1. Топырақтану ғылым ретінде, табиғаттағы және қоғамдағы топырақтың рөлі, ауа-райының және топырақтың пайда болу процестерін түсіндіру. Топырақтанудағы зерттеу әдістеріне шолу жасау


ТОПЫРАҚТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН, ОЛАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫН, ЖІКТЕЛУІН ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІЛІГІН ҰСЫНУ. ҚР ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ



бет7/13
Дата26.12.2023
өлшемі46,76 Kb.
#143405
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
7. ТОПЫРАҚТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН, ОЛАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫН, ЖІКТЕЛУІН ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІЛІГІН ҰСЫНУ. ҚР ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ.
Топырақтың географиялық таралуын топырақтану ілімінің негізін қалаушы В.В.Докучаев 1900 жылы өз жұмыстарында атап көрсетті. Олар негізгі 5 географиялық аймақтан тұрады.
Бореалды немесе арктикалық аймаққа тән топырақтар. Бұл топырақтар солтүстік ендіктерде орналасып, негізінен тундра мен тайга аймақтарында таралған бореалды ормандарға тән топырақ түрі. Бореалды аймақтың топырағы негізгі 3 түрден тұрады. Олар: күлгінді, шымды-күлгінді, шымды шалғынды топырақтар. Бұл топырақ түрлері негізінен Ресей, Беларус, Балтық бойы елдерінде орналасқан.
Орманды аймақ топырақтары. Бұл аймақта орманның сұртопырағы, ормансыз жерлерде сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ пен шалғынды қара топырақ түрлері тараған. Бұл зонаның топырақтары негізінен Ресей мен Украина елдерінде тараған. Аталмыш зонаның топырағы өте құнарлы, физикалық қасиеттері ауылшаруашылық дақылдары үшін физикалық қасиеттері өте қолайлы болып келеді. Бұл территориядағы шалғынды қара топырақтың қара шірік мөлшері 10% қамтиды, ал сұр топырақтың қара шірік мөлшері 2-6% аралығында. Осыған сәйкес орманды топырақ зонасы егістік үшін өте қолайлы. Аймақтың 40% астамы жыртылып, көбінесе бидай, арпа сынды дәнді дақылдар егіледі.
Далалық қара топырақ. Далалық қара топырақтары негізінен Ресей Федерациясының оңтүстігінде, еліміздің солтүстік территориясында (9,5% аумақты қамтиды) орналасқан. Бұл топырақ зонасы ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тарап, Отанымыздың негізгі астықпен қамтамасыз ететін бидай дақылы көптеп егіледі.
Аэралды топырақтар. Аэралды топырақтарға құмды, тасты, сорланған шөлді далалардың топырақтары жатады. Топырақтың бұл түрі әдетте ылғал мен қоректік заттарды сақтау қабілеті төмен және де жоғары өткізгіштікке ие.
Латеритті топырақ. Бұл топырақ зонасы субтропикті және тропикті аймақтарды қамтиды. Аталмыш топырақ латериттерде яғни, саз, тас құрамды шөгінділерде жасалатын қызыл түсті топырақ. Бұл топырақтың сипатына келер болсақ, құнарлылығы өте төмен, ылғалды тез сіңіргіш және реакциясы өте қышқыл болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет