44.1970-1980 жж. республика мен облыстардағы өлкетану қоғамының негізгі бағыттары мен қызметтерін көрсетіңіз. Көне ескерткіштерді, өнер шығармаларын қиратудан, бүлдіруден қорғау мәселесі ежелден-ақ пайда болған. Грек жылнамашысы Полибий 2000 жыл бұрын жазған: «Болашақ жеңімпаздар өздері басып алған қалаларды тонауды тыйып, өз елдерін басқа халықтардың қайғысы мен кедейшілігі есебінен гүлдендірмейді деп үміттенемін», деп айтқан.Ұлттық игіліктерді есепке алу, қорғау және насихаттаудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жекелеген ережелері революциядан бұрын да, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары да қабылданған. 1970 жылы 5 қазанда Халық Комиссарлар Кеңесі «Жеке адамдар, қоғам және мекемелер иелігіндегі өнер және көне ескерткіштерді қорғауға алу, тіркеу және есепке алу туралы» Декрет қабылдады.Осының негізінде Қазақстан территориясындағы ескерткіштерді есепке алуды Орынбор губерниялық музейінің ескерткіштерді қорғау секциясы жүргізді. 1970жылы қаңтарда музейлер және өнер мен көне ескерткіштерді қорғау ісі бойынша бөлім ашылды. Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің Декретімен 14.05.1921 жылы Халық-ағарту комиссариатының құрамында жеке дербес ұйым ретінде музейлер және көне, өнер мен табиғат ескерткіштерін қорғау ісі бойынша Түркістан комитеті ( Туркомстарис ), ал 1980 жылдан сол мақсат міндеттермен СРЕДАЗКОМСТАРИС құрылды. 1970 жылдан бастап Туркомстарис Қазақстанның оңтүстігінде көне ескерткіштерді есепке алу, зерттеу, қорғау, жөндеу және реставрациялау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізді. Оның қызметімен біздің оңтүстік аймақтың архитектуралық және археологиялық зерттеуі тығыз байланысты: комитет экспедициялары әрқилы материалдар жинады, өткеннің мұрасын зерттеу жүргізілді.
45.Тәуелсіз Қазақстанның өлкетанушылық жұмыстарын нақты баяндаңыз. Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспецидиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, Қ.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Қазіргі кездегі Қазақстан зерттеушілері үшін автордың жергілікті жерлердегі тікелей топографиялық ізденістері, жеке бақылаулары, жергілікті халықпен үнемі қарым-қатынаста болуы, оларға сұрақтар қойып, алған жауаптары құнды дерек болып табылады.Әр учаскені шолудың едәуір бөлігі халықка арналған, әрі бұл бөлімдерде Қазақстанның көп бөлігінің этнографиялық картасы ғана жасалып коймай, жергілікті халыктың тұрмысы, үлттық дәстүрлері, кәсібі суреттеліп, оның әртүрлі топтарының өлеуметтік-экономикалык сипаты беріледі.