№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата06.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7957
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Менің  ұсынысым:  сөздің  жасалуы  туралы  тек  қазақ  тілі  сабағында  ғана 
оқытылмай,  дүниетану  сабағында  да  құс  атауларының  қалай  жасалғаны  туралы 
түсінік  берілсе,  сонда  менің  құрбыларымның  қазақ  тіліндегі  сөздердің  жасалуы 
(сөзжасам) жайында білімі тұрақты болар еді. 
Әдебиеттер 
1  Ысқақов  А.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Морфология.  –  Алматы:  «Мектеп»  баспасы, 
1974. – 82-130 бб. 
2 Исаев М.С. Қазақ тілі. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 1993. – 31-39 бб. 
3 Бектұров Ш.К. Қазақ тілі. – Алматы: «Атамұра» баспасы, 2006. – 54-77 бб. 
4 Жетісу энциклопедиясы. – Алматы, 2000. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
152 
5  Байғабылова  А.  Қазақстан  құстары –  ғажайып  әлем.  –  Алматы:  «Аруана» 
баспасы, 2003. 
6  «Негеш»  энциклопедиясы.  –  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас 
редакциясы, 1995. 
7 Ысқақов А.Ы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 
1976. 
8  Бұралқыұлы  М.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі.  –  Алматы:  «Мектеп» 
баспасы, 2008. 
9 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Дайк-Пресс» баспасы, 2008. 
 
САТТАРҚҰЛОВА Жасмин Ғалымжанқызы, 
М.-Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған 
дарынды балаларға арналған №8 гимназиясының 4 «ҚБ» сынып оқушысы, 
Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ДОСАНОВА Дариха Аманкуловна, 
М.-Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған 
дарынды балаларға арналған №8 гимназиясының мұғалімі, Шымкент қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
      
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 
 
Жұмысымның  мақсаты:  Қазақстанда  барлық  дәуір  ескерткіштерінің 
барынша  көп  саны  жинақталған,  соның  ішінде  Оңтүстік  Қазақстанның  көптеген 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
153 
археологиялық  ескерткіштерін  қалдырған  қандай  этностар  екендігі  және 
археологиялық топонимдердің төркіні мен мағынасын анықтау. 
Жұмысымның  ғылыми  бағыты:  Қазақстанның  тарихи-археологиялық 
ескерткіштері және болашақ дамуына саяхат бағыттары. 
Жұмыстың міндеттері: 
-  Археологиялық  ескерткіштерді  этникалық,  мәдени  шендестірудің  кейбір 
методологиялық  мәселелері  мен  археологиялық  ескерткіштердің  атауларын 
сұрыптау; 
-  Археологиялық  ескерткіштерді  этникалық,  мәдени  шендестірудің  кейбір 
методологиялық мәселелері; 
-  Оңтүстік  Қазақстанның  маңызды  ғылыми  мәлімет  беретін  археологиялық 
ескерткіштердің атауларын сұрыптау; 

Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық  ескерткіштерінің  атауларының 
этимологиясына  арналған  зерттеулерді  талдау  және  ескерткіштерді  топономиялық 
әдіспен зерттеу; 
-  Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық  ескерткіштер  атауларының  төркіні  мен 
мағынасына арналған зерттеулерді талдау; 
- Оңтүстік Қазақстан археологиялық ескерткіштерін жетілдірген топономиялық 
әдіспен зерттеу. 
Кіріспе. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде тарихи мәселелерді 
кешенді  түрде  зерттеу  кең  қолданылады  бастады.  Осыған  байланысты 
археологиялық  зерттеулерде  басқа  ғылымдарының  жетістіктері,  мәліметтері  жиі 
пайдаланыла  бастады.  Ал,  біздің  тарихи-археологиялық  зерттеуімізде  топономия 
мәліметтері  кең  пайдаланылады.  Жер  атаулары  ұзақ  жасайды,  яғни  «өте  өміршең» 
келеді.  Олар  тарихи-этнологиялық  және  лингвистикалық  мәліметтерді  бойына 
жинақтап:  этногенез,  этникалық  тарих,  ономастика  мәселелерін  дұрыс  шешуге 
септігін тигізеді. Бұл тақырыптың өзектілігі, ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Оңтүстік 
Қазақстанның  археологиялық  ескерткіштеріне  кешенді  түрде  жүргізілген  зерттеу 
жұмыстарының  барысында  байқалады.  Осы  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде 
жүздеген белгісіз (жаңа) археология ескерткіштері анықталып, осы ескерткіштермен 
байланысты  бар  айрықша  топономиялық  мағлұмат  алынды.  Оңтүстік  Қазақстан 
жеріндегі археология ескерткіштерін картаға түсіру және телеқұжаттау саласындағы 
соңғы  жиырма  жылдық  археологиялық  топонимдердің  төркіні  мен  мағынасын 
анықтау мәселесін қойды. Мәселесінің осылай койылуынан, бұл тақырыптың өзекті 
екендігі байқалады. 
Археология  ескерткіштерінің  атауларын,  зерттеудің  жеке  бір  өзіндік 
топономиялық нысаны деп қарауға болады. Көптеген жалпы топономиялық фактілер 
арасынан  археологиялық  фактілер,  өзінің  шығу  төркіні  және  атауымен  ерекше 
бөлектеніп  тұрады.  Бұл  тұжырым,  топономия  саласындағы  жетекші  мамандардан 
қолдау  тауып,  осы  тұжырымға  сәйкес  археологиялық  топонимдердің  атауы  – 
археологиялық  ескерткіштің  атауы  термині  қолданысқа  ұсынылды.  Осыған  сәйкес 
бұл атауды біз де өз зерттеу жұмысымызда қолданамыз. 
Оңтүстік  Қазақстанда,  барлық  дәуір  ескерткіштерінің  барынша  көп  саны 
жинақталған. Осы кунге дейін Қазақстанның, соның ішінде Оңтүстік Қазақстанның 
көптеген  археологиялық  ескерткіштерін  қалдырған  қандай  этностар  екендігі  және 
археологиялық  топонимдердің  төркіні  мен  мағынасы  анықталмай  келеді.  Оңтүстік 
Қазақстанның  біздің  дәуірімізге  дейінгі  және  біздің  дәуіріміздігі  археологиялық 
ескерткіштерін,  Орта  Азиядағы  антикалық  мемлекетпен  (Кангюй-Канцзюй), 
тайпалық  одақтармен  (сақ,  Ханну-Сюнну),  ортағасырлық  мемлекеттермен 
байланыстыратын  болжам  пікірлер  бар.  Бірақ,  мұндай  пікір  білдірушілер, 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
154 
археологиялық  ескерткіштерді  қалдырғандарды  жалпы  сипатта  ғана  бере  алады. 
Ескерткіштерді  зерттеген  археологтар,  оларды  қалдырушыларды  жинақтауыш 
атаумен  (сақ,  Хунну-Сюнну)  және  мемлекет  атауымен  (Кангюй)  атайды.  Себебі, 
ескерткіштерді  қалдырушылардың  нақты  қандай  этностар  екендігін  білмейді. 
Ескерткіштерді  қалдырушылардың  нақты  қандай  этностар  екендігін  білу  үшін 
археологиялық 
топонимдерді, 
археологиялық 
ескерткіштерді 
зерттеудің 
нәтижелерімен,  ескерткіштер  туралы  пікірлермен  байланыста  қарастыру  керек. 
Сонда ғана археологиялық ескерткіштердің атауларының төркіні мен мағынасы және 
ескерткіштерді  қалдырушылардың  қандай  этностар  екендігі,  яғни  ескерткіштердің 
тиістілігі анықталады. 
Археологиялық  ескерткіштердің  атауларын,  археологиялық  материалдармен 
немесе  ескерткіштерді  зерттеудің  нәтижелерімен,  ескерткіштер  туралы  пікірлермен 
байланысты қарастырып, археологиялық материалдар арасынан сәйкестік, ұқсастық 
тауып,  осының  негізінде  археологиялық  ескерткіштердің  атауларының  төркіні  мен 
мағынасын  және  ескерткіштердің  этникалық  тиістілігін  анықтау  әдісін  археологтар 
топономиялық  деп  атайды.  Егер  де  археологиялық  ескерткіштердің  атаулары  мен 
археологиялық  материалдар  арасынан  сәйкестік,  ұқсастық  тауып,  осының 
нәтижесінде археологиялық ескеркіштер атауларының төркіні мен мағынасын және 
ескерткіштердің  этникалық  тиістілігін  анықтау  мүмкін  болса,  онда  археологиялық 
топонимдер мен ескеркіштердің топонимиялық әдіспен зерттеу өзекті болғаны. 
Археологиялық  ескерткіштердің  атаулары  мен  төркіні  мен  мағынасын 
анықтаудың  нәтижесінде  осы  аттас  топоним,  ороним,  гидроним,  ойконимдердің  де 
төркіні  мен  мағынасы  анықталды.  Ал,  археологиялық  ескерткіштердің  этникалық 
тиістілігін  анықтаудың  нәтижесінде  аймақты  мекендеген  этностар  кімдер  екендігі 
анықталды. Аймақта мекендеген этностардың кімдер екендігін анықтау, өз кезегінде 
этногенез  мәселесін  және  басқа  да  тарихи-этнологиялық  мәселелерді  шешуге  жол 
ашады.  Сонымен,  археонимдер  мен  археологиялық  ескерткіштерді  топономиялық 
әдіспен  зерттеу,  ономастика  және  тарих,  археология,  этнолгия,  этногенез 
ғылымдарындағы  шешілмей  келе  жатқан  күрделі  мәселелерді  шешуге  жол  ашады. 
Олай  болса,  археологиялық  топонимдер  мен  ескерткіштерді  топономиялық  әдіспен 
зерттеу өзекті болып табылады. 
Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  Бұл  мәселенің  зерттелу  деңгейі,  зерттеудің 
жаңа  тұрғысынан  келуге  байланысты  екі  түрлі  аспектіде  қаралады.  Егер  де 
археологиялық  нысандар  салыстырмалы  түрде  толық  зерттелген  болса,  ал,  екінші 
аспект  –  топономиялық  нысандар  немесе  дерек  көздері  салыстырмалы  болса  да 
толық  және  түбегейлі  зерттелмеген.  Оңтүстік  Қазақстанның  археологиялық 
ескерткіштері  туралы  алғашқы  мәліметті,  Семен  Ремезовтың  «Сібірдің  сызба 
кітабы»  (1701)  және  оған  қосымша  ретінде  1737  жылы  Ресей  ғылым  академиясы 
шығарған  атлас  береді.  ХIХ  ғасырдың  екінші  жартысында  Сырдарияның  төменгі 
ағысынан Жетісуға дейінгі аралықтағы (А.К. Гейнс 1866, П. Лерх 1867) және Арыс 
өзенінің орта ағысындағы Мамаев елді мекенінің маңындағы (Н.П. Остроумов, 1893) 
археологиялық ескерткіштерді зерттеу басталады. Н.П. Остроумов 1893 жылы Арыс 
өзенінің жағалауындағы Жуантөбе қалашығының орталық бекінісі (цитадель) болып 
табылатын  төбешікте  қазба  жұмыстарын  жүргізіп,  Бөріжары  зиратымен  қатар 
орналасқан  бірнеше  қорған  төбелерді  қазып  ашуға  талпынып,  әрекет  жасаған. 
Жүргізілген 
қазба 
жұмыстарының 
мардымсыз 
нәтижесі, 
«Түркістанның 
археологиямен 
әуестенушілер 
үйірмесінің 
хаттамасында» 
жарияланып, 
археологиялық  ескерткіштер,  «Монғол  шапқыншылығы»  кезеңіне  жатқызылған. 
Осы  кезеңде  Түркістанның  археологиямен  әуестенушілер  үйірмесінің  мүшелері, 
археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Қазба жұмыстары Сауранның, Яссының, 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
155 
Қарнақтың,  Испиджабтың  (Сайрамның),  Жаңакенттің,  Женттің,  Шардараның, 
Сүткенттің  және  Байырқұмның  қирап  қалған  жұрттарында,  Арыс  өзенінің 
аңғарларында, Бадам өзенінің жағаллауында жүргізілді. 
ХХ ғасырдың басында А.О. Руднев көне қалалар мен елді мекендердің (Оксус, 
Ұзын-ата,  Сүткент  және  басқалар)  11  қираған  жұртын  тіркеттіріп,  зерттеген.  Көне 
Отырардың  жұртында  К.А.  Кларе  мен  А.  Черкасов  қазба  жұмыстарын  жүргізген. 
Боралдай  шатқалындағы  петроглифтерді  П.А.  Комаров  байқап,  тапқан. 
Археологиялық  зерттеулерді  Н.  Лышокин  мен  И.А.  Кастанье  жасаған.  Қазан 
төңкерісінен кейін 1925 жылы М.Е. Массон Сайрам мен Түркістанда болған. Массон 
Сайрамның топографиясы мен ортағасырдық дерек көздеріндегі Испанджпб туралы 
сипаттамалр  мен  мәләметтердің  сәйкес  келетіндігіне  тоқтала  келіп,  Сайрам  мен 
Испиджаппен шендестіреді. 
А.Н.  Бернштамның  басшылығымен  кең  көлемдегі  қазба  жұмыстарын  1946-
1951  жылдар  кезеңінен  бастап  Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық  экспедициясы 
жүргізген.  Осы  қазба  жұмыстарының  нәтижесінде  «Оңтүстік  Қазақстанның 
этногенезі мен көне тарихының мәселелері», «Ежелгі Отырар» және басқа еңбектер 
сериясы  жарық  көрді.  А.Н.  Бернштам  алан  –  асии  –  аорс  этнонимдерінің  төркінін, 
Арыс  гидронимі  мен  Яссы  ойконимінің  төркіндерімен  байланыстырып,  яғни  бұл 
атаулардың  төркіні  бір  деген  болжам  жасап,  Оңтүстік  Қазақстанның  бірқатар 
археологиялық  ескерткіштерін  қалдырған,  осы  тайпалар  бірлестігі,  бұл  өлке, 
осылардың  алғашқы  отаны  болған  дейтін  пікір  білдірген.  Осы  экспедицияға 
қатысушы археологтар Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич өлкенің негізі археологиялық 
мәселелер  бойынша  жинақталған  кең  көлемдегі  археологиялық  материалды  бір 
жүйеге  келтіріп:  «Оңтүстік  Қазақстанның  қалалары  мен  отырықшы  қоныстарының 
тарихынан»  дейтін  жалпылама  еңбекті  шығарды.  Археологиялық  мағлұматтар 
мәліметтері бойынша олар керамиканы хронология бойынша сыныптаудың 6 кезеңін 
бөліп  көрсеткен:  сақтық  (б.д.д.  VII-IV  ғғ.),  ерте  кангюйлік  (б.д.д.  ІІІ  –  б.д.  І  ғғ.), 
соңғы кангюйлік (I-IV ғғ.), кенгерестік (V-VIII ғғ.), қарлықтық (VIII-XII ғғ.), шығыс 
қыпшақтық (XIII-XV ғғ.). 
ХХ  ғ.  алпысыншы  жылдарының  басында  Ақтөбе  2  қонысы,  Жаушықұмтөбе 
қалашығы,  Ақтөбе,  Жаушықұм,  Жаман-тоғай,  Төребай-Тұрмсық  қорған  зираттары 
кешенді  түрде  зерттеліп,  «Шардараның  көнеліктері»  кітабы  шығарылды.  Шардара 
археологиялық  экспедициясы,  б.д.д.  ІІ  ғ.  белгілі  болған  Кангюй  атты  мемлекет 
орналасқан  Сырдарияның  орта  ағысындағы  археологиялық  ескерткіштерді 
зерттеген.  Кангюй  мемлекетін  қандай  этностардың  құрағандығы  туралы  екі  түрлі 
көзқарас бар. А.Н. Бернштам ұсынған бірінші көзқарас бойынша кангюйліктер, б.д. 
басында  түркі  тілді  болған.  Зерттеушілердің  басым  көпшілігінен  қолдау  тапқан 
екінші көзқарас бойынша кангюйліктер, солтүстік ирандық көшпелі тайпалар болып 
табылады.  Б.д.  алғашқы  жылдарында  зооморфты,  соның  ішінде  қошқар  бейнелі 
керамика,  Орта  Азияның  шығыс,  оңтүстік,  оңтүстік-шығыс  аудандарында  пайда 
болып,  алыстағы  батысқа  –  Еділ  бойына,  Солтүстік  Кавказ,  Дон  мен  Кубан 
жағалауына  дейін  тараған.  Мұндай  керамиканың  алыстағы  батыста  пайда  болуын, 
зерттеушілер, көшпелі тайпалардың батысқа қоныс аударуымен байланыстырады. 
Хорезм  тиындарындағы  s  таңбасы,  Б.И.  Вайнбергтің  пікірінше,  қошқар 
мүйізінің  рәмізі  болып  табылады  және  Сыр  бойындағы  қауыншы  мәдениетінің 
керамикасында  бейнеленген  қошқар  бейнесімен  байланысты.  Б.д.  алғашқы 
ғасырлары  мен  VIII  ғ.  аралығында  Кангюй  мемлекетінің  мұрагері  болған  кангар-
кенгерестердің  Хорезмге  қоныс  аударуы  ары  қарай  жалғаса  береді.  Отырар  оазисі 
мен  Сырдың  төменгі  ағысындағы  қызыл-қоңыр  ангобты,  геометриялық  ою-өрнекті 
зооморф тұтқалы қыш ыдыстар Хорезмнің кедері керамикасымен өте ұқсас. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
156 
Вайнберг мұндай керамиканың Хорезмде пайда болуын Амударияның төменгі 
ағысына  кангар-кенгерестердің  қоныс  аударып  келуімен  байланыстырады.  Ал,  К. 
Ақышев, К.М. Байпақов, Л.Б. Ерзакович алан – асси – аорс тайпаларының алғашқы 
отаны  Сырдың  орта  ағысы  мен  Арыс  бойына,  Солтүстік  Кавказға,  Дон  мен  Кубан 
жағалауына  дейін  таралуын  зерттеушілердің  көшпелі  тайпалардың,  атап  айтқанда, 
сарматтардың  батысқа  қоныс  аударуымен  байланыстыратын  және  аталмыш 
зерттеушілердің  сарматтарға  жататын  алан  –  асси  –  аорстардың  алғашқы  отанын 
Сырдың  орта  ағысы  мен  Арыс  бойынан  іздеу  керек  дейтін  пікірлерін  біз  қолдай 
отырып, саурамат – сарматтардың алғашқы отаны – Қазақстанның оңтүстік-шығысы 
мен оңтүстігі болғандығын зерттеу жұмысының барысында қарастырамыз. 
А.Н.  Подушкин  Арыс  археологиялық  мәдениетінің  Қарауылтөбе  кезеңі  мен 
Қаратөбе  кезеңінің  бастау  фазасына  сарматтардың  қатысқандығын  бірнеше 
универсалды, 
локалды 
және 
кешенді 
этноайқындағыш 
артефактілердің 
дәлелдейтіндігін  анықтаған  (4,  150-151).  Осы  зерттеуші  анықтаған  археологиялық 
фактілер, Оңтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін нақты этностармен 
шендестіруге  жәрдем  беруі  мүмкін.  Өткен  ғасырдың  алпысыншы  жылдардың 
ортасынан  бастап  Н.П.  Подушкин  басшы  болған  Шымкент  пединститутының 
археологиялық  тобы,  Арыс  өзенінің  жоғарғы,  орта  ағыстарының  алабын  және 
Қаратау-Қаржантау  өңірін  зерттеді.  Осы  зерттеулердің  нәтижесінде  Ш.  Уәлиханов 
атындағы тарих, археология және этнология институтының жарық көрген мақалалар 
сериясынан  басқа  «Арыс  өзені  аңғарының  I-VIII  ғғ.  ерте  отырықшы  қоныстары» 
дейтін тақырыпқа диссертация жазылады. 
1969  жылдан  бастап  өлкеде  Қ.  Ақышевтің  басшылық  етуімен  ОҚКАӘ 
археологиялық  қазба  жұмыстарын  жүргізіп,  зерттеудің  алғашқы  жылдарының 
қорытындысы  ретінде  «Көне  Отырар»  еңбегі  пайда  болады.  Отырар  қалашағы  мен 
оның  төңірегіне  және  Қаратаудың  солтүстік  бөктеріндегі  Күлтөбе,  Ран,  Тастөбе, 
Біләлтөбе  қалашықтарына  ОҚКАЭ  жүргізген  бес  жылдық  (1971-1975)  қазба 
жұмыстарының  нәтижесінде  ХХI-XVIII  ғғ.  Отарар  мен  Қаратаудың  солтүстік 
бөктеріндегі  қалаларды  этникалық  құрамы  жағынан  туысқан  адамдардың 
мекендегендігі,  бұл  археологиялық  ескерткіштерді  қалдырған  этностардың 
соңғылары  –  Қазақ  хандығының  құрамына  кірген  қыпшақ,  қаңлы,  керей,  найман, 
дулат тайпаларының өкілдері екендігі анықталды. Өлкеде, аталмыш экспедициямен 
қатар Б.Н. Нұрмұханбетов басшылық ететін ОҚКАЭ да өз жұмысын жүргізді (Арыс 
– Сырдария өңірінің ескерткіштері, Бөріжар зираты). Б.Н. Нұрмұханбетов Арыстың 
сол жақ жағалауындағы Бөріжары көне зиратында орын алған жер бетіндегі жерлеу 
құрылысының  ішінде  мәйітті  жатқызып  көму,  сыртқы  құрылысы  жағынан  алғанда 
наусқа  ұқсағанымен  қолдану  мақсаты  бойынша  наус  емес  екендігін  атап  атап 
көрсетіп,  бұл  жерлеу  құрылысы  –  отырықшы  –  егінші  және  көшпелі-бақташы 
мәдениеттердің синкреттік дамуын бейнелейді дейтін пікір білдірген. 
ХХ  ғасырдың  70-ші  ШПИ-дің  (90-шы  жылдардың  ортасынан  бастап  ХҚТУ 
ШБ)  археологиялық  тобы  ғылыми-практикалық  жұмыспен  айналысып  келеді.  Осы 
топ  Арыс  пен  Бадам  өзендерінің  алабында  және  Қаратау-Қаржантаудың  Оңтүстік 
жоталарында  жоспарлы  қазба  жұмыстарын  жүргізуде.  Осы  жұмыстардың 
нәтижесінде  «Оңтүстік  Қазақстанның  екінші  –  бақташылық  мәдениеттерінің 
ескерткіштері. I-IV ғғ. (Арыс Қазақстанның Арыс мәдениеті б.д.д IV ғ. – б.д. VI ғ.)» 
дейтін  тақырыптардағы  монографиялар  жарық  көрді.)  ХХ  ғасырдың  90-шы 
жылдарының ортасына қарай белгілі болған археология ескерткіштері баршасының 
материалдары жинақталған:  «Қазақстанның тарихи мен мәдениеті  ескерткіштерінің 
жинағы.  Том.  I.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы»  атты  іргелі  еңбек  жоғарыда 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
157 
аталғандардың  баршасының  және  басқа  да  еңбектер  мен  зерттеулердің  жалпылама 
нәтижесі болып табылады. 
Зерттеудің екінші аспектісі – топономиялық нысандардың, яғни топонимдердің 
баршасының төркін мағынасы бірдей дұрыс анықталмаған. Оның солай екендігін біз 
осы  зерттеу  жұмысының  барысында  дәлелдейміз.  Қазақстан  топонимдерін 
зерттеушілер  үстірт  лигвистикалық,  тарихи-этнологиялық  зерттеулер  жасап, 
топонимдердің  қысқаша  түсіндірме  сөздігін  жасаудан  арыға  бара  алмаған. 
Топонимдердің  төркіні  мен  мағынасын  дұрыс  анықтауға  бағыттайтын  құнды 
ойларды  беретіндіктен  жазады.  Қазақстан  топонимдерін  сөз  жасау  мен  сөз  тіркес 
модельдері  және  құрамдық  элементтердің  сипаты  бойынша  зерттеген  ғалым  Е. 
Қойшыбаев,  республика  топонимиясында  бір-бірінен  анық  ажыратылған 
айырмашылықтары бар бес қабаттың бар екендігін анықтаған, олар: 
- Көне тілдердің элементтері бар екендігін сипаттайтын ең көне қабат (тал, сал, 
гар, кан ); 
- Түркі-монғол, түркі-иран элементтері бар тілдердің (ал, ала, бай, бала, тоғай, 
шар, қар) және көне жалғаулардың (ты, сы, ын, ум) көне қабаттары; 
- Түркі тілдерінің й, ч, д, ж диалектерін білдіретін түркі қабаты; 
- Қазіргі түркі тілдерінің ерекшеліктерін бейнелейтін қабат; 
- Орыс тіліндегі қабатталған топономиялық қабат. 
Топонимдер  мен  этнотопонимдер  этимолгиясын  анықтау  барысында  біз 
республика топономиясында Қойшыбаев этнотопонимдердің Иқан, Шәуілдір, Шаға 
дейтін  үшеуі  Оңтүстік  Қазақстанда  орналасқан.  Бұлардың  Иқан  және  Шаға  дейтін 
екеуі, археологиялық ескерткіштердің атаулары болып табылады. Егер де Иқан мен 
Шаға  археологиялық  ескерткіші  жақсы  зерттелген  болса,  онда  бұл  ескерткіштерді 
топономиялық  әдіспен  зерттеудің  нысаны  етіп  аламыз.  Топономдердің  төркіні  мен 
мағынасын  дұрыс  анықтау  үшін  көптеген  ғалымдардың  жетістіктерін  пайдалана 
отырып,  жан-жақты  терең  тарихи-этнологиялық  және  лингвистикалық  зерттеулер 
жүргізу  керек.  Сонда  ғана  топонимдердің  этнимологиясы  дұрыс  анықталады. 
Көптеген  жер  атауларының  төркіні  анықтамалмағанымен  топономия  саласында 
зерттеулер жүргізіліп, бірқатар жұмыстар атқарылған. 
Ғ. Қоңқашбаев қазақ тіліндегі жағырапиялық атаулардың сөздігін жасаса, ал, Е. 
Қойшыбаев,  Жетісу  топонимдерінің  негізгі  типтерін  сипаттап,  Қазақстанның 
топонимдерінің  қысқаша  түсіндірме  сөздігін  жасаған.  В.Н.  Попова  Қазақстанның 
жағырапиялық  атауларының  сөздігін  (Павлодар  облысы  бойынша) жасаса,  ал,  О.А. 
Сұлтанова Көкшетау облысындағы жер  атауларына ғылыми талдау  жүргізген. В.Н. 
Попованың  «Қазақстанның  жағырапиялық  атауларының  сөздігі»  кітабындағы  жер 
атаулары  біздің  облысымызда  кездесетіндіктен,  біздің  зерттеуімізге  керекті 
мәліметтер мен материал бере алады деген ойдамыз. Жер атауларының ішіндегі кісі 
атауларының негізінде пайда болған топонимдер де кездеседі, осы себепті Қазақстан 
антропономиясында да тоқтала кетуіміз керек. 
Қазақ антропонимдерін Т. Жанұзақов зерттеген. Бұрынғы КСРО аумағындағы 
халықтық  жағырапиялық  атауларды  зерттеумен  айналысқан  жағырапияшы  Э.М. 
Мурзаев «Халықтық жағырапиялық терминдердің сөздігі» дейтін еңбек жазған.  Бұл 
еңбекте  біздің  өлкеміздегі  жер  атауларына  қатысы  бар  мәліметтер  мен  ой-пікірлер 
кездеседі.  Қазақстанның  этнонимдер  негізінде  пайда  этнопонимдерін  А. 
Әбдірахманов зерттеген.  «Қазақстан этнотопонимкасы» атты еңбегінде ол көптеген 
топонимдердің  негізінде  пайда  болғандығын  дәлелдеген.  Біздің  зерттеу 
тақырыбымызға  қатысы  бар  Оңтүстік  Қазақстандағы  Созақ  археонимін  А. 
Әбдірахманов,  этнопоним  ретінде  қарастырып,  төркінін  анықтауға  тырысқан.  А. 
Әбдірахманов, А.Н. Бернштамның Созақ – су мағынасын білдіретін су атауы мен сақ 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
158 
этнонимінен  біріккен  «cу  сақтары»,  «өзен  бойындағы  сақтар»  деген  мағынаны 
білдіреді  деп  жазған.  Осындай  болжам  пікір  білдірген  Бернштам  да,  оның  бұл 
болжамын қолдаған Әбдірахманов та Созақ елді мекені орналасқан жерде антикалық 
дәуірде  өзені  болмағандығын  ескермеген.  Осы  себепті  Бернштамның  бұл  болжамы 
мен  Әбдірахмановтың  «Созақ  өзен  бойындағы  сақтар  деген  мағынаны  білдіреді» 
дейтін  пікірі  өте  күмәнді.  Е.А.  Керімбаев  «Қазақ  ономастикасы  этномәдени, 
номинативтік  және  функционалдық  аспектіде»  деп  аталатын  еңбегінде,  қазақ 
есімдерінің  ономастикалық  номинация  және  өмірдегі  қызметіне  байланысты 
мәселелерді  қарастырады.  Көне  топонимдермен  жағырапияшы-палеотопонимист 
А.М.  Малолетка  айналысады,  өзінің  «Палеотопонимика»  деген  еңбегінде  ол,  тарих 
аренасынан  жоғалып  кеткен  халықтар  мен  тайпалар  берген  жағырапиялық 
атаулардың мән-мағынасын ашып көрсетеді. 
Қазіргі  кезде  Оңтүстік  Қазақстанда  топонимиялық  әрі  археологиялық 
зерттеулермен  айналысып  жүрген  археолог  ғалым  Б.А.  Байтанаев  нақты 
топонимиялық  және  археологиялық  зерттеулермен  айналысуда.  Бірақ,  осы  күнге 
дейін  Қазақстанның,  соның  ішінде  Оңтүстік  Қазақстанның  археологиялық 
топонимдері мен ескерткіштері топонимиялық әдіспен зерттелген емес. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет