1. Топырақтану ғылым ретінде, табиғаттағы және қоғамдағы топырақтың рөлі, ауа-райының және топырақтың пайда болу процестерін түсіндіру. Топырақтанудағы зерттеу әдістеріне шолу жасау



бет8/13
Дата26.12.2023
өлшемі46,76 Kb.
#143405
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
топырақтану сессия

Топырақ номенклатурасы дегеніміз бұл бір жүйеге топтастырылған қасиеттері мен классификациялау жағдайына сәйкес әртүрлі топырақ атауларының тізбегі.
Отанымыз Қазақстан Республикасы әлемнің ең алпауыт мемлекеттерінің бірі. Оның аумағы 2 724 902 км² құрайды. Осыған сәйкес еліміздің топырақ зоналары да түрлі аумақтарға жіктелген. Елімізде негізгі ең көп тараған топырақ түрлері:

  • Қара топырақты зона

  • Қара-қоңыр топырақты зона

  • Сұр-қоңыр, қоңыр топырақты зона

Қара топырақты зона жоғарыда айтып өткендей еліміздің солтүстік өңірлерінде тараған. Бұл зона республика аумағының 25,5 млн гектар жерін алып жатыр. Қара топырақты зонанегізгі үш зона аралығына орналасқан: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігіндегі бөлігі; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән.
Қара-қоңыр топырақты зона Шығыс Қазақстанның жазық далаларын, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Орталық Қазақстан аумақтарын алып жатыр. Бұл зона 90,6 млн гектар аумақты алып жатыр. Ал топырақтың құнарлылығына келер болсақ, құнарлылық оңтүстікке түскен сайын төмендей түседі. Аталмыш зона да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақтары; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты аймағы; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырағы.
Сұр-қоңыр, қоңыр топырақты зона еліміздің шөлді аймақтарын алып жатыр. Бұл зона еліміздің 44% астам жерін, яғни 120 миллион гектар жерді алып жатыр. Сұр-қоңыр топырақ зонасының құнарлылығы өте төмен, шамамен 2,0-1,0%. Осыған сәйкес халық бұл аймақта көбінесе мал шаруашылығымен айналысады.

8. РЕСПУБЛИКАНЫҢ ЖАЗЫҚ ЖӘНЕ ТАУЛЫ АУМАҚТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ АЙМАҚ
ТОПЫРАҚТАРЫН, ОЛАРДЫҢ ЕЛ ӨҢІРЛЕРІ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ.

Біздің еліміз әлемдегі үлкен аумақты алып отырған, алуан түрлі табиғи ресурстарға бай мемлекет. Сол табиғи ресурстардың ішінде ауыл шаруашылығы үшін ең маңызды элементтердің бірі ол топырақ. Отанымыздың жазық және таулы аймақтарындағы топырақ жамылғысының өңірлік ерекшеліктері өсімдіктер мен ауыл шаруашылығының дамуы үшін жағдайлар жасап, қолайлы орта қалыптастырады.


Ал енді еліміздің жазық аймақтарының топырақтарына тоқтала кететін болсақ. Қазақстанның жазық аймақтарының ауданы 235 миллион га, яғни 89% аумақты алып жатыр. Еліміздің жазық аймағын негізгі 4 табиғат зонасы кесіп өтеді. Олар: орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Жазық далаларда қара топырақ, күңгірт-күрең, күрең, ашық-күрең, құба және сұр-құба топырақ зоналары орналасқан. Еліміздің қиыр солтүстігі мен Ақмола облыстары аумағындағы орманды дала зонасының шағын бөлігінде орманның сұр топырағы орналасқан. Бұл топырақ түрі құрғақ жазықтар және өзен аңғарларындағы қарағайлы және көк теректі ормандар ішінде орманды шалғынды аралас шөптер жамылғысы астында жақсы дамыған. Орманды сұр топырақ негізгі үш түрден тұрады. Бұлар ормандық ашық сұр топырақ; ормандық сұр топырақ және ормандық күңгірт сұр топырақ. Ал құнарлылығына келер болсақ гумус мөлшері күңгірт сұр топырақта 6-7%, сұр топырақта 4- 6%, ашық сұр топырақта 3-4%.
Жазық далалардың қара топырағына келер болсақ, бұл физикалық және химиялық тұрғыдан құнарлылығы өте жоғары топырақ болып табылады. Қара топырақты зона 52° солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай орналасқан. Қара топырақты зона сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктің қара топырағы зона тармақтарынан тұрады. Кәдімгі қара топырақ түрі негізінен Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасып, жалпы көлемі 12 миллион гектар аумақты құрайды. Ал сілтісізденген қара топырақ еліміздің солтүстігіндегі қиыр тегістігінен орын тепкен. Бұл топырақ түрінің құнарлылығы өте жоғары және дәнді дақылдарды егу үшін өте қолайлы.
Келесі кезекте еліміздің барлық жазық бөлігінде кездесетін сортаңдар. Сортаң дегеніміз тұздар мен минералдардың көп болуымен сипатталатын топырақ түрі. Сортаңдаңдар еліміздің 10 миллионнан астам территорияны қамтып, көбінесе ылғалдың белсенді булануы жүретін және топырақ бетінде тұздар жиналатын құрғақ жерлерде кездеседі. Сондай-ақ біздің елімізде жазық далаларда сортаңдардан бөлек Ақмола, Ұлытау, Ақтөбе, Семей, Орал, Қостанай облыстарынды күңгірт-күрең, ашық-күрең топырақтар кең тараған.
Ал енді еліміздің таулы аймақтарындағы топырақ түрлеріне келсек. Биiк таулы аймақтың топырағы республиканың оңүстік-шығыс аумақтарын алып жатыр. Бұл аумақтың жалпы жер көлемі 37 миллион гектарды құрайды, республика жерiнiң 14%-ын құрайды. Елімізде өзіндік климаты және топырағы жағынан ерекшеленетiн негізгі 4 биiктiк белдеу бар.
Біріншісі, тау етегiндегi шөлдi-далалы белдеу. Бұл аймаұқта СолтүстікТянь-Шань мен Алтай таулары етектерiнде ашық күрең топырақтар, Тянь-Шань тау етектерінде сұр топырақ тараған.
Екінші аймақ аласа таулы дала белдеуi, Алтай мен Солтүстік Тянь-Шань тауларында күңгiрт күрең және қара топырағы таралған. Ал Оңтүстік Қазақстан тауларында сұр құба және таудың құба топырағы басым.
Үшіншісі орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды
аймақтар. Бұл аймақта сiлтiсiз қара топырақтар түрлері мен орманның сұр топырақтары, таулы-шалғынды топырақ түрлері орналасқан.
Төртінші аймақ, биiк таулы альпiлiк, субальпiлiк шалғынды және қарлы-мұзды белдеулерi Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биiк таулы аумақтарды қамтиды. Бұл аймақтың топырағы шалғынды-шымды, альпілік және субальпілік болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет