— Белгібай Амангелдіұлы,
соңғы кездері елімізде жастар
мен жасөспірімдер арасында
өз өзіне қол жұмсау фактілері,
яғни суицид дерті етек алып
барады. Теледидарды ашып
қалсаңыз да, ауылмен сөйлессе
қалсақ та осындай жаманат
хабарды естіп, жүрегіміз
ауырады. Дерек көздеріне
жүгінсек, еліміз жасөспірімдер
суициді жөнінен ТМД
елдері арасында алдыңғы
орынға шығып отыр. Ендеше,
жасөспірімдер суицидінің
дендеп бара жатуының себебі
неде деп ойлайсыз?
—Мен і ң ше, ж ас ө с п ірі м дер
суицидіне мән бермей қоя салуға
болмайды. Негізі, балалардың суи-
цидке ұрыну қаупі бес жастан бас-
талады. Ол жаста негізінен балалар
«мені әке-шешем жақтырмайды,
еркелетпейді, керек етпейді не-
месе іні-сіңлімді ғана еркелетіп,
маған назар аудармайды» деген
ойдың жетегінде суицидке ұрынуы
мүмкін. Сондықтан ата-ана өз ба-
ласын әрқашан еркелетіп, жылы
сөздер айтып отыруы керек. Яғни,
баласының көңіл-күйін бақылаудан
шығармауы тиіс. Тіпті, ата-ананың
жылуын сезінбеген бала балалық
шағында суицидке ұрынбаса да,
өсе келе бала кезіндегі осы ойдың
санасында қалып кетуі салдары-
нан келешекте суицидке ұрыну
қаупі бар. Балалардың көбі негізі
өтпелі кезеңде суицидке ұрынады.
Сондай-ақ жалғыз қалған үлкен
кісілер жалғызсырап торығу сал-
дарынан, ал орта жастағылар
көбінесе материалдық жағдайдың
жет іспеу ші ліг і нен жүйкес і
күйзеліске ұшырап, суицидке
барады. Шыны керек, салыстыр-
малы түрде қарағанда, суицидке
шалдығушылардың саны жөнінен
еліміз алдыңғы орында тұр. Суицид
дертінің көбейіп, азаюы халықтың
жан саулығының көрсеткіші сана-
лады.
Нег ізі, е л і міз б ойы н ша
халқымыздың өмір сүру жасының
ұзақтығы – орташа есеппен 60-65
жас аралығында. Ал Күншығыс
елдерінде халықтың өмір сүруінің
орташа жасы 80-86 жасқа жет-
кен. Адамның ұзақ өмір сүруі
үшін құнарлы тамақ, әлеуметтік
жағдайдың дұрыстығына қоса,
көтеріңкі көңіл-күй де керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы кеңсесінің басшысы Ма-
рия Кишман «Еуропа елдеріндегі
мүгедектіктің басты себебі –
күйзеліс» деген тұжырым жасады.
Бұл біздің елімізге де тән қасірет
болып отыр. Адамның көңіл-
күйі болмаса, өмір сүруге деген
құлшынысы, жігері де болмайды.
Кейде мұндай нәрселердің аяғы
суицидке де соғып жататыны
жасырын емес. Аурумен қайтыс
болған науқастың тәні ауырса, суи-
цидпен қайтыс болған адамның
жаны ауырады деген сөз. Яғни, суи-
цид – жан ауруы. Негізі, адамның
саулығы үш бөліктен тұрады: жан
саулығы, тән саулығы, әлеуметтік
саулығы. Осы орайда халықтың
тән саулығын арттыру үшін сала-
матты өмір салтын дамытуға, жан
саулығын арттыру үшін әлеуметтік
жағдайын жақсартуға күш салған
жөн. Өйткені тәнмен, жанмен бірге
адамның санасы да шынығады. Ал
адам тәні мен жанының саулығын
қадағалайтын дәрігер дейтін
болсақ, бүгінгі таңда елімізде 5 мың
дәрігер жетіспейді екен. Олай бол-
са, денсаулықты қадағалауға әлде де
толық күшіміз жетіспей отыр.
Айта кететін жайт, еліміз
суицидтің тіркелуі жөнінен
алдыңғы орында болса да, оның
алдын алу жұмыстары мүлдем
жүрг ізі лмей д і деу ге бола-
ды. Суицидтің алдын алудың
бір жолы – ата-ана, ұстаз, жал-
пы қоғамның жасөспіріммен
жылы қарым-қатынас орнатуы.
Оларға «көгермегір, оңбаған» деп
ұрсып, мұқатып, кекетіп, кемітіп,
жекігеннен гөрі, «құлыным, ба-
лапаным» деп отырсаңыз, бала
жанының саулығына септескеніңіз
болар еді.
—Мамандардың айтуынша
мектепте психолог
мамандарының жетіспеушілігі
жасөспірімдер суицидінің бір
негізі дейді. Бұл пікірге қалай
қарайсыз?
—Бұл пікірге қосыламын. Бірақ,
психолог санының көбеюімен
мәселе толықтай шешіледі деп
те айта алмаймын. Көшені таза
ұстау үшін аула сыпырушылардың
санын көбейтуге болады, бірақ
ең алдымен қоқысты кез келген
жерге шашатындар мен көшеде
түкіретіндерді тәртіпке салған
жөн. Яғни бұл – суицидтің басқа да
алдын алу жұмыстарын күшейту
керек деген сөз. Рас, психолог ма-
мандар жеткілікті болуы тиіс.
Халқымыз бұрын психологқа ба-
рып, мұң шағуды қалыпты нәрсе
санамаса да, соңғы кездері психо-
лог көмегін керек ететіндер саны
көбейіп келеді. Мамандардың осы-
ны ескеріп, психолог кадрларды
көбейтуге тырысқаны жөн.
—Бүгінде дүние жүзінде
психикалық түрлі ауруларға
шалдығу көрсеткіші жыл
санап арта түсуде. Бұл жағдай
елімізде қай деңгейде?
— Республикадағы психиатрия-
лық мекемелерде 300 мыңнан
астам адам тіркеуде тұр. Бір
ғана Алматы қаласындағы ау-
рулар саны 20 мыңнан аса-
ды. Адамдардың күйзеліске
ұшырау себептерінің бірі ретінде
әлеуметтік жағдайдың төмендеуі
айтылады, оған дүниежүзін
жаулаған қаржы дағдарысы
мен жұмыссыздық та өз кесірін
тигізбей жатқан жоқ. Жалпы,
соңғы жылдары әлем бойынша
күйзеліс салдарынан өз-өзіне қол
салу фактілері де жиілеп кетті.
Алдағы жылдары жүйкенің
күйзелісі адамзатқа ең қауіпті дерт
болуы да мүмкін. Бүкіләлемдік
денсаулық сақтау ұйымының
зерттеулері бойынша, әлемде
450 миллион адам психикалық
мәндегі аурулардан зардап шегеді
екен. Ал Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының мәліметтері
бойынша, біз қауіп төніп тұрған
топқа жатамыз. Қазақстанда өзіне
қол жұмсағандар адам санына
шаққанда басқа елдерге қарағанда
көбірек. Ал бұл көрсеткіш
халықтың жан саулығын көрсетеді.
Қоғамның заманауи даму үрдісі
халықтың психикалық және
психологиялық саулығына ерекше
көңіл бөлудің қажеттігін талап ету-
де. Мәселен, бүгінгі таңда алдыңғы
Адамның көңіл–күйі
болмаса, өмір сүруге деген
құлшынысы, жігері де
болмайды.
Аурудан қайтыс болған
науқастың тәні ауырса,
суицидпен қайтыс болған
адамның жаны ауырады
деген сөз. Cуицид – жан
ауруы.
46
#1 (25) ақпан, 2012ж.
ӨЗЕКТI ТАҚЫРЫП
Yрейлену сатысында организмдегі барлық қорғаныш
күштері іске кіріседі. Әдетте бұл саты 6-48 сағатқа со-
зылады.
Төзімділік сатысы – ағзаның осы бір стрессорға және
сол кездегі басқа да агенттерге тұрақтылығы өседі. Егер
стрестік әсер жалғаса берсе, үшінші қалжырау саты-
сына көшеді.
Қалжырау сатысы – бүйрек үсті безінің қыртысты
қабатының көлемі азаюымен, глюкокортикоидтер
түзілуі төмендеуімен сипатталады. Бірақ, стрестің осы
көрсетілген барлық үш сатылардың бәрін өтуі міндетті
емес. Кейде ол кейбір себептермен бірінші немесе
екінші сатыда үзіліп қалуы да ықтимал.
Жүйке жүйесінің белсендірілуі – стресс
реакциясының бірінші сатысы. Егер стрессор әсері
одан әрі жалғаса берсе, жүйке жүйесінің оған қарсы
әсер ету мүмкіндігі азаяды да, стрессордың екінші
тетігі іске қосылады немесе стресс реакциясының «соғу-
қашу» деп аталатын реакциясы басталады. Бұл реакция
стрессорларға қарсы жауапты бұлшық еттерді белсендіру
арқылы дайындайтын организмді жұмылдыратын реак-
ция. Екінші сатының ұзақтығы бірінші сатыға қарағанда
10 есе ұзақ. Алғашқы екі сатыны организмдегі симпато-
адреналды реакция деп атайды.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары психологиялық
стресс деген ұғым пайда болып, ғылыми еңбектерде
пайдаланыла бастады. Өмір мен тұрмысына риза бол-
май, көңілі пәс түсіп, өзіне деген бағасына күмәндік
сезім тудыратын оқиғалар психологиялық стреске
себепкер болады. Адам баласы өзін-өзі тәрбиелеудің
арқасында сезімдерді тізгіндеуді меңгеріп, ауыр сезім
тудыратын стрестерді өз еркіне көндіре алады.
Қиын сәттерде адамның қиындықты жеңуге де-
ген өзінде тілек және мүмкіндігі болу керек. Қандай
қиындық болмасын адамға қайтпас тастай қажырлық,
үзілмес үміт, нақ сезім қажет. Адамда стреске төтеп
берер дайындық, яғни аутогендік жаттығу болу қажет.
Қиындыққа кездессе өзін еркін ұстап, жақсылыққа
сендіруге тырысу керек. Оларды жеңу әркімнің
психологиялық күйіне, психологиялық саулығына бай-
ланысты. Стресс аз болу үшін адам өзі ұнататын сүйікті
еңбегімен айналысып, одан рахат сезім алуы тиіс. Са-
ламатты өмір салтын сақтау, мұңаймау, жабырқамау,
жағымсыз әсерлерден бойды аулақ ұстау, кездескен
қиын оқиғаны дұрыс шеше білу адамның күйзелісін
азайтатын профилактикалық шаралар болып табыла-
ды. Олардың басын біріктіріп, стрестің психопрофи-
лактикасы деп атайды. Психопрофилактика бірнеше
түрге бөлінеді: релаксация (босаңсу), өзін-өзі сендіру.
Мысалы, релаксация адамның бойын босаңсытып,
керексіз жабырқаудан, өткінші қиындықтан, абыржудан,
қобалжудан сақтайды. Релаксация шараларына музы-
катерапия, би билеу, ән айту секілді шаралар жатады.
Психотерапияның екінші түрі – өзін-өзі сендіру.
Бұған аутогенді жаттығуларды жатқызуға болады. Әр
адам психологиялық реттеуіш тәсілдерін үйреніп,
оларды ретпен қолданып, күйзеліс кездеріндегі
өз жағдайының тұрақтылық деңгейін көтере,
ұстамдылығын дамыта, қызмет пен жұмысқа деген
қабілетін жақсарта алады.
Достарыңызбен бөлісу: