1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар


Адам қанындағы эритроциттер санын анықтау



бет14/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
лаборатория

6.3 Адам қанындағы эритроциттер санын анықтау


Адам және сүтқоректі жануарлардағы эитроциттер ядросыз екі бүйірі қысынқы, дөңгелек табақша пішіндес торшалар, диаметр 7–8 мкм.
Дені сау ер адамдардың 1 мм3 қанында 4–5 млн., әйелдерде 3,9 – 4,7 млн. эритроциттер болады. Сүтқоректі жануарларда (7 млн-дай не бұдан да көп), құстарда 3 млн-дай, ең аз мөлшерде балықтар мен құйрықты қосмекенділерде (150 мыңдай). Олар қан құрамында жасқа, жынысқа, өнімділігіне, жыл маусымына және тағы да басқа факторларға байланысты өзгеріп отырады. Эритроциттер өкпеден тіндерге оттек (О2), ал тіндерден өкпеге көміртектің қос тотығын (СО2) тасымалдайды, бұдан басқа ағзадағы қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттейді, қан плазмасынан аминқышқылдар мен липидтерді адсорбциялап оларды тіндерге жеткізеді. Адам мен жануарлардың эритроциттерінің құрамында ядро болмайды. Құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер және балықтардың эритроциттерінде ядро болады.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Эритроциттердің құрылысы мен қызметі?
2. Эритроциттерді санау және олардың әр түрлі жануарлардағы саны?
3. Сыртқы факторлардың эритроциттер санына әсері?
4. Эритроциттердің химиялық құрамы?
5. Эритроциттер және олардың түрлері?
Сабақтың мақсаты: эритроциттерді санау техникасын меңгеру.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, Горяевтің санау камерасы, жабын шынысы, эритроцитарлық араластырғыш, сағат шынысы, 2–3 %-тік ас тұзы.
Эритроциттерді санау Горяевтің санау камерасында микроскоптың көмегімен жүргізіледі. (бес үлкен шаршыда немесе диагональ бойынша орналасқан 80 кіші шаршыда). Эритроциттерді санауға алынған қанды қызыл қанға арналған меланжерде сұйылтады. Қызыл қанға арналған меланжердің лейкоциттерге арналған араластырғыш айырмасы тек мынада: ампула тәріздес кеңістікте 101 саны көрсетілген белгі бар. Ампула тәріздес кеңейген ыдыстың көлемі капилляр көлемінен 100 есе үлкен. Сондықтан капиллярға қанды І белгісіне дейін, сұйылтуға арналған ерітіндіні 101 белгісініе дейін құйғанда қан 100 есе сұйылады. Қанды 0,5 ал ертінідіні 101 белгісіне дейін құйғанда қан 200 есе сұйылады.
Қанды 2–3 %-тік хлорлы натрийдің гипертониялық ерітіндісімен сұйылтады. Бұл ерітіндіге эритроциттерді қосса, олар ерітіндіге су түйіршігін шығарып, өздері бүрісіп-солып, тығыздалып қалады да, микроскоп арқылы жақсы көрінеді.
1 зертханалық жұмыс. Эритроциттерді санау

Жұмыстын барысы: санау камерасын микроскоптың үлкен және кіші ұлғайтқышымен қарайды. Сағаттық шынысына (часовое стекло) ас тұзының 2–3 %-тік ертінідісін құяды. Қанды алу тәртібін сақтай отырып қанды меланжердің 0,5 белгісіне дейін құяды да сонымен қатар мұндағы қанның көпіршіктенбеуін қадағалайды. Меланжердің ұшын құрғақ тампонмен сүртеді де, хлорлы натрий ертінідісі бар сағат шынысына батырып, ертіндіні меланжердің 101 белгісіне дейін сорғызады. Сонан соң араластырғышты көлденеңдетіп саусақпен жауып ұстап, 1–2 минут бойы жақсылап шайқайды. Камераны толтыру: резеңке түтікшені жайлап қысып, 2 тамшы қанды меланжерден мақтаға тамызады. Санақ камерасына жабын шыныны жабады да, қысып тұрып ньютон сақинасы пайда болғанша үйкелейді. Жабын шынысының шетінен капиллярдың ұшымен ғана камераның ортаңғы бөлігіне сұйытылған қан тамшысын тамызады. Камераны микроскоптың төсенішіне қойып, эритроциттер тұну үшін 2 минут күте тұрып, сонан соң санауды бастайды. Эритроциттерді камера торында диагональ бойынша орналасқан 5 үлкен шаршыда (80 кіші) санайды. Бір қан денешіктерін екі рет қайталап санамау үшін алдымен шаршының ішіндегілерін, сонан соң үстіңгі және сол жағындағы сызықтарда жатқан эритроциттерді санап алу керек. Шаршының төменгі және оң жағындағы сызықтарында жатқан эритроциттер саналмайды.
Сол жақтағы үлкен шаршыдағы эритроциттерді санап алған соң торды диагональ бойынша жылжытып, келесі үлкен шаршылардағы эритроциттерді санайды. 1 куб/мм-дегі эритроциттерді санау былайша жүргізіледі: бір кішкентай шаршыдағы эрироциттердің санын анықтайды. Ол үшін 5 үлкен шаршыдағы саналған эритроциттерді (А) 80 кіші шаршыға бөледі, өйткені бір үлкен шаршыда 16 кіші шаршы орналасқан (5х16–80). 1 кіші шаршыдағы сұйықтың көлемі 1/4000 мм/куб-қа тең. Сонымен қанның 1куб/мм-дегі эритроциттер саны
Алынған эритроциттер санын сұйылту дәрежесіне, яғни 200 немесе 100-ге көбейтеді. Эритроциттердің санын анықтау формуласы:
А – бес үлкен шаршыдағы эритроциттер саны
4000 – кіші шаршылардың көлемі
200 – қанды сұйылту дәрежесі
5 х16 – эритроциттер саналған кіші шаршылар саны
Қанның 1 куб/мм-дегі эритроциттер саны
Шығармашылық тапсырмалар:
1) адамның эритроциттері бақаның эритроциттерінен 3 есе кем, бірақ саны бойынша адамның эритроциттері бақаның эритроцитіне қарағанда 1мм3 де 13 есе көбірек екені белгілі. Осы фактіні қалай түсіңдіресіз;
2) эритроциттердің әр түрлі құрылу стадияларында жасушалардың дифференциялдану белгілерін атаңыздар және дәлелдеңіздер;
3) неге адамның эритроциттері балықтар, қосмекенділер эритроциттеріне қарағанда өлшемі кішірек болғанымен оттегіні оларға қарағанда көп жұтады.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ ) тақырыптары:
1) буаздықтың эритроциттер санына әсері;
2) эритроциттерге арналған араластырғыштың құрылысы қандай;
3) санау үшін эритроциттерді немен сұйылтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет