Адамдардың эритроциттерінде агглютиногендер деп аталатын полисахариттер тәрізді ерекше заттар болады. Агглютиногендердің екі түрі бар А және В әріптерімен белгіленеді. Қан плазмасында агглютинин деп аталатын глобулин тәріздес ерекше ақуызды заттар бар. Олардың да екі түрі бар, олар α және β деп белгіленеді.
Адамдар қанында кездесетін агглютинин мен агглютиногеннің комбинациялары бойынша қанды 4 топқа бөледі. Қанның бірінші тобында эритроциттерде агглютиноген болмайды, ал плазмада агглютиннің екі түрі де кездеседі (α және β). Екінші топта, эритроцит құрамында аглютиноген А, ал плазмада аглютинин β болады. Қанның үшінші тобында, эритроцитте В агглютиноген, ал плазмада α аглютинин бар. Төртінші топтың эритроциттерінде аглютиногеннің екі түрі (А және В), ал плазмада аглютинин мүлдем жоқ.
Бір адамнан екінші адамға немесе бір жануардан екінші жануарға қан құйған кезде донордың (қан беруші) эритроциттері жабысып қалуы мүмкін. Бір қанның эритроциттерінің екінші қанның сарысуымен жабысып қалуы агглютинация реакциясы деп аталады..
Агглютиногендердің екі түрі бар: қан плазмасында – α и β және эритроциттерде – А және В. Қанда аттас агглютиногендер мен агглютининдер (А – альфамен, В – беттамен) болса, онда агглютинация реакциясы жүреді.
Қан құрамындағы агглютиногендердің түріне қарай қан 4 топқа бөлінеді (кесте).
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Агглютинация реакциясы деген не?
2. Қан тобын анықтау әдісі қандай принципке негізделген?
3. Сіз зерттеген қан қай топқа жатады?
4. Агглютиногеннің құрамы және сіз зерттеген қанның агглютиногенінің құрамы қандай?
5. Бұл топтағы қанды қандай реципиенттерге құюға болады?
6. Сізге қандай донордың қанын құюға болады?
Сабақтың мақсаты: қан топтарын анықтау әдісімен танысу.
1 Зертханалық жұмыс. Қан топтарын анықтау
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: II және III топтағы стандартты қан сарысуы, қан сарысуының орналасуы белгіленген төсеніш шыны, шыны таяқша, Франк инесі, спирт, мақта, пипеткалар.
Жұмыстын барысы: ІІ және ІІІ топтағы стандартты қан сарысуын бір тамшыдан (араластырмай) майсыздандырылған төсеніш шыныға тамызады. Стерилденген саусақтың ұшынан қанды алып, бір тамшыдан жеке шыны таяқшалармен сарысуға жеке-жеке тамызып, араластырады. Шыны таяқшамен бір тамшы қанды ІІ топтағы сарысуға, сонан соң таяқшаның екінші ұшымен ІІІ топтағы сарысуға тамызып, шыныны ептеп шайқай отырып қанды сарысумен араластырады, осыдан соң 1–5 минут өткен соң агглютинация реакциясыны көрсеткіштеріне қарап, қан топтарын анықтайды. Агглютинация жүргенде тамшының түсі мөлдіреп, эритроциттер домалақтанып бір-біріне жабысып қалады. Қан тобы агглютинацияның сипатына байланысты анықталынады (сурет).
Егер агглютинация реакциясы жүрмесе, онда бұл І топтағы қан; ІІІ топтағы қан сарысуымен агглютинация жүрсе, онда бұл ІІ топтағы қан; ІІ топтағы қан сарысуымен агглютинация реакциясы жүретін болса, онда қан ІІІ топқа жатады. Ал агглютинация II -ші III топтағы қан сарысуымен жүрсе, онда қан ІҮ топқа жатады (сурет).
Ауылшаруашылық малдарының қаны толық зерттелмегендіктен оларға қан құйған кезде сәйкестігін анықтап алу керек. Ол үшін реципиенттің және донордың қандарын бір тамшыдан алып, араластырып, реакциясын бақылайды. Егер агглютинация реакциясы жүретін болса, онда қан бір-біріне сәйкес емес.
Зерттеу барысын жазып, қорытындылайды және агглютинацияның суретін салады.
Шығармашылық тапсырмалар:
1) неге бір адамнан екінші адамқан қан құю құтқарудын орнына өлімге әкелуі мүмкін.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ ) тақырыптары:
1) агглютинация дегеніміз не және ұюдан оның айырмашылығы қандай;
2) сіз анықтаған қан тобына қандай топтардан қан құюға болады.
Қан тарауы бойынша коллоквиум сұрақтары
1. Қан деген не және қан қандай қызмет атқарады?
2. Қанның физико-химиялық қасиеттері?
3. Плазма және оның химиялық қасиеттері?
4. Плазманың ақуыздары және олардың рөлі?
5. Лейкоциттер. Олардың құрылысы және қызметтері, лейкоциттерді санау?
6. Эритроциттердің құрылысы мен қызметтері. Оларды санау?
7. Гемоглобин. Оның құрылысы мен қызметі. Гемоглобинді анықтаудың маңызы?
8. РОЭ қандай тәсілмен анықталады, немен байланысты?
9. Гемолиз және оның түрлері?
10. Қанда қандай буферлік жүйелер бар?
11. Қан ұюының механикалық маңызы?
12. Тромбоциттер және олардың қан ұюындағы маңызы?
13. Қан ұю механизмі?
14. Қан тобын анықтау принципі неге негізделген. Малдың қан топтары?