1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар



бет11/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37

5 АНАЛИЗАТОРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ


5.1 Көру және тері анализаторларының физиологиясы


Сигналдардың аналитикалық өңделуі. Эволюция процессінде сыртқы әлемнен келетін сигналдар жүйке әрекетінде артушы бөлімді құрайды. Афферентті сигналдардың орталық анализдің арнайы құрылымдары пайда болады.
Анализаторлар туралы үйретілімдер И. П. Павлов құрастырылған. Ол анализаторлар – бұл бір-бірімен функциональді және анатомиялық байланысқан перифериялық және орталық бөлімдердің бірыңғай жүйесі деп есептеді.
Анализаторлардың қатысуымен әсерлердің сигналдар-импульстерге қайтақұрылу немесе қайтакодталу жүзеге асады, сигналдар мағынасының биологиялық бағалауы пайда болды және адамда сыртқы ортаны танитын сезімдер туады.
Ағзаның кез-келген бөлігінде түрлі тітіркендіргіштерді қабылдайтын рецепторлар бар. Осы рецепторлардың жиынтығы сезім мүшелері анализаторлар – деп аталады, олар үш бөліктен тұрады: шеттік, өткізгіш және қыртыстық. Шеттік – белгілі бір тітіркендіруді қабылдайтын арнайы рецепторлардан тұрады (құлақ, мұрын, көз, тері, т.б.), өткізгіш бөлім импульстарды орталық жүйке жүйесіне жеткізеді, қыртыстық бөлімде сырттан келген тітіркендіруді талдау және жинақтау (синтез) үрдісі жүреді.
Көру және тері анализаторлары ақпараттың қайнар көзі болып табылады. Көру анализаторының көмегімен түс және жарық сезімдері қабылданады.
Тері анализаторлары сипап-сезуге (тактильді), суық пен ыстықты, ауруды сезуге мүмкіндік береді. Адаптацияны созылмалы қоздырғыштың әрекетіне (дағдылану) бейімделу деп атайды. Температуралық адаптация негізінде рецепторлар қозуының өзгерісі жатыр.
Суық және жылы қоздырғыштың ұзақ әрекеті кезінде терінің тиісінше суықты және жылулы рецепторлары бейімделеді, белгілі қоздырғышқа сезімталдығы төмендейді. Егер оң қолды суық суда ұстасақ, ал сол қолды ыстық суда ұстасақ онда сол қолдың сезімталдығы жылуға төмендейді, ал оң қолдың суыққа.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Анализаторлар деген не және олардың ағза жұмысындағы маңызы?
2. Анализаторлардың негізгі тізбектері?
3. Сезім мүшелерінің бейімделуі (адаптация), аккомадациясы?
4.Спецификалығы және қарама-қарсылығы (контрастность) туралы түсіндіріңіз?
5. Сары дақ, соқыр дақ, орталық ойық деген не, оларды қалай табуға болады?
Сабақтың мақсаты: көру алаңында және көз торшасындағы соқыр дақты табу, терінің тактилді сезімталдығын зерттеу, оның кеңістік табалдырығын анықтау, көздің түбін зерттеу әдіспен танысу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Мариотта суреті, Форстер периметрі, Фрея түтікшелері, циркулдер, сызғыштар, химиялық қарындаштар.
1 зертханалық жұмыс. Көз торшасындағы соқыр дақты көруге арналған тәжірибе жасау

Жұмыстың барысы: көзден 20–25 см қашықтықта Мариотта суретін орналастырады. Оң көзді қолмен жауып тұрып алғашқы көріністі есте сақтайды (фиксирует). Суретті жақындата және алыстата отырып, көзден белгілі бір қашықтықта сол жақтағы суреттің көрінбейтінін байқайды, себебі ол сурет соқыр даққа түседі. Тәжірибені енді сол көзді жауып тұрып, оң көзбен көре отырып қайталайды, бұл жағдайда оң жақтағы сурет көрінбейтінін байқауға болады. Мариотта тәжірибесін жасау (сурет).

2 зертханалық жұмыс. Көру алаңы

Жұмыстың барысы: зерттелуші адам арқасын жарыққа қаратып периметрдің (сурет) алдына отырады, иегін сүйенгішке қояды, планкадағы ойық арқылы доғаның ортасында орналасқан айнаға көзін алмай қарайды. Иек қоюға арналған сүйенгіш винт арқылы реттеледі. Бір көзін қолмен жабады. Зерттеу жүргізуші зертелетін адамға қарсы қарап отырып жарты шеңбердің ішкі бетіндегі түсті дөңгелекті таяқшамен жайлап жылжытады. Зерттелушінің көзі қозғалыссыз тұруы үшін дөңгелекті 90-нан 0-ге қарай жылжытады, бұл кезде зерттелушіден дөңгелекті алғашқы көрген сәтін айтуын сұрайды. Көру алаңының көлемін градуспен белгілейді. Дәл осы тәжірибені жарты шеңберді тігінен қойып, қайталайды. Ақ дөңгелектің орнына түсті дөңгелек қойып, әр түрлі түстерді көру алаңын анықтайды.
Түссіз көру алаңының, қызыл, жасыл, көк түстерді көру алаңының шекарасын анықтау.

3 зертханалық жұмыс. Жанасу немесе қысу рецепторларын анықтау

Жұмыстын барысы: Фрея түкшелерін (таяқшаға бекітілген жуандығы әртүрлі түкшелер) тері беткейінің әр түрлі бөліктеріне жанастырады (көз жабық болу керек). Зертелушіден жанасуды сезгенін немесе сезбегенін сұрайды. Сезу нүктелерінің санын анықтайды. Ол үшін алақанда, білекте, терінің басқа да бөліктерінде химиялық қарындашпен 1 см2 көлемінде торша сызады да, осының ішіндегі барлық нүктелерге түкшені тигізеді, жанасуды сезген нүктені химиялық қарындашпен белгілейді.
Белгіленген нүктелер жанасу немесе түйсік нүктелері деп аталады. Солардың суретін салу.
4 зертханалық жұмыс. Тактильді сезімталдықтың кеңістік табалдырығын анықтау

Жұмыстың барысы: Циркульді алып, оның екі таяқшасын да тері беткейіне жанастырып және жылжыта отырып, екі түрлі жанасуды да сезетін ең төменгі арақашықтықты табады. Ара қашықтықты азайтса, бір ғана сезу білінеді (тактильді сезу табалдырығы) (сурет).

5 зертханалық жұмыс. Көздің түбін зерттеу

Жұмыстың барысы: офтальмоскопты пайдалана отырып қоян, жылқы, ешкі, сиыр көздерінің түбін зерттеуге болады.
Зерттелетін малды жарыққа теріс қаратып (көзіне жарық түспейтіндей) қараңғыланған жерге орналастырады. Шамнан түскен жарықты офтальмоскоп көмегімен зерттелетін көздің қарашығына бағыттайды. Көздің түбін тексергенде көру жүйкесі, көздің қан тамырлары анық көрінеді.
6 зертханалық жұмыс. Аристотель тәжірибесі

Жұмыстың барысы: біз қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды өзіміздің өмірлік тәжірибемізге сүйене отырып қабылдаймыз, бағалаймыз. Егер зат жазықтықта бір-біріне қарсы тұрған екі беткейдің ортасында орналасса, біз оны бір зат ретінде қабылдаймыз.
Ал бір мезгілде терінің бір-бірінен алшақ тұрған екі бөлігіне де бірдей тиіп тұрған бір зат екеу сияқты әсер етеді.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: көлемі бұршақ дәніндей шар.
Жұмыстың барысы: үстел үстіне шарды қойып, сұқ және ортан саусақтың ұшындағы терісімен шарды үстел бетінде домалатыңыз. Сонан соң екі саусақты айқастырыңыз да шарды осы саусақтардың арасына қойып домалатыңыз. Бірінші жағдайда шар біреу, ал екінші жағдайда шар екеу сияқты сезіледі. Саусақтарыңызды айқастырып мұрныңыздың ұшын ұстап көріңіз, сол кезде мұрын ұшы екеу сияқты болып сезіледі.
Алынған қорытындыны түсіндіріңіз.
7 зертханалық жұмыс. Тілдің әртүрлі бөліктерінің кейбір дәмдік тітіркендіргіштерге сезімталдығын анықтау

Тілдің дәм сезу рецепторлары ащы, тәтті, қышқыл, тұзды дәмді сезе алады. Бұларды тілдің әртүрлі бөліктері түрліше қабылдайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіге, екі шеті қышқылға, түбі ащыға, ұшы мен шеттері тұздыға сезімтал болып келеді, ал ортасының дәм сезгіштігі өте төмен.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: 1 %-тік тұзқышқылды хинин ерітіндісі; 2 %-тік лимон қышқылы; хлорлы натридің 10 %-тік ерітіндісі; қант құрағының 40 %-тік ерітіндісі; пробиркалар салынған штатив; 4 шыны таяқша; дистилденген су; ыдыс.
Жұмыстын барысы (жұмысты екі кісі жасайды): зерттелушінің тілінің әр түрлі бөліктеріне хинин, қант, ас тұзы, лимон қышқылының тамшысын шыны таяқшамен тамызады. Зерттелушінің алдына қойылған мақсат – тамған ерітіндінің дәмін анықтау. Сондықтан тілдің қай бөлігіне қандай ерітінді тамызылатынын ол білмеуі керек. Әрбір тамызған ерітіндінің дәмін анықтаған соң ол ауызын 2 минут бойы дистилденген сумен жақсылап шайқайды. Жауапты негізге ала отырып, тілдің дәм сезу сызбасын жасаңыздар.
Шығармашылық тапсырмалар:
1) көру алаңын схема арқылы суретін салу;
2) дәм бүртіктердін құрамында холиэнстераза мөлшері көп болады. Дәм сезу бүртіктердін құрамына кіретін қандай дәм сезу рецепторларының типі жатады – біріншіліксезінетін немесе екіншіліксезінетін рецепторлар;
3) ащы заттарға абсолютті сезім табалдырығының едәуір төмен екендігін немен түсіндіруге болады.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ ) тақырыптары:
1) иіс сезу анализаторы;
2) дәм сезу анализаоры;
3) анализаторлардың қарым-қатынасы;
4) қозғалыс анализаторы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет