3. Гранулометриялық және микро-агрегатты құрамды анықтау әдістерін зерттеу және олардың нәтижелерін топырақты бағалауда пайдалану *Гранулометриялық құрамды анықтау әдістерін зерттеу: Тау жыныстарын, яғни топырақтың ірілігіне қарай әртүрлі електерден өтіп 17 бөлікке бөлінеді. Бұл елек түрлері үстінгі бөлігі ірі бөлшекті, ал астыңғы бөлігі кіші бөлшекке бөліп алады. Бірақ өте ұсақ бөлшекті арнайы гидравлика әдісі арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс түрі судың көмегімен, әр иірімде тұрып түйіршіктің мөлшеріне байланысты сұрыпталуымен ерекшеленеді.
Гранулометриялық нәтижелерін топырақты бағалауда пайдалану: Көлемі бойынша 3 мм-ден көп –ірі тастарға жатқыздық,
1-3 мм арасында –ірі құмдарға,
0,25-1 мм арасында –орташа құмдарға,
0,05 мм-ді ірі шаңға,
0,001-0,005 мм ұсақ шаңдарға
оданда ұсақ 0,001 мм-ден ұсақ коллоидтар бөлініп топырақ бағалау жүргізілді.
*Микро-агрегатты құрамды анықтау әдістерін зерттеу: Микро-агрегаттар диаметр 0,5 мм-ден бастап, одан үлкен макро-агрегаттарынан құралған. Бірақ диаметрі бойынша 1 мм және 10 мм арасындағы агретатта топырақ құнары жоғары болып келеді. Себебі бұл агрегаттар ылғал мөлшерін үнемді жұмсайды. Ұсақ түйіршіктер топырақ массасында болған тиімді, оның көріңісі 0,25 мм-ден 0,5 мм арасында мөлшері 50% -дан асатың болса топыраққа пайдасы көрінеді.
Микро-агрегатты нәтижелерін топырақты бағалауда пайдалану: Топырақ құрылымын бағалауда:
Борпылдақты, шаңды және тозаңды мөлшері 0,25 мм-ден кіші;
Өте ұсақ түйіршікті мөлшері 0,5 мм-ден 1 мм-ге дейін;
Түйіршігі дәнді түрде мөлшері 1 мм-ден 5мм-ге дейін;
Ірі жаңғақтай мөлшері 5 мм-ден 10 мм-ге дейін
Кесекті мөлшері 10 мм-ден бірнеше см-ге дейін барады.