1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар


Қан ұю жылдамдығын анықтау, қан ұюын жылдамдататын және баяулататын факторлар



бет17/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
лаборатория

6.5 Қан ұю жылдамдығын анықтау, қан ұюын жылдамдататын және баяулататын факторлар


Ұсақ тамырлар жарақаттанған кейін олардан қан ағу бірқатар уақыттан кейін тоқтайды. Бұл жарақатта тромбтың түзілуімен шартталған. Бірақта қан ағу тоқталуында басқа факторлардың да ролі бар. Олардың ішіндегісіндегі ең елеулісі – жараланған тамырлардың саңылауларының тарылуы. Сондықтан жұмсақ ұлпаларда кішігірім жараларда қан ағу уақыты, әдетте қан ұю уақытынан аздау болады. Шаншудан кейін саусақтын жұмсақ етінен қан ағу қалыпты жағдайда 2+-3 мин тең болады. Ірі тамырлардың жарақаттауны кезінде олардың просветтерінің тарылуы, жоғары қан қысымы жеткіліксіз, осында керісінше қан ағу уақыты қан ұю уқытынан көп уақытты алады.
Қанның биологиялық қасиеттері және оларды анықтау. Жарақат алған жердегі қан тамырынан шыққан қан ұйып қалады. Қан ұйыған кезде фибриноген ақуызы ерімейтін фибринге айналады. Пайда болған фибринді ұйыған қан жарақаттанған жерді жауып қалады, сөйтіп ағзаны қан кетуден сақтайды. Ұюдың кейбір кезеңдеріне әсер ететін заттарды қосу арқылы қан ұю процесінің алдын алуға болады. Мұндай заттарға кальций тұздары, гепарин, қымыздық және лимонқышқылды натрий жатады. Қан ұю процесі 3 фазадан тұрады: 1 – тромбокиназа ферментінің түзілуі; 2 – тромбин ферментінің түзілуі; 3 – фибрин ақуызы жіпшелерінің пайда болуы.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Қан ұюының биологиялық маңызы қандай?
2. Қанды ұйытуға қатысатын компоненттер?
3. Қан пластинкалары немесе тромбоциттер, қан ұюындағы олардың маңызы?
4. Қанның ұю механизмі?
Сабақтың мақсаты: қан ұю әдістерімен танысу және қан ұю процесіне әсер ететін факторларды анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: қан, су моншасы, 2 сағаттық шыны, сүзгіш қағаз, ілмегі бар шыны таяқша, 2 төсеніш шыны (таза және парафинделген), ине, спирт, эфир, мақта, пипеткалар.
1 зертханалық жұмыс. Бюркер тәсілі бойынша қан ұю уақытын анықтау

Жұмыстын барысы: 25–30 С температурасындағы су құйылған су моншасына сағат шынысын салады, пипеткамен аздаған қан тамшысы мен дистилденген суды тамызады. Адамның бармағын тесіп, шыққан қан тамшысын шыныға түсіріп, шыны күршектің көмегімен суға араластырады. Камерада белгілі ылғалдық сақталуы үшін ішкі жағына ылғал сүзгіш қағаз қойылған екінші сағат шынысымен жабады. Уақытты белгілеп, әрбір 30 секунд сайын қанды шыны таяқшамен араластырып тұрады. Біраз уақыттан соң ілмек таяқшаға фибрин жіпшелері ілінгенін байқауға болады. Қанды алған уақыттан бастап, фибрин жіпшелері пайда болғанға дейінгі уақытты белгілейді. Қалыпты жағдайда адамда ол 5–8 минутты құрайды. Әр түрлі малдардағы қан ұю уақыты 1,5 минуттан (құстар) 10–15 минутқа (мүйізді ірі қара мал, жылқы) дейін созылады.
Қан ұю уақытын анықтаудың бұдан да жеңіл әдісі бар. 2 тамшы қан алып, майсыздандырылған төсеніш шыныға тамызады. Әрбір 30 секунд немесе 1 минут сайын шыныны қисайта отырып, қан ұйып, сұйық тамшы түрінде шыны бетінде домалап жүргенше қайталайды. Қанды шыныға тамызу мен оның ұйығанына дейінгі уақыт қанның ұю уақытын көрсетеді. Орташа алғанда қанның ұю уақыты адамда 1–3 мин, итте 2–4 мин, тауықта 1–2 мин.
2 зертханалық жұмыс. Тегіс және бұдырлы төсеніштегі қан ұю уақытын анықтау

Құрғақ төсеніш шыныға және бетіне парафин жағылған төсеніш шыныға қан тамызып, уақытын белгілеу керек. Әрбір 30 секунд өткен сайын ілмек таяқшамен қан тамшысының жағдайын тексереді. Қан түйіршігі (қоюлану) пайда болған уақыт қанның ұю уақытын (қанды шыныға тамызған уақыт пен фибрин қоюлану пайда болғанға дейінгі уақыт) көрсетеді.
3 зертханалық жұмыс. Қан ұюын жылдамдату, баяулату және алдын алудың кейбір тәсілдері

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: 5 төсеніш шыны, 3 стакан, бірінде 100 С (мұзы бар су) суық су, екіншісінде + 37 0 С жылы су, үшіншісінде +70 0 С ыстық су.
Қан ұю механизмін меңгерген соң, жануардан жаңа алынған қан мен жоғарыдағы берілген заттарды пайдалана отырып, қанды шыныға тамызу уақыты мен оның ұйығанына (қоюлану немесе тромб пайда болғанша) дейінгі уақытты белгілеп, әртүрлі заттардың қан ұю жылдамдығына тигізетін әсерін бақылаймыз.
Жұмыстын барысы:
№1 тәжірибе. 2 төсеніш шыны аламыз. Бірінші шыныға цитрат, екіншіге кальций ерітіндісін тамызу керек. Сонан соң екі шыныға да қан тамшысын тамызады. Осы екі шыныдағы қанның ұю уақытын бақылайды.
№2 тәжірибе. 3 пробирка алып, оның әрқайсысына 1 мл-ден қан құяды. Бірінші пробирканы суық су құйылған, екіншіні жылы су, үшіншіні ыстық су құйылған стакандарға салады. Уақытты белгілеп, әрбір пробиркадағы қанның ұюына қанша уақыт кететіндігін анықтайды.
Кестеге тәжірибенің нәтижесін жазып, қорытынды жасайды (кесте).

Шығармашылық тапсырмалар:
1) тамырдағы қан ұйымайды ал жараланған кезде тамырдан ағатын қан ұюға қабілетті, неге екенін түсіндіріңіз;
2) тамырлардың зақымдануы кезінде қан неге ұйыды және шығатын қанды ұюдан қалай сақтауға болады.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ ) тақырыптары:
1) тромбоциттер немесе қанның пластинкалары;
2) қан тамырларында қан неліктен ұйымайды;
3) қан ұюындағы «К» дәруменінің маңызы қандай;
4) қанның ұюын жылдамдататын заттар және әдістер;
5) қанға қарсы тұратын жүйеге қазіргі көзқарас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет