10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар. Жоспар



бет2/10
Дата01.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
А с қ о р ы ту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңылауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншаққа желбезектер саңылауларының жұрнақтары брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Шажырқайда ұйқы безі жатады. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиралды қақпақшалары болады. Қақпақшалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады, астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Өт жолы осы ішектің алдыңғы бөліміне ашылады. Көк бауыр қарынның иілген жағында жатады.
Т ы н ы с о р г а н д а р ы. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншақка, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашылады. Желбезек тесіктерінің әркайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделерінің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақшаларының орналасуы нәтижесінде желбезектер пайда болған. Желбезек жапырақшалары шеміршекті балықтарда эктодермадан пайда болады.
Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге кең, қабырғасы жұқа вена қаны құйылатын веноздық қуыс (синус) жалғасады. Қарыншаға — артериалдық конус жалғасады. Артериялық конус жүрек қарыншасының бір бөлімі болып саналады. Артериялық конус сырт жағынан карағанда құрсақ қолқасының түбіріне ұқсайды.
Артериялық конустан құрсақ қолқасы басталады Құрсақ қолқасынан желбезекке бес пар желбезек артериялық доға кетеді. Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген артерияларды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериялары алып кетуші артериялар деп аталады. Бұл желбезек артериялары қолқа түбіріне келіп қосылады, Екі жағындағы (оң және сол) қолқа түбірлері қосылып — жалпы арқа қолқасын құрайды. Қолқа түбірінің алдыңғы бөлімінен, бас бөліміне ұйқы артериялары тарайды. Арқа қолқасы денесінің артқы бөліміне қарай бағытталып, одан ішкі органдарға қан тамырлары таралады.
Құйрық венасы дененің алдыңғы бөліміне қарай созылып келіп, қос кординал веналарына тарамдалады. Бұл веналардың бүйрекке келіп торлануының нәтижесінде бүйректе қан айналу системасының қақпасы пайда болады. Артқы және алдыңғы кардинал веналары жүректің тұсына келгенде оң жақтағылары өз ара және сол жақтағылары өз ара қосылады. Осының нәтижесінде веноздық қуысқа келіп құйылатын қос кювьеров өзектері пайда болады. Бауырдың қақпа венасы ішектерден басталады. Ол бауырдың ішіне енген соң ұсақ қан тамырларына тарамдалып барып, қайтадан бауыр венасына айналады. Келешекте бұл вена тамыры веноздық қуысқа келіп жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет