12. Тақырып: Минералды тыңайтқыштар (азот, фосфор, калий және микротыңайтқыштар) олардың түрлері, мөлшерлері, мөлшерлері және қолдану мерзімі, топырақтағы трансформациясы.
Минералды тыңайтқыштарға құрамында өсімдікке қажетті бейорганикалық заттары бар элементтер жинағын айтамыз.Бұл тыңайтқыштар топырақ құнарлылығын арттырып, агроөнеркәсіпте дақылдардың сапасын арттыруда және өнімді көбейтуде үлкен пайда алып келеді. Минералды тыңайтқыштардың құрамында өсңмдңктерге тікелей қореқ беретін K, Mg, P, N сияқты элементтер бар. Осы элементтердің мөлшеріне қарай жәй және кешенді деп екіге бөлінеді. Жай минералды тыңайтқыштарға фосфор,калий,азот сиақты элементтердің біреуі ғана кездеседі және сол элемент организмде аз мөлшерде ғана болады.
Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Азот тыңайтқышы өсімдіктің тіршілігі үшін үлкен маңызға ие болады, себебі ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы жұқа, шырыны аз,гүлі кішкентай болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе өсімдікжік өсуі мен дамуы жақсарып өнім беру сапасы жоғарылайды.
Фосфор тыңайтқыштары өнеркәсіптік әдіспен алынатын, құрамында өсімдіктер үшін қолайлы нысанда фосфор болатын минерал зат жиынтығы болып табылады Фосфор өсімдікте оның барлық мүшелерінде кездеседі. Ол азот сияқты өсімдіктің жеміс беретін мүшесінде көп, ал қосалқы өнімде аз болады. Фосфорды өсімдік көбінесе өзінің бастапқы өсу кезеңінде аса қажет етеді. Бұл кезеңдегі фосфордың жетіспеушілігін қосымша қоректендіру есебінен толықтыруға болады деп ойлаудың пайдасы жоқ. Жалпы фосфор жетіспесе өсімдіктің сабағы мен жапырақтарының өсуі баяулайды,тұқым салмайды.
Калий өсімдік организмдегі кейбір ферменттердің қызметіне әсер етеді. Мысалы, амилаза, инвертаза сияқты ферменттердің белсенділігін арттырады.
Микроэлементтер өсімдіктің даму, ұрықтану, жеміс салу процестерін және ақуыз, көмірсу, май заттарының синтезделуін тездетеді. Өсімдіктің қоректенуіне микроэлементтердің жетіспеуі түрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді.
Жоғарыда айтылған әр элементтің тіршілік көзіне үлкен септігін тигізеді және өсімдік ағзасына үлкен өнім береді. Өсімдік тірі ағза болғандықтан ол суды, тамақты, жылуды қажет етеді, Бірақ кейбір жағдайларда адамдардың бейжайлылығының кесірінен өсімдіктерге бұл қажеттіліктер жетіспей немесе мүлдем берілмей қалады. Осы қажеттіліктердің орнын толтыруда бізге минералды тыңайтқыштар үлкен көмек көрсетеді. Олардың ішінде түрлі химиялық элементтердің жиындығы сақталғандықтан өсімдік ағзасы жоғарыда аталған қажеттіліктерін қанағаттанарлық деңгейде алып, өнімдерінің сапасы мен санын арттырады.
13. Топырак кұнарлығын қалпына келтіру және бүлінген жерлерді жақсарту кезендері.
Жалпы топырақ, жер, халық деген еліміздің баға жетпес байлығы. Жермен қоса топырағы құнарлы, мал-жанға қолайлы болса тіптен жақсы.
Соңғы жылдары, еліміздің топырғына салғырт қарап жатқан жайттарды байқап жатырмыз.
Топырақ құнарлығын тек (эрозия) су, ауа арқылы ғана емес, сондай-ақ антропогендік факторлардың да әсерінен жоғалтып жатады. 2018 жылғы деректерге сүйенсек, 171,1 мың га қолдануға жарамды емес, яғни бүлінген, соның 49мың га ғана өңделген. Жердің құнарлығын қайтаруды- рекультивация деп те айтсақ болады. Ал бүленген жерді қайта қалпына келтіріп, ауыл шаруашылығында пайдалануды тек рекультивациялау жолымен ғана жүзеге асыра аламыз.
Жерді рекультивациялау-инженерлік-техникалық және тағы басқа жолдар арқылы бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру. Рекультивацияланудың 2 жолы бар.
1) Техникалық рекультивациялау
2) Биологиялық рекультивациялау
Дәл менің көріп өскенім бойынша, ауылдарда жердің құнарлығын мүлдем жоғалтып алмас үшін топырақты демалдыратын (бір жыл егін егсе, бір жыл демалдыратын ), ауыспалы, жартылай ауыспалы егін түрін қолданатын (жоңышқа егіп қоятын), химиялық не табиғи тыңайтқыштар себетін (малдың қиын). Дәл осылай халық қолынан келгенін жасайтын.
Қорытындылай келе, жер менікі екен деп, демалдрмай не құнарландыру жолдарын жасамай жылда пайдалана берсе, топырақ бойындағы органикалық зат, минералдар азайып, топырақ зардап шегеді. Топырақты тоздырып та, баптауда өз қолымызда.
Достарыңызбен бөлісу: |