолдар авторының ұсынысы
бойынша Қазақстан Үкіметі жанындағы Қазмемтерминком мүрағат атауын архив сөзімен алмастырып, мемлекеттік мэні бар аса
маңызды қүжаттарға колдануга жол ашып берді.
104 IV тарау. Қазакстанның тарихи өлкетануын зертте>дегі
Мұрағаттар бұл жеке өзіндік мекеме болып табылады. Мұрағаттарда кұжаттык материалдар, баспасөз материалдары, дерек
құжаттары, мемлекеттік мекемелердің іс-кағаздары сақталады.
Мұрағаттың міндеті - жалпы қоғамның ақпараттық талабына
жауап беру. Басты міндет ұлттык бағалык кұндылыктарды сактау,
тарихи сана ретінде қалыптастыру болып табылады.
Құжаттар ең аса маңызды ақпарат көзі болып есептеледі. Құжаттык материалдар қайталанбайтын ерекше болып келеді. Мұрағат ол өмірдің бар саласын қамтитын мекемелер мен жеке адамның кұжаттарын сақтап, тіркеп, қабылдайтын ғылыми зерттеуші
мекеме болып саналады. Сақтау бірлігі дегеніміз - құжаттың түрі
немесе тағы бір белгісі бойынша жеке нөмірмен белгіленген сақтауға алынған кұжат.
Іс деп бір фактіге немесе объектінің бір тақырып, мазмұны
бойынша жинақталған құжаттар аталады. Іс басты «иниңиативалық» құжатпен ашылады, ал соңында «аяқталу» қүжатымен жабылады. Іс бірнеше құжаттан тұрады, олар хронологиялық кезеңділікте құрастырылады.
«Кіріс» құжаттардың келген уақытын белгілейді, ал «шыгыс
құжаттары» қашан құрастырылған уақытын белгілейді. Істің бастапқы жэне соңғы уақыты кұжаттың шеткі мерзімі деп аталады.
Ол бір күнді немесе бірнеше жылды камтуы мүмкін.
Мұрағат қоры дегеніміз - мемлекетпен сақтауға алынган, бірнеше жылдар бойы кұрастырылған құжаттардың кешені, мекемелердің құжаттары, жеке адамның өмірлік құжаттары, т.б. Мүрагат
қорлары мекемелерде белгіленген жылдар бойы жинакталады.
Мүрағат мекемесі мұрағат қорын арнайы тізіммен алып сақтауга,
зерттеуге алады. Мұрағат көлемі сактауда тұрған сактау бірліктерімен есептеледі, ол бір сақтау бірлігінен, бірнеше жүз, мың
бірлікке жетуі мүмкін.
Мұрағат коллекңиясы дегеніміз - тақырыптық, практикалық
немесе мәдени тарихи маңыздылығына сай бір комплекске біріккен құжаттар, олар фонд сыртында жинақталуы мүмкін.
Революцияга дейінгі Қазақстандагы мүрагат ісі. Қазақстанға қатысты мұрағат деректерінің жүйелі калыптасуы XVIII ға-
4.2. Мұрағаттанүдың тарихи өлкетанумен жэне тағы баска . 105
сырдың бас кезінен, яғни казак өлкесінің Ресейге косылуынан
басталады. Патшалык Ресей үкіметі казак жерін округтерге бөліп
билегені тарихтан мэлім. Округтік мүрагат кұжаттары тектен-тек
жойылуга жіберілгені туралы С. Байжанов еңбектерінде көрсетіледі. Ал калған казан төңкерісіне дейінгі деректер Орынбор
(1925 жылга дейін), содан соң Қызылорда (1929 жылға дейін) жэне Алматы (1929 жылдан бастап) коныс тепкен қазіргі ҚРОММда сақталуда.
Қазан төңкерісіне дейін патшалық Ресейдің отарындағы Қазақстанда жергілікті халықтың көрнекті окілдерінің құжаттарын
жинақтауға көп көңіл бөлінбеді. Құжаттарды коллекңионерлер,
өлкетанушылар, негізінен, қазак халқының салт-дэстүрін, фольклорлары мен этнографиясымен айналыскан патша шенеуліктері жинады. Өлкетанушылардың кұжаттық мұраларын сақтауда
Орынбор музейі, Жетісу музейі, Орыс географиялық коғамның
Жетісу бөлімі айтарлықтай рөл атқарды.
Тарих - уақытпен байланысты ұғым. Дэуір жүгін аркалаған
ұлы далада халық тагдырымен тамырласқан саналы үлкенді-кішілі дүбірлі оқиғаларды тізіп, тізбектеп, замана жаңарып, уақыт
өзгерген тұстардан қалған белгі ретінде жинақтап, сұрыптап, сақтап келген де - сол тарих. Соларды танып-білу - эр кезеңдегі ұрпак үшін таусылмас қазына. Олай болмаса, эр ұрпақ өз тарихын
әркез жаңадан бастаған болар еді де, ұрпак сабақтастығы деген
ұғым мүлде үмытылар еді. Өйткені бүгінгі күннің мазмұнды болуы кешеге байланысты. Өткеніне зер салмаған адам ұлттың рухын сезінбейді, елінің, жерінің қадір-қасиетін жете білмейді. Кешегі кеңес кезеңінде осы бағыт содырлы солақай саясаттың өзегі
болды. Біз өзіміздің ұлттық тарихымыздан гөрі өзгенің тарихын,
партия тарихын егжей-тегжейлі оқыдық. Бір созбен айтқанда,
¥лы империялық саясаттың жетегінде болдық. Тэуелсіздікке қол
жетіп, рухани еңсемізді тіктеп, халқымыздың тарихи зердесіне
ерекше құлшыныспен терең үңілуге ден қойганымыз - жаңа леп,
жаксылык нышаны.
Тарихи фактілерді сақтау, тарату, жолдары баршылық. Бірі -
жазба түрінде жүзеге асса, екіншісі ұлы ғұламалардың зердесін-
106 IV тарау. Қазакстанның тарихи өлкетануын зерттеудегі
де катталып ауыз екі сөзбен тарихи деректер атадан балаға тарап
келген. ¥лтымыздың тарихы, мәдениеті, дэстүрі, салт-санасы,
тыныс-тіршілігі, мемлекетаралық мәмілегерлік күжаттарды сактаудың қажеттігін алғашкы боп жүрегімен сезінген Бөкей хан еді.
Қазакстан мүрағаттары өзінің калыптасуы тарихын 1794 жылы
Бокей ордасының мүрағатымен бастайды, сол жылдан бастап
мемлекет карамағына алынды.
Сонымен, Қазакстандағы мүрагат күрылысы 3 кезеңді бастан өткерді: Қазан төңкерісіне дейінгі, кеңес уакытындагы жэне
тэуелсіздік алганнан кейінгі. Әр кезек озіне тэн саяси ерекшеліктеріне қарай түрлі типтегі, мазмүндагы мүрағаттармен ерекшеленеді.
Кеңестік мұрагат жүйесінің қалыптасуы. Қазак революңиялық комитетінің ғылыми бөлімінің мәжілісінде орталық мүрагат қорды үйымдастыру туралы мэселе қаралды. ҚАКСР Халық ағарту комиссариаты қарамағындағы Ғылым комиссиясы
кызметін бастады. Қазақстанда мүрағат ісі мәселелерімен айналысатын орган ретінде 1919 жылы Орынборда, Халық агарту комиссариаты қарамағында Бас мүрағат басқармасы қүрылды.
1920 жылы наурызда, мамыр, шілде айларында Кирөлкелік әскери комиссариаттың тарих статистика бөлімі тарапынан архивті
үйымдастыру жөнінде мәселе көтеріліп жасалынды. 1921 жылдың 5 сәуірінде Қазақ Өлкелік Бас архив үйымдастырылды. Ол
1922 жылдың күзінде Өлкелік орталык архив деп аталды. ҚАКСР
Мүрағат ісі басқармасы 1921 жылгы 6 шілдеде барлық кеңестік
жэне мемлекеттік мекемеге, азаматтарға революңия жэне революңиялық қүрылыс тарихы бойынша қүжаттарды жинау жэне
оларды орталықтанган түрде сақтау қажеттігі туралы үндеу жариялады.
Алғашқы республикалық мүрағат - орталық өлкелік мүрагат
қүрылды. 1922 жылы 24 қаңтарда орталық өлкелік мүрағат туралы ереже бекітілді. Орталық мүрағаттың міндеттері бойынша Қазақстанда бүкіл ресейлік бір архив фондының болімшесі ашылды.
Ал губерния бөлімдері губисполкомдарға бағынды. 1925 жылы
Орталык өлкелік мүрағат Қызылордаға көшіп, оның корына Тор-
4.2. Мұрағаттанудың тарихи өлкетану.мен жэне тағы баска 107
ғай облыстык мұрағат коры кірді, бұл корда 1868 жылға дейінгі
материалдар жинакталған болатын. Ал істердің бір бөлігі Орынбор бюросына беріліп, олар Ресейдің орталык мұрағатына түсті.
1920 жылдары жалпы Орталык Өлкелік корда 30 кор, 23 мың
828 сактау бірлігі болды. 1927 ж. Бөкей губерниясына катысты
мүрагаттык істердің Астрахань губерниялык мүрагатынан Ордаға
беріліп, кордың мазмүны күрделене түсті. 1926 жылдың 30 тамызын Қырғыз автономиясының «Жергілікті мүрагат корын үйымдастыру және мекемелердегі күжаттарды бір жүйеге келтіру жөнінде» арнайы шешімі кабылданды, сол шешім бойынша мүрагаттык күжаттарды сату жэне жою жөнінде талаптар күшейтілді.
Мұрагаттық құжаттарды пайдаланудагы кеңестік биліктің саяси мүддесі. Жаңа биліктің қарсыластарының қүжаттарын іздестіру жэне жинау.
Бас мұрагат пен оның жергілікті мекемелері Халық агарту комиссариаты қарамағынан алынып, ҚАКСР ОАК қарамағына берілді. ҚАКСР-нің Орталық мұрағаты жэне губерниялық мұрағаттар туралы ережелер бекітілді. Республикадағы губерниялық мұрагаттық бюролардың кызметі жолға қойылды. Тарихи зерттеулердің құжаттық базасы жасалды. Қазан төңкерісі мен Компартия
тарихы бойынша материалдар жиналды жэне зерттеу шаралары
жүрді. РКП(б) Қырғыз облыстык комитеті қарамағында Қазан
төңкерісі мен Компартия тарихы бойынша материалдар жиналды жэне зеррттеумен айналысатын арнайы комиссия (Истпарт)
құрылды.
Орталық өлкелік мүрагат Орынбордан Қызылордаға көшірілді.
Уездік мұрагаттар ұйымдастырылды. Қазақстан мұрагат қызметкерлерінің 1927 жылы Қызылордада өткен алғашқы конференңиясы өтті. Республикада мұрағат ісін жария етуді күшейту шаралары жүргізілді.
Мұрағат мекемелері жұмысының негізгі бағыттары. Тарихи-революңиялық маңызға ие түрлі қүжат жүйеге келтірілді және оларды Орталық өлкелік мұрағатқа өткізу мэселелері реттелді. Шекаралас облыстар мен республикалардың мұрағаттарында
108 IV тарау. Қазакстанның тарихи өлкетануын зерттеудегі
82. Қазақстадағы кітап ісінің қалыптасуы.
Қазақстанда баспа кітаптары кейінірек, XIX ғасырда пайда болды. Қазақ тілінде шығарылған алғашқы кітап 1879 жылы жарық көрген Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» еді.
Қазақстанда баспахана болған жоқ, ал кітаптар Қазан, Ташкент, Орынбор қалаларында басылып шыққан. Ал алғашқы баспаханалар ХХ ғасырдың басында Орал, Семей, Верный (қазіргі Алматы) қалаларында пайда болды.Кітаптардың пайда болуымен қатар кітапханалар құрыла бастады. Орал, Ақтөбе, Павлодар сияқты қалаларда кітапханалар ашылды.
Кітап баспасының қалыптасуына ХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы қазақ зиялыларының еңбегі зор. 1930 жылдар – бұл жалпы еліміздің тарихындағы, атап айтқанда кітап шығару тарихындағы ең қиын және қайшылықты кезеңдердің бірі болды. Бір жағынан, кітап баспасының даму қарқыны күшейе түсіп, кітап репертуары жаңарды, басылымдар таралды, оқырмандар саны өсті, авторлар шеңбері кеңейді, әлемдік ғылым мен мәдениеттің қазынасына енген көптеген ғылыми, көркем, балалар кітаптарының құнды басылымдары пайда болды. Екінші жағынан, 1920 жылдары жарияланған мыңдаған басылымдар кітапхана қорынан алынып, жойылды. Қоғамдық ой тарихынан көптеген көрнекті мемлекет қайраткерлерінің, көрнекті кеңестік және шетелдік ғалымдардың, жазушылардың, өнер қайраткерлерінің есімдері жойылды, олардың есімдері қазір Отан шежіресінде мәңгілікке жазылды.
Сөйтіп, 1920 жылы 3 қарашада ҚазКЭК Президиумы С.Меңдешевтің төрағалығымен «Киргосиздат» мемлекеттік баспасы туралы ережені бекітті. Осылайша республикада тұңғыш рет мемлекеттік баспа ұйымы ашылды. Ал 1920 жылы 2 желтоқсанда қазақ тілінде оқу әдебиеттерін дайындау үшін А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, Х.Болғанбаев, Ж. Аймауытовтар құрамынан тұратын редакторлық кеңес құрылады. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллин, Мәскеудегі Орталық Баспаның бастығы болған алғашқы қазақ кәсіби дипломат Нәзір Төреқұлов республикада кітап баспасының дамуына белсенді үлес қосты. Халық ағарту, баспа, оқу және басқа да әдебиеттерді шығару саласында белсенді, мақсатты жұмыстар жүргізді.
Республика мектептеріндегі оқу әдебиеттерінің жетіспеушілігін ескере отырып, Орталық баспа бұл маңызды мәселеге тиімді көмек көрсетті. 1922-1923 оқу жылының өзінде ғана Мәскеуде қазақ авторларының жазған «Грамматика», «Физика», «Алгебра», «Педагогика», «Мектеп гигиенасы» сияқты 14 атаумен қазақ оқулықтары жарық көрді. Кітапты шығару мәселелері 1927 жылдан 1931 жылға дейін Ораз Жандосов басқарған Қазақстанды зерттеу қоғамының назарында болды. Қазақ зиялыларының еңбектері «Казгосиздат» баспасының репертуарында маңызды орынға ие болды. Баспа негізінен мектеп оқулықтары мен оқу құралдарын шығарумен, кейде көркем әдебиетті, содан кейін – қоғамдық-саяси және ауылшаруашылық әдебиеттерді шығарумен айналысқан.
1920 жылдардың басында қазақстандық авторлардың оқулықтары, атап айтсақ, А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы», М.Жұмабаевтың «Педагогика», М.Дулатовтың «Қирағат кітабы», Е. Омаровтың «Физика», Т.Шонановтың «Орысқа қазақ тілін үйреткіш», Ж.Тілеуовтің «Гигиена» және тағы басқа кітаптар жарық көрді. Сол жылдары «Жастар үшін жаңа жол», «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолы» пьесасы, С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» өлеңдер жинағы, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы, «Қорғансыздың күні» повесі басылып шықты. Аталған кітаптар қазақ көркем әдебиетінің тұңғыш баласы саналды. Б.Майлин, М.Жұмабаев, Ж.Сыздықов және басқа да жазушылар, журналистер, ғалымдар, баспалардың қызметкерлері соғыс алдындағы жылдары кітап шығарудың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Қазақ КСР-де кітап ісінің қалыптасуы, 1917 жылдан кейінгі барлық кеңестік республикалардағыдай, бір жағынан, халықтың қаһармандық, жанқиярлық еңбегімен сипатталса, екінші жағынан – басқарудың бюрократиялық жүйесі, демократиялық, гуманистік принциптердің бұзылуы себебінен, авторитарлық сипатқа ие қайшылықты қоғамдық-саяси жағдайда өтті.
Міне, осылайша еліміздің баспа ісі тарихы қазақ зиялыларының ерен еңбегінің арқасында өз жолын тауып, атын қалыптастырды. Бүгінде елімізде жыл сайын бес мыңнан астам кітап шығарылады, олардың жалпы таралымы шамамен 14 миллион дана. Мың аталымдағы журнал, мың екі жүзден астам аталымдағы газет және баспа өнімінің басқа түрлері жарық көреді. Сондай-ақ, «Атамұра», «Алматыкітап баспасы», «Мектеп», «Жазушы», «Қазақ энциклопедиясы», «Аруна» сияқты корпорациялар ірі баспа үйі ретінде танымал.
Кітап – адамның рухани досы мен жолдасы, жанының азығы. Жаңа технология қарыштап дамып, адамзаттың интернет желісіне тәуелді болған ғасырында да баспа өнімдері өз өзектілігін жоймай келеді. Кітаптың бізге дейін де қоғамның үлкен сұранысында болғанын ескерсек, бізден кейін де бұл мәртебесінен түспейтіні анық.
83. Туркестанские ведомости» газетінің тарихи-өлкетанулық деректілігі.
Түркістандық ведомости-Түркістандағы орыс тіліндегі алғашқы апталық газет. Ташкенттегі Түркістан генерал-губернаторының кеңсесі жанынан басылып, редакциялай бастады. Ташкентте 1917 жылдың желтоқсанына дейін басылып шықты.
Газет тақырыбы
Ресейдегі және шетелдегі оқиғаларды, әсіресе Түркістан өлкесіндегі оқиғаларды жариялау, Түркістан генерал-губернаторы кеңсесінің ресми құжаттарын басып шығару, аймақтың саяси, мәдени және экономикалық өміріндегі оқиғаларды жариялау.
Газет тарихы
Газеттің алғашқы шығарылымы 1870 жылы 28 сәуірде (10 мамырда жаңа стиль бойынша) Ташкентте жарық көрді. Редактор М. Грулев. 1893 жылға дейін газет апта сайын, 1893 жылдан кейін аптасына екі рет, 1903 жылдың желтоқсанынан аптасына 3 рет, 1904 жылдың наурызынан аптасына 4 рет, 1907 жылдың шілдесінен күн сайын шығатын. 1917 жылдың аяғында өмір сүруді тоқтатты.
Газетте В. В.Бартольд, л. с. Берг, и. в. Мушкетов, в. ф. Ошанин, Н. А. Северцов, а. п. Федченко ынтымақтастықта болды. Газеттің таралымы 1000-2500 дананы құрады.
Түркістан ведомостарының редакторлары
* Михаил Владимирович Грулев
* Аполлоний Павлович Романович-редактор 1892-1899 жж.
* Николай Гурьевич Маллицкий-редактор 1901-1906 жж.
* Иван Дионисьевич Ягелло - "Туркестанские Ведомости" газетінің редакторы И.Д. 1913 жылдың шілдесінде.
84. «Қазақ» газетінің тарихи-өлкетанулық деректілігі.
ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағыдай қолға қару алып көтеріліс жасаудың халық үшін тек зиян әкелетіні көзі қарақты әр азамат үшін анық еді. Ұлт тағдырына өздерін жауапты сезінген Алаш қайраткерлері қазақ халқының мүддесін қорғауда білектің күшімен емес, ақыл-ойдың қарымымен есе қайтарудың жолын таңдады. Бұл жол ұлттың мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газетін өмірге әкелді.
1913 жылдың 2 ақпанынан бастап халыққа жол тартқан «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін 266 саны шығып үлгеріпті. Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Қазақ» газетіне биыл 105 толды.
1913 жылы 2 ақпаннан бастап «Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан» шығып тұрған басылымның неліктен «Қазақ» аталғанына тоқталайық. Бұл туралы алаштанушы-ғалым М. Қойгелдиев: «Қазақ» газеті, белгілі дәрежеде, сол кезеңдегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді» [1, 187-б.] деп объективті бағасын берді.
Басылымның «Қазақ» аталуында екі түрлі мағына барлығы аңғарылады. Біріншіден, газет жалпыұлттық газет болғандықтан, мақсаты жері бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға біріктіру болғандықтан да ұлт атын иемденіп «Қазақ» аталды. Екіншіден, кітәби, әдеби, ғылыми айналымда қазақ атының өз аты аталмай, қырғыз аталып келгендігі белгілі, сондықтан, туған халқының төл атын қайта оралту мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін осылай атауды мақұл көрген [2, 32-б.]. Ахмет Байтұрсыновтың бұл жайында: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық» - дейді [3, 11-б.]. Осыдан аңғаратынымыздай, ұлт зиялалары газетті шығаруда ұлттың мүддесін басты орынға қойды. Бұл азаттық қозғалыстың ХХ ғасырдағы өркениетті түрі болатын.
Ал басылымның қара жүгін арқалау міндеті – Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың мойнына түсті.
«Газетті жұрт керек қылмаса, миллиондап капитал ол үшін жұмсамас еді. Осылардың бәрі де газет керек нәрсе екендігін көрсетеді. 1907 жылғы санаққа қарасақ, Россияда сол жылы екі мың бір жүз жетпіс үш есімді газет һәм журнал шыққан екен. Оның бір мың үш жүз тоқсан алтысы орыс тілінде, сегіз жүз алпыс жетісі басқа тілде басылыпты. Сол сегіз жүз алпыс жетінің ішінде біздің татар қарындастарымыздың отыз шамалы газеті-журналдары болды. Бізде біреуі де болмады. Онан бері бес жыл өтті. Бұл бес жыл ішінде газет журналдардың саны бұрынғыдан да өсті. Біз де құр қалғанымыз жоқ. «Айқап» журналы шықты. Бұл бұрынғыдан гөрі, бір адым болса да ілгері басқанымыздың белгісі. Бірақ бір адым ілгері басып, сол күйімен тұрып қалсақ, онымен алысқа ұзай алмаймыз. Ілгері басқанның үстіне ілгері басуымыз керек. Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек. Дүниенің төріне қызыққандар төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр. Есікте қалмай, төрге тырмысалық, басқалар төрге қарай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік. Басқалардың заманға қарай өтіп жатқан амалын көруімізге газет-журнал керек» [3, 11 б.]. Бұл «Қазақ» газетінің №1 санында шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Құрметті оқушылар» атты кіріспе мақаласындағы қазақ үшін баспасөздің айрықша қажеттілігін баса айтқан өткір ойлары еді.
Басылымның таралымы қазақ мекендеген барлық аймаққа жетіп жатты. Тіпті Ресей, Қытай қазақтары да тапсырыс беріп, алдыртып оқыған. Бұған төмендегі мәлімет айқын дәлел болады.
«Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласынан 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандардың есебі мынау: 1) Торғай облысы – 694, 2) Семей – 612, 3) Ақмола – 584, 4) Сырдария – 327, 5) Орал – 301, 6) Жетісу – 157, 7) Ішкі оралдық – 136, 8) Ферғана – 30, 9) Самарқан – 8, 10) Закасапий – 5.
Өзге жерлерден:
Оренбург шаһары – 37, 2) Уфа – 14, 3) Қазан – 13, 4) Қытай қазағы – 10, 5) Петербург, 6) Түркия – 5, 7) Мәскеу – 3, 8) Томск – 3, 9) һәм басқа шаһарлар –57. Бәрі – 3007 [3, 82-б.].
«Қазақ» газетінің 1917 жылғы санында жарияланған Қытай қазақтарының қазақ баспасөзіне көмек қолын созып, ниеттерін білдіріп жолдаған «Баспахана туралы» хаттарының мәтіні мынадай:
«Қазақ» басқармасының баспахана туралы жазған сөзіне ішіміз еріп, Қытай қол астындағы Күнес елінің қазақтары «Азамат» серіктестігіне 600 сом жібердік. Алаш ұранды қазақ баласы «аһ» десіп қолға алған ісінен бізде құр қалмалық дедік. Алаш туының астына біз де қосылдық! Қараңғы бір шет жерден біздер қосылғанда басқа көзі ашық, көңілі сергек қай қазақ қарап қалар дейміз. Бүтін Алты Алаш болып бір баспаханаға ие бола алмаса, қанша ноғайға күлкі болмаймыз ба? Баяғыдан бергі телміргеніміз аз ба? Шөміштен қағылып жүргеніміз бе?
Егер қазақтың бір баспаханасы болса, әр түрлі газета, журнал басылып, қазақша мектеп кітаптары көбейіп, көзіміз ашылар еді.
Мақсұт тәжі Сасанұлы, Молда Нұрбекұлы, Қосболат Байболатұлы, Шайырбек Сасанұлы, Рақым Асылбекұлы, Жиенәлі Мейірманұлы» [3, 362-б.]. Осы хаттан «Қазақ» газетінің Қытайдағы қазақ ағайындарға да жеткенін және олар тарапынан кең сұранысқа ие екендігін аңғартады.
«Қазақтың» қаржы көздері қайдан келді, 5 жыл халықтың рухани сұранысын өтеп тұрған басылымның демеушілері болды ма? Бұл сұраққа сол кездегі «Азамат» серіктігінің қызметі жауап болуға тиіс.
«Азамат» серіктігі – қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысқан мәдени ұйым. А. Байтұрсынұлы пен М. Дулатұлының ұйымдастыруымен 1913 жылы желтоқсан айында Орынборда құрылған. Негізгі мақсаты – мүшелік жарна (әр адамнан – 100 сом) есебінен «Қазақ» газетінің үзіліссіз шығып тұруына жәрдемдесу. Сондай-ақ, қазақ қоғамындағы оқу-ағарту жұмыстарын өрістетіп, зәру оқу құралдары мен әдебиеттерді баспадан шығару, мектеп-медреселердегі мұқтаж шәкірттерге қаржылай көмек беру т.б. қайырымдылық шараларын ұйымдастыру ісімен айналысты. Оған Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, Шәкерім қажы Құдайбердіұлы, Н. Құлжанұлы және т.с.с. қазақ зиялылары мүше болған [4, 15-16-бб.]. «Азамат» серіктігінен басқа «Қазақ» газетіне ел ішіндегі беделді азаматтар қолдау көрсетіп отырды. Бұл туралы зерттеушілер арасында әр түрлі пікірлер бар. Мысалы, тарихшы-ғалым Қамбар Атабаев «Қазақ» газетінің қаражат көздері туралы үш түрлі пікірдің болғандығын негізге алып, мынадай тұжырымдар жасайды: «Біріншісі – газетті қазақтың қалталы байлары бірігіп шығарған. Сондықтан ол өзінің сипаты жағынан «байшыл» газет болған. Екіншісі – газет негізінен бір адамның ақшасына шыққан. Үшіншісі – газет жалпы халықтың қолдауымен шыққан. Сондықтан ол жалпыұлттық сипатта болған газет. Нақты фактілік деректер негізінде «Қазақ» газетінің жалпыұлттық сипатта болғандығы дәлелденген» [5, 33-б.].
1913-1915 жылдары шығып тұрған қазақ газетінің мақсаты қандай болды, осы жылдар аралығында газет халық алдындағы өз миссиясын атқара алды ма? Енді осы сұраққа жауап беріп көрейік. Алаштанушы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейіс «Алаш һәм Алашорда» атты зерттеуінде: «Қазақ интеллигенттерінің алғашқы алғашқы тобының басым көпшілігі әмбебап мамандар болды: олар ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествосымен де қатар айналысты. Басқа сөзбен айтқанда, олар сол кездегі қазақ қауымының рухани сұраныстарына мүмкіндіктерінше толық жауап беруге атсалысты. «Айқап» журналын және жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығару арқылы олар халықты оқуға, көшпелі шаруаларды отырықшылыққа шақыруда, шаруашылықты жүргізудің прогерссивті формаларын, әйел теңдігін насихаттауда, патша үкіметі тарапынан жүргізіліп отырған отаршылдық саясатқа қарсы қоғамдық пікір қалыптастыруда айтарлықтай оңды істер тыңдырды» [6, 123-б.]. Міне, көріп отырғанымыздай, Алаш қайраткерлері «Қазақ» газетін қазақ ұлтының тағдырына қатысты барлыс істерге пайдаланды.
ХХ ғасырдың әр салада білім алып келген зиялы қазақ азаматтарының басын біріктірген негізгі ұйытқы «Қазақ» газеті болғандықтан, аталмыш басылым бетінде ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени мәселелер жарияланып тұрды.
Мысалы, қазақ зиялылары үшін ең ұтымды іс – «Алаш» партиясын құрғандығы екені дау тудырмайды. Себебі, саяси ахуал ушығып тұрған кезеңде қазақтың мүддесін қорғайтын бір партия шынымен-ақ керек болатын. Бұл жайында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінің 1917 жылғы №256 санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» атты қысқаша мәлімдемесінде тоқталып, «Алаш» партиясын құруға бел байлағанын ашық айтты.
1917 жылдың І жалпықазақтық съезінде дүниеге келген «Алаш» партиясының қазақ мүддесіне жасалған 10 тармақтан тұратын бағдарламасының жобасы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында [6, 222-б.] басылып, халыққа жол тартты.
Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр басындағы басты жаңалық Алаш автономиясының құрылуы болды. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда өткен ІІ жалпықазақтық съезінде қазақтың оқығандары мен атқамінерлері жиылып, саяси тұрақсыздық заманда қазаққа пана болар мемлекеті болуы керек деп шешті. Қазақ тарихында атаулы оқиға болып қалған автономия жарияланған сәтті «Қазақ» газетінде [3, 444-б.] Міржақып Дулатов «Мадияр» атты бүркеншік есімімен «Алашорда» мақаласында әсерлі жеткізе білді.
«Қазақ» газетінде саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерден басқа, рухани, мәдени тақырыпта әр түрлі хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды.
Мәселен, Жетісудың Қапал оязын (уезін) жайлаған Маман байдың балалары Есенғұл, Тұрысбектердің ұлт мәдениетіне қатысты демеушілік шаралары басылым бетінде басылып отырды. Атап айтар болсақ, 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған Есенғұл қажы Мамановтың қазақ романына бәйге жариялағаны туралы хабары қазақ оқығандарының арасында сілкініс тудырды [7, 81-б.]. Осыдан-ақ «Қазақ» газетінің ұлттық әдебиет саласының дамуының бір кезеңі болғанына көз жеткіземіз.
ХХ ғасыр тарихының жарқын, әрі елеулі кезеңі – қазақ оқығандарының әлемдік уақыт көшінен қалмай, қаймана қара қазағын өрге сүйреп, ойраны шыққан ордасын қайта тігіп, мемлекеттік түсінікті санасына ұялатуы болатын. Аталмыш кезеңді зерттегенде негізгі дерек көздің бірі де, бірегейі – «Қазақ» газеті болып саналады.
Түйін. Сын сағатта туып, Алаш автономиясының үніне айналған «Қазақ» газеті халық алдындағы өз мисссиясын орындады. Біріншіден, сол кездегі қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болды. Екіншіден, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шамшырағына айналған, еуропалық үлгідегі ұлттық–демократиялық мемлекеттік құрылымның үлгісін көрсеткен Алашорда үкіметінің саяси үнқағазына айналды. Үшіншіден, қазақ тіліндегі кәсіби газет стилін қалыптастырып кетті.
85. «Түркістан уалаяты» газетінің тарихи-өлкетанулық деректілігі.
Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды. Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан- жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспасөз басылымдары шықты. Олардың ұзақ уақыт шығып тұрғандары «Түркістан уалаяты»(1870–1882), «Дала уалаяты»(1888–1902) газеттері мен «Айқап»(1911–1915) журналы болды. Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады.
«Түркістан уалаяты»газеті әуел баста «Туркестанские ведомости»газетіне қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады. Алғашқыда ол айына төрт рет, оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі газеттен бөлініп шығып, қазақ жөне өзбек тілдерінде шығарылды. «Түркістан уалаяты»газеті бетінде қазақ елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлүматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жөне Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бүл облыстар Түркістан өлкесінің қүрамыңда болған).
Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған.
Бірақ газеттің бейресми бөлімінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталуына байланысты бұл өлкедегі қазақтың шаруашылығындағы өзгерістер туралы мағлұматтар, қазақтың тарихы мен әдебиетінің материалдары көбірек орын алған.
«Түркістан уалаяты»тек Түркістан өлкесіне қарайтын аймаққа ғана емес, ол Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Қарқаралы, Семей уездеріне де таралып тұрған «Дала уалаяты»газеті» Акмолинские областные ведомости»газетіне қосымша ретінде 1888–1894 жылдар аралығындадербес газет, ал 1902 жылдың 12-сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде Омбы қаласында шығып тұрған. Ол Ақмола,Семей, Жетісу облыстарын билеген Дала генерал губернаторының органы болды. Газеттің ресми бөлімінде патша өкіметінің және жергілікті ұлықтардың бұйрық-жарлықтары басылды, патшаға табыну уағыздалды.
Ал бейресми әлемінде қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің мәселелері көтерілді. Сонымен қатар газетте қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары, орыстың белгілі ақын-жазушыларының кейбір шығармалары, қазақтың әдет- ғұрпын, тұрмысын, мәдениетін зерттеуші орыс ғалымдарының мақалалары жа- рияланып тұрды. Қазақ әдебиеті мен тілінің мәселелері сөз етілді.
86. «Семиреченские ведомости» газетінің тарихи-өлкетанулық деректілігі.
"Семиреченские ведомости. Ресми бөлім"1916 жылы және 1917 жылдың бірінші жартысында Химкиде (Химки, Мәскеу облысы, Библиотекная көшесі, 15) Ресей мемлекеттік кітапханасының ("Ленинки") газет бөлімінде сақталған. Қырғызстан мен Қазақстанның жалпы қолжетімді кітапхана қорларында осы басылымның " тігінділері бар, бірақ тек "бейресми бөлігі" ғана, ал ең қызықты және бірегей мәліметтер Жетісудың осы бас және ресми БАҚ-тарының "ресми бөлігінде" басылып шығарылды.
Газеттің әр нөміріне "Жалпы бөлім" және "жергілікті бөлім"бөлімдері кірді. "Жалпы бөлімде" ең маңызды мемлекеттік ережелер жарияланды. "Жергілікті бөлімде" — Жетісу облыстық әкімшілігінің нормативтік құжаттары, сот органдарының жеке актілері. "Жетісу облысы" әскери губернаторының бұйрықтары "облыстық бастықтардың өкімдері"бөлімшесінде жарияланды.
Бұл басылымда Жетісу облыстық әкімшілігінің барлық бұйрықтары мен ресми өкімдері басылды (құпия бұйрықтарды қоспағанда, әрине). Лауазымды тұлғалардың ауысуы туралы бұйрықтар құпия ақпаратқа жатпайды, сондықтан барлық (немесе барлық дерлік) Кадрлық бұйрықтардың толық мәтіні жарияланды.
"Жетісу облыстық ведомостары" газетінің бейресми бөлімі мереке күндерінен басқа, күн сайын, ал "Ресми бөлім" — сейсенбі және жұма күндері шықты. "Ресми бөліктегі" парақтарды нөмірлеу аяқталды, бұл қажетті ақпаратты іздеуді және сілтеме форматын айтарлықтай жеңілдетті.
Достарыңызбен бөлісу: |