11. Агрохимия микро- және макроэлементтермен вегетациялау процесінде өсімдіктерді қоректендіру және зат алмасу. Топырақты құнарландырудың негізгі нақты жолдарымен, кешенді тәсілдермен жүзеге асады: топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, химиялық мелиорация, өсімдіктерді қорғау, суару, құрғақ мелиорациялар, топырақты қорғау шаралары және мәдени техникалық шаралар, гибридтер мен сұрыптар, микробиологиялық тыңайтқыштар т.б. шаралар. Олардың нақты байланысы егін шаруашылығының зоналы жүйесінің мөлшерін сипаттайды.
Топырақты құнарландырудың маңызды көрсеткіштеріне мыналар жатады:
• Физикалық: механикалық құрамы, тығыздығы, жылулығы, сулылығы
• Химиялық: гумустық жағдайы, минералогиялық және жалпы химиялық құрамы, макро- және микроэлементтердің қозғалмалы формасы.
• Физикалық-химиялық:
• Биологиялық: микроағзалар мөлшері, ферментативті активтілік, топырақтың фитосанитарлы күйі.
Тірі ағзалардағы элементтердің орташа мөлшеріне қарай бірнеше топқа болып қарастыра аламыз. Олар: 1)макроэлементтер ағзадағы 10% ды құрайды. Оған оттегі, сутегі, натрий, хлор, кальций, фосфор және азат сынды элементтер кіреді. 2) микроэлементтер, ағзада мөлшері 10 немесе 15% құрайды. Йод, барий, мыс, фтор, бром, мышяк сынды элементтер кіреді.
Макроэлеметтер ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл құрамын ретке келтырып отыратн мүше болып табылады.
Микроэлемент топырақ пен тау жыныстарына, қазба көмірлерде, табиғи минералды суларда кездесетін элемент болып табылады.
Вегетациялық процесс ұғымы өсімдіктің өсіп өнуіне қажетты уақыт аралығын айтады. Бір жылдық өсімдік үшін — отырғызудан (тұқымның өнуінен) тұқымның пісуіне дейін (егін жинау);
көпжылдық өсімдік үшін-бүршіктің өнуінен немесе ісінуінен бастап тұқымның пісуіне дейін (егін жинау);
ағаштар үшін-сонымен қатар өсімдіктердің белсенді өмір сүру уақыты, шырын ағыны мен бүршіктердің ашылуынан бастап жапырақтардың түсуіне дейінгі уақыт көрсеткішін қамтиды.
Өсімдіктердің негізгі тіршілік процесі фотосинтез екені белгілі, ал бұл процесс бір жағынан күн көзі жарығыньң қуатымен, екінші жағынан ауаның жер бетіндегі қабатына көмір қышқылының құйылуымен байланысты өтеді. Фотосинтез нәтижесінде ауадағы көмір қышқыл газы және судың есебінен өсімдік бойында барлық органикалық заттардың түзілсе, ал қалған пайыздық көрсеткіші топырақтағы минералдық заттардың есебінен құралады. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер өздерінің тамырларында түйнек бактериясы болуынан атмосферадан көмір қышқылынан басқа азотты да пайдаланады, ал белгілі жағдайларда топырақты азотпен қайта байытады. Осы жоғарыда айтып өткен процесстердің барлығы өсімдік тіршілігінде қоректену мен зат алмасу жүйелеріне үлкен септігін тигізеді және сол органикалық тірі жасушаға химиялық алуан түрлілік қажетті азық түріне айналады.