2.1 Жүйке-бұлшық ет препаратын дайындау. Қозғыш ұлпалардың қасиеттері
Тірі ұлпалардың негізгі физиологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін көбінесе бақалардың ұлпаларын қолданады. Бақалардың жүйке-бұлшық еттерінің ұлапаларының кең қолданылуының себебі, оларды ағзадан айырылған кезде де жылықандыларға қарағанда өздерінің тіршіліктік ерекшеліктерін сақтайды. Осы қасиет арнайы жағдайларсыз айырылған жүйке-бұлшықет ұлпаларын ұзақ бақылап, олардың тіршілік әрекетерінің негізінде жатқан жекеленген заңдылықтарына зерттеу жұмсытарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Адам және жануарлардың барлық ұлпалары тітіркендіргіштерге белгілі бір әрекетпен жауап береді. Тітіркендіруден кейін ұлпаларда ерекше белсенділік байқалып, олардың өздеріне ғана тән қызметтер атқарылады (мысалы, жүйке талшықтарында импульстер пайда болады, бездер сөл бөледі, ет жиырылады). Жүйке және ет ұлпалардың қасиеттерін зерттеуге арналған тәжірибелердің көпшілігі бақаның артқы аяқтарынан дайындалған жүйке-ет препараттарымен жүргізіледі.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Қозғыш ұлпа деген не және ол қандай физиологиялық күйде болады?
2. Тітіркендіру деген не?
3. Тітіркендіргіштер дегеніміз не, олардың классификациясы қандай?
4. Қозу дегеніміз не?
5. Қозғыштық деген не, оны анықтау әдісі?
6. Қозғыштық табалдырығы деген не?
7. Қай ұлпалардың (үлкен) қозғыштығы жоғары?
8. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы қандай?
9. Оптимум, пессимум деген не?
Сабақтың мақсаты:
1) жүйке-ет препараттарын дайындау әдісін меңгеру;
2) ет талшықтарының физиологиялық қасиеттерін зерттеу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бақа, хирургиялық құралдар (қайшы, пинцет, скальпель), штатив, электростимулятор, кимограф, физиологиялық ерітінді, тұз түйіршіктері.
1 зертханалық жұмыс. Жүйке-бұлшық ет препараттарын дайындау
Жұмыстың барысы: шонданай жүйкесі мен балтыр етінен тұратын препарат дайындау үшін бақаның жұлынын бұзып, арқа жағын жоғары қаратып сирағынан ұстап тұру керек. Осы кезде бақаның денесін алдыңғы жағынан жамбас сүйегіне 1,5 см жетпей ұлпаларды кеседі. Сонымен қатар екі жамбас сүйектерінің бірігіп тұрған жерінен бақа денесінің ортасынан бөліп кеседі. Пунктирлік сызықтар – ортан жілікті, сирақ сүйектерін кесіп, өкше сүйегінен ахиллов сіңірін бөліп алу орнын көрсетеді.
Бақаның сыртқы жотасынан ұстай отыра, артқы сирақтарының терісін сыпырып тастайды, содан соң омыртқа сүйектерінің орта тұсынан кесе отырып, артқы аяқтарын екіге бөледі. Үш басты бұлшық етті қалған бұлшық еттерден бөлектеп, шонданай жүйкесін табады және оны Пастер пипеткасы арқылы жоғары көтереді. Соңынан шонданай жүйкесін омыртқа сүйегімен қысып тұрған ұлпалардан тазартқаннан кейін тоқпан жілікті ұршық сүйегінің жанынан кесіп тастайды. Осындай әдіспен дайындалған препарат реоскоптық сирақ деп аталынады (сурет). Ал жүйке-бұлшық ет препаратын дайындау үшін осы аталған препараттың балтыр бұлшық етін, шонданай жүйкесімен қоса кесіп алып, Рингер ерітінідісінде ұстайды.
2 зертханалық жұмыс. Ет пен жүйке талшықтарына әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері
Тітіркендіргіштердің әсерінен тірі ұлпаларда күрделі физиологиялық құбылыс – қозу пайда болады. Қозуға бұлшық ет жиырылумен жауап берсе, жүйке талшығы қозу өткізумен (импульс) жауап береді.
Жұмыстың барысы: жүйке талшығына электр тогымен, пинцетпен және тұз салу арқылы әсер етеміз де, бұлшық еттің жауабын байқаймыз.
3 зертханалық жұмыс. Бұлшық ет қозғыштығын тікелей емес тітіркендірумен анықтау
Жүйкенің қозғыш табалдырығын (шегін) анықтау (тікелей емес тітіркендіру).
Жұмыстың барысы: бұлшық ет-жүйке препаратының жүйке талшығына электростимулятордың электродтарын жалғастырамыз. Ақырын токтың күшін көбейтіп, қозғыштық табалдырығын табамыз (ең әлсіз токтың бұлшық етті жиырылта алатынын) т. б. бұлшық еттің қозу табалдырығын (шегін) анықтау (тікелей тітіркендіру).
Бұлшық ет препаратының бұлшық етіне электростимулятордың электродтарын жалғастырып, қозу табалдырығын (шегін) табамыз.
4 зертханалық жұмыс. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысын анықтау
Жұмыстың барысы: Алдымен қозу табалдырығын тауып, бұлшық еттің жиырылуын жазып аламыз. Кимограф пен миографті пайдаланып ток күшін көбейте беріп, жоғарғы қозу табалдырығына бұлшық еттің жауап беруін анықтаймыз. Токты көбейте беріп, күштің оптимумын табамыз, тағы да токтың күшін көбейте берсек, пессимум пайда болады.
Шығармашылық тапсырмалар:
1) жүйке-ет препараттарын дайындау кезеңдерінің суретін салу;
2) ет пен жүйке талшықтарына механикалық, химиялық, электрлік тітіркендіргіштердің әсерін талдау.
Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) тақырыптары:
1) физиологияның даму тарихы;
2) И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың физиология ғылымын дамытудағы ролі Қазақстанның көрнекті физиолог-ғалымдары;
3) физиологиялық зерттеулердегі қолданылатын тәсілдер;
4) тітіркену зандары;
5) лабильдік (функциональдық жылжығыштық) физиологиясының ұғымы;
6) тежелу физиологиясының ұғымы;
7) ұлпалардың қозғыштық кезендері.