1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар


Адам қанындағы лейкоциттердің санын анықтау



бет13/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
лаборатория

6.2 Адам қанындағы лейкоциттердің санын анықтау


Лейкоциттер – ақ түсті, ядролы, ірі торшалар. олардың қандағы жалпы саны эритоциттер санынан, 600–800 есе кем болады. Лейкоциттер түйіршікті және түйіршіксіз болып екі топқа бөлінеді. Түйіршікті лейкоциттерге базофилдер, эозинофильдер және нейтрофильдер, ал түйіршіксіз лейкоциттерге – моноцит және лимфоцит жатады.
Лейкоциттердің организмде қорғаныш қызмет атқарады. Оларға фагоцитоз құбылысы тән және лейкоциттер әр түрлі қорғаныш денелер түзүге, организмде бөгде ақуыздарды заласыздандыруға қатынасады. Қандағы пішінді элементтердің көлемін, олардың жалпы сандарын қандағы 1 мм3-да санайды.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Лейкоцитер, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері?
2. Лейкоциттерді санау, лейкоциттердің әр түрлі жануарлардағы саны?
3. Лейкоцитоз және оның түрлері?
4. Фагоцитоз деген не?
Сабақтың мақсаты: санау камерасында лейкоциттерді санау техникасын меңгеру.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, Горяевтің санау камералары, лейкоциттерді араластыруға арналған құрал (меланжер), пробиркалар, ине, мақта, спирт, эфир, сағаттық шыны, жапқыш шыны, Тюрк сұйықтығы (құрамы: 3 мл мұзды сірке қышқылы, 3 мл 1 %-тік метилен көгі ерітіндісі, 300 мл дистилденген су).
Жұмыстың барысы: қанның формалық элементтерінің санын анықтау үшін әр түрлі әдістерді қолдануға болады.
Камералық әдіс. Қанды лейкоциттерге арналған арнайы меланжердің 0,5 белгісіне дейін құйып, сірке қышқылының 20 рет еселенген 3 %-тік ерітіндісімен араластырады. Сонымен бірге лейкоциттерді санау үшін қанды 0,4 мл Тюрк сұйығы құйылған кішкене пробиркаларда араластырады. Микропипетка арқылы 0.02 мл қан алып, оны қышқыл ерітіндісі бар пробиркаға тамызады, микропипетканы ерітіндіден шығармай бірнше рет шайқап жібереді, осылайша қанды 20 есе сұйылтады.
Горяев камерасында лейкоциттерді санау әдісі мен тәртібі. Камералардың бірнше түрі бар (Тома-Цейс-Горяев). Горяевтің санау камерасы – науа (желоб) арқылы 3 пластинкаға бөлінген қалың төсеніш шыны, олардың ортаңғысы шеткілерінен 1/10 мм төмен орналасқан. Егер шеткі пластинкаларды жапқыш шынымен жапса, онда жапқыш шыны мен ортаңғы ойық арасында биіктігі 0,1 мл тесік пайда болады, камера деп осыны айтады. Орталық пластинканың өзі ойық арқылы екіге бөлінген, олардың әрқайсысы шаршыларға бөлінген. Горяев шаршысы 225 үлкен шаршыдан тұрады, олар 15 қатарды құрайды, әр қатарда 15 шаршы бар (кіші ұлғайтқышпен қарайды). Әрбір үшінші үлкен шаршы 16 кіші шаршыға бөлінген (16-сурет).
Лейкоциттерді санау үшін қанды Тюрк сұйықтығымен 20 есе сұйылтады. Тюрк сұйықтығының құрамындағы сірке қышқылы эритроциттерді гемолиздейді, ал метилен көгі лейкоциттердің ядросын бояйды.
Лейкоциттерге арналған араластырғыш – ішінде ақ бұрашақ түйіршік бар, (жақсылап араластыру үшін) ампулаға ұқсас кеңейген капиллярлы түтікше, онда 3 белгі бар – 0,5, І және ІІ. Түтікшенің ампула тәрізді бөлігі капиллярдың көлемінен 10 есе үлкен, сондықтан қанды капиллярдың І деген белгісіне дейін құйып, Тюрк сұйықтығын ІІ деген белгісіне дейін құйса, қанды 10 есе сұйылтуға болады, егер қанды 0,5 белгісіне дейін, Тюрк сұйықтығын ІІ белгісіне дейін құйғанда қан 20 есе сұйылады.
1 Зертханалық жұмыс. Лейкоциттерді санау

Жұмыстын барысы: сағаттық шыныға Тюрк сұйықтығын құяды. Адамда аз мөлшерде қан алу үшін бармақты теседі де алғашқы шыққан қан тамшысын сүртіп тастайды, екінші тамшыны сорып алып, лейкоцитарлы араластырғыштың 0,5 белгісіне дейін толтырады. Сонан соң сағаттық шыныдан Тюрк сұйықтығын ІІ белгісіне дейін сорып алады (20 есе сұйылтады). Меланжерді екі жағынан саусақпен жауып тұрып, қан қоспасын жақсылап араластырады.
Сонан соң сағаттық шыныдағы Тюрк сұйықтығын (20 есе) сұйылтады. Санау камерасын дайындайды. Алдыңғы екі тамшыны мақтамен сүртіп тастап, үшінші тамшыны камераға тамызады (сурет).

Лейкоциттерді санау камерасының 100 үлкен шаршыдан тұратын камера алаңында Егоров ережесіне сай жүргізіледі, шаршылар 4-тен топтастырылған және кіші шаршыларға бөлінбеген.
Әрбір шаршы 16 кіші шаршыға бөлінгендіктен, саналатын лейкоциттер 1600 кіші шаршыларға орналасады. Қанның 1 куб мм-дегі лейкоциттердің санын анықтау үшін мына формуланы қолданады:

мұнда Х-қанның 1 мм3 -дегі лейкоциттер саны
М-камерадағы саналған лейкоциттердің жалпы саны 20-қанды сұйылту дәрежесі
100 х 16 – үлкен шаршылардағы 1600 кіші шаршылардағы лейкоциттердің саны
Қанның 1 куб/мм-дегі кейбір жануарлардың лейкоциттердің саны:
Адамда 4–4,5 мың, итте 1 мың, мысықта 7–9 мың, қоянда 6–8 мың, тауықта 9–50 мың, қазда 7–54 мың, үйректе 20–30 мың, көгершінде 16–40 мың.
2 зертханалық жұмыс. Азықтандырудан кейінгі лейкоцитоз

Лейкоциттердің санын анықтау үшін зерттелуші адамдарды екі топқа бөлеміз: біріншілерінде ашқарынға, екіншілерінде тамақ ішкеннен кейін 2 сағат өткен соң. Тағы бір топтағы зерттелушілерде тітіркендіргіштің әсерінен кейін 30 минут өткеннен соң шартты – рефлекстік тітіркендіргіштің бар-жоқтығын тексереміз. Табиғи шартты рефлекс ретінде, зерттелушіге таңертеңгілік ыстық тамақ дайындауын ұсынамыз (мысалы жұмыртқа мен шұжықты қуыру). Шартты – рефлекторлық лейкоцитозды алғаш рет И. В. Завадский ашты (1923). Азықтандыру лейкоцитозы болмау үшін, клиникалық анализ тексеру үшін қан ашқарынға алынады.
Шығармашылық тапсырмалар:
1) препаратта сіз цитоплазма ішіндегі грануласы бар екі лейкоцитті көріп тұрсыз. Олардың біреуінің ядросы екі сегменттен, екіншісінің ядросы бес сегменттен құралған. Осы тип жасуша жайлы қорытынды жасау үшін қандай қосымша мәліметтер сізге керек;
2) адам қанының жұғындысының лейкоциторлы формуласы есептелген. Перифериялық қан құрамына қандай жасушалар кіреді. Олардың проценттік арақатынасы. Лейкоциторлы формула арқылы қан айналу мүшелерінің (органы кроветворения) функциональді күйін анықтауға бола ма? Ағзаның қорғаныштық реакциясын лейкоцитарлы формула бойынша қалай анықтауға болады.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) тақырыптары:
1) жүйке жүйесінің және басқа да факторлардың лейкоциттер санының өзгеруіне әсері?
2) горяев камерасы, лейкоциттерге арналған араластырғыштың (меланжер) құрылысы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет