1. Топырақтану ғылым ретінде, табиғаттағы және қоғамдағы топырақтың рөлі, ауа-райының және топырақтың пайда болу процестерін түсіндіру. Топырақтанудағы зерттеу әдістеріне шолу жасау


ТОПЫРАҚТЫ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ СУЛАНДЫРУ МЕЛИОРАЦИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ТОПЫРАҚТЫҢ СУ РЕЖИМІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ



бет9/13
Дата26.12.2023
өлшемі46,76 Kb.
#143405
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
9. ТОПЫРАҚТЫ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ СУЛАНДЫРУ МЕЛИОРАЦИЯЛАРЫН ЖОБАЛАУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ТОПЫРАҚТЫҢ СУ РЕЖИМІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Қазіргі таңда топырақтың ластануы, оның құрамының бұзылуы, жел және су эрозиялары сынды қатерлі құбылыстарға ұшырауы ауыл шаруашылығына, құрылыс салаларының дамуына кері әсерін тигізіп жатыр. Осыған орай қазірде елімізде топырақты мелиорациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жалпы мелиорациялау жұмыстары дегеніміз бұл топырақ құрамын жақсартуға бағытталған техникалық және ңде шаруашылық жұмыстар жүйесі. Мелиорация жұмыстарының суландыру мелиорациясы, агромелиорация, биологиялық мелиорация, химиялық мелиорация, қар мелиорациясы сынды негізгі түрлері бар. Әр мелиорация жұмыстарының топырақ құрамын жақсартуда өзіндік функциясы мен арнайы мақсаты бар. Мысалы, суландыру (гидротехникалық) мелиорациясын алатын болсақ, оның атқаратын қызметтері: топырақты ылғалмен қамтамасыз ету, оның дренажын жақсарту, су тасқынының немесе құрғақшылықтың алдын алу және т.б.


Суландыру мелиорациясын жүргізу үшін ең бірінші жобалау жұмыстары атқарылады. Мелиорациялау жүргізілетін аймақтың гидрологиялық және геологиялық сипаттамалары туралы ақпараттар жиналады, климаттық жауын-шашын жағдайлары зерттеліп, талданады. Арнайы инженер мамандар артық ағынды суларды ағызу мақсатында дренаж жүйесін жобалап, аймақтық жер бедерін есепке алады. Және де суару жүйелерін жобалап, топырақ эрозиясының алдын алу жобаларын әзірлейді. Ауыл шаруашылығы егістік дақылдарының нақты түрлері үшін суландыру мелиорациялық жұмыстарының жүйесі әзірленеді. Мелиоративтік жұмыстарды жүргізетін техникалар (соқалар) дайындалып, терең өңдеу және пайдалы тыңайтқыштар іс-шаралары жүргізіледі. Осы жұмыстарды атқарған соң топырақтың су режимінің элементтеріне қолайлы орта қалыптасады, топырақ құрылымы жақсарып, құнарлылығы артады. Топырақтың су режимінің элементтеріне булану, қату, сорығу, сіңіру, конденсация функциялары жатады. Мысалы, суландыру мелиорациясының нәтижесінде топырақтың су өткізгіштік, сіңіру қабілетіне оң әсерін тигізеді. Бұл өз кезегінде топырақты батпақтану қаупінен сақтайды. Дренаж және де суландыру іс-шаралары топырақ құрылымындағы ылғалдың оңтайлы таралуына ықпал етеді, бұл егістік дақылдарының жамылғысына жағымды әсерін тигізеді.
Суландыру мелиорациясын жүргізу үшін арнайы гидротехникалық құрылыстар салынады. Олар: бөгеттер мен бөгендер, кәріздер мен каналдар, арнайы су құбырлары, артезиан құдықтары. Гидротехникалық құрылыстар салу нәтижесінде өзен суларының арнасын реттеу үшін тереңдіктер қазылады, қар суын тиімді пайдалану үшін арнайы бөгендер салынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет