10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар. Жоспар


ШЕМІРШЕКТІ-СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ



бет6/10
Дата01.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Зоология 10 лекция

ШЕМІРШЕКТІ-СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазір тіршілік ететін шеміршекті сүйекті балықтардың бекіре тәрізділер деп аталатын бір ғана отряды бар.
Бекірелер тұқымдасының (Асірепsегісіае) рострумы үшкір, аузы кішкене, ересектерінің тісі болмайды. Сырдария мен Амударияны ғана мекендейтін жалған қалақ-ша тұмсықтылар деген ерекше түрі кездеседі. Олардың тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. Ұсақ, салмағы бір килограмдай болатын, кәсіптік маңызы жоқ организм.
Экологиясы. Шеміршекті сүйектілердің бірқатары тұщы суда тіршілік етеді де, кейбір түрлері өткінші балықтар болып саналады. Стерлядь пен америкалық көл бекірелері көп миграция жасамай өздерінің барлық өмірін тұщы суда өткізеді. Қортпа, орыс, сибирьлік бекірелер және қызыл балықтар теңіз жағалауына жақын жерлерінде тіршілік етеді де уылдырық шашу үшін өзендерге шығады. Көпшілігі жануарлар тектес азықпен қоректенеді. Қортпа балық-жыртқыш, олар басқа балықтарды, кейде жас тюленьдермен де қоректенеді. Бекірелер моллюскалармен, стерлядьтер насекомдармен қоректенеді. Бекіре тұқымдас балықтардың кәсіптік маңызы өте зор. Каспий теңізі мен Қара теңізде ауланады.
2-класс тармағы. ҚАУЫРСЫН немесе СӘУЛЕҚАНАТТЫЛАР
Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың, түрінің 90% астамы осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан — өзендерден, бұлақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Қауырсын қанаттылардын, барлық түрлеріне тән дене құрылысында мынандай белгілері бар. Дене скелеті толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондықтан балықтың бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Қауырсын қанаттылардың өкілі ретінде алабұға балығының, құрылысын қарастырамыз.
Алабұға сүйекті балықтар өкілі. Алабұға (Регса fluviаtilis) тез жүзетін, көбінесе ұсақ шабақтармен қоректенетін жыртқыш балық. Алабұғаның денесі екі бүйірінен қысыңқы келген, ұршық тәрізді болады. Басы сүйірленіп тұтасып келіп, кеудеге жалғасады, ал кеудесі арт жағына қарай бірте-бірте сүйірлене келе құйрық бөліміне айналады. Құйрық пен құрсақтың шекарасында артқы аналь тесігі, ал оның арт жағында жыныс және зәр шығаратын тесіктер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет