1. Топырақтану ғылым ретінде, табиғаттағы және қоғамдағы топырақтың рөлі, ауа-райының және топырақтың пайда болу процестерін түсіндіру. Топырақтанудағы зерттеу әдістеріне шолу жасау


Профильдік-генетикалық –топырақты зерттеуді қажет етеді, барлық терендетілген беттеріне генетикалық салыстырулар жүргізіледі



бет2/13
Дата26.12.2023
өлшемі46,76 Kb.
#143405
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Профильдік-генетикалық –топырақты зерттеуді қажет етеді, барлық терендетілген беттеріне генетикалық салыстырулар жүргізіледі.

  • Морфологиялық –топырақтың сыртқы белгілері және оны зерттеу.




    2. Топырақ пен топырақ түзуші жыныстардың гранулометриялық, минералогиялық және химиялық құрамдарын және олардың топырақ қасиеттерінің қалыптасуына әсерін қарастыру
    *Топырақ пен топырақ түзуші жыныстардың гранулометриялық құрамдары:
    Гранулометриялық (механикалық) құрамы көлемі жағынан әртүрлі бөлшекті түйіршіктерден тұрады, яғни майда бөлшекті болса –балшықты сазды келеді, ірілеу бөлшекті болса –құмды және құмдақты болса, ал аралас бөлшекті болса –құм балшықты болып келеді.
    Н. Л. Качинский топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамын бөліп көрсеткен, олар: 80-нен жоғары –ауыр түрде балшықты келеді.
    80-60 арасында –жеңіл және орташа балшықты.
    60-45 арасында –ауыр саздақты болса.
    45-30 арасында –орташа саздақты болып келеді.
    30-20 арасында –жеңіл саздақ.
    20-10 арасында –құдақты болады.
    10-5 арасында –байланысты түрдегі құм түрі болады.
    5-тен төмен –борпылдақ тектес құм түрі болады.
    Топырақ механикалық фракциясына байланысты –тастан, ірі және орташа құмдардан, ірі және ұсақ шаңдардан және де коллоидатрдан тұрады құрам бөлігі.
    Гранулометрияның топырақ қасиеттерінің қалыптасуына әсері:
    Құмдақ және құмды топырақтың құрылымыдары өте нашар, яғни әр түрлі ірі бөлшектерден құралған. Бұл топырақтар ылғалды бойына жақсы өтеді, бір қалыпты ауа және жылу режимінде тұрады. Бұл топырақтарды өндеу қолайлы, дегенменде бұл топырақтың құрамында қарашірікті қоректі заттар аз. Себебі ылғал мөлшері топырақта көп болғандықтан, ол топырақта өсімдіктер өте аз өсіп, тиісінше аз өсімдіктен аз қалдықтар қалады.
    Балшықты келген топырақтар ылғал мөлшерін өте аз мөлшерде өткізеді, сонымен қатар су мөлшері көп болғанымен, ауа режимі және ылғал бөлінуі нашар болып келеді. Жалпы бұл топырақтарды жеңіл түрде жырту мүмкін емес. Балшықты топырақ түрлері құнары көп, қоректі бөлшектерге өте бай келеді.
    Құмды балшықты топырақтар ылғал мөлшерін бойына жақсы ұстайды және топырақтың құнарын арттырады.
    *Топырақ пен топырақ түзуші жыныстардың минералогиялық құрамдары:
    Топырақ пен топырақ түзуші жыныстардың минералогиялық құрамы екіге бөлінеді, олар алғашқы және екінші болып. Негізінде алғашқы минералы метаморфты және магмалы өзгеріске ұшырамаған үгілмеген минералдар. Ал екіншісі топырақтың алғашқы қабатының ұзақ жылдар бойы үгілудің нәтижесінде құралған, ол дегеніміз үгілудің қатты ұнтақты түрде түзілуге ұшыраған минералдар тобы.
    Алғашқы минералдардың тау жыныстарының химиялық құрамы –тотық, оттегі қосылыс түрлері және силикат жатады. Тотықтардың құрамына – гепатиттер, кварцтер, рутилдер және магнетиттер жатады. Ал силикаттардың құрамына – оливинді, слюданы, пироксенді, амфиболды және дала шпаттың жатқызуға болады. Алғашқы жыныс түзуші минералға –фосфат болса, ал оттегісіз жыныс түзіші минерал түріне –сульфидті жатқызуға болады.
    Екінші минералдардың тау жыныстардың құрамы –судың, оттегінің, сонымен қатар көмірқышқыл және органикалық қосылыстар нәтижесінде пайда болады. Жалпы бұлардың барлығы алғашқы минералдарды үгушілер, соның нәтижесінде екінші минералдар түзіледі. Негізінде көп жылдар бойы үгілудің нәтижесінде екінші ретті минералдар пайда болады.
    Минералогияның топырақ қасиеттерінің қалыптасуына әсері:
    Минералогиялық топрырақтардың қасиеттерінің қалыптасуы әр түрлі топырақтардың әр өнірде орналасуына байланысты, ол сол екі минералдың үгілуіне немесе үгілмеуіне байланысты болып келеді. Бірақта көбінесе алғашқы минералды топырақтың үлесі көп. Сонымен қатар егер топырақ ірі немесе жеңіл болып келсе, оның құрамы тасты және құмды келеді немесе балшықты топырақ және сазды топырақ болса алғашқы минерал азайып, керісінше екінші минерал құрамы артады.
    *Топырақ пен топырақ түзуші жыныстардың химиялық құрамдары:
    Топырақ және топырақ түзуші жыныстардың химиялық құрамы топырақтағы мөлшеріне байланысты әр түрлі орындарға бөлінген, олар:
    1) Оттегі және Кремний
    2) Алюминий және Темір
    3) Кальций және Магний
    4) Натрий
    5) Калий
    Тау жыныстарының түзген химиялық құрамнан, топырақтағы химялық құрам өзгеше айырмашылық жасайды. Ол дегеніміз органикалық мөлшері, оттегі және сутегі мөлшері көп болып келеді, бірақ магний, темір және калиий мөлшері аз болады.
    Микроэлементтердің құрамына –жез, бор, мыс, молибден, мырыш, йод және тағыда басқаларын жатқызуға болады.
    Химиялының топырақ қасиеттерінің қалыптасуына әсері:
    Барлық химиялық элементері қосындылар болып топыраққа еніп, топырақ типтерін анықтайды. Жануарлар мен өсімдіктер үшін биологиялық маңызы зор.
    Микроэлементтер жетіспесе топырақта биохимиялық зарарға шалдығады, ол өз кезегінде өсімдіктегі өнімдер мен сапасы топырақпен тікелей байланысты, яғни өнім мен сапасы нашарлайды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет