10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар. Жоспар



бет7/10
Дата01.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
О м ы р т қ а ж е л і с і. Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайды, құйрық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Бас сүйегі. Алабұғаның бас сүйегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан да біз ең алдымен жалпы сүйекті балықтардың бас сүйегінін, құрылысына тоқталамыз. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуір бөлімдері сүйектерден құралған. Бас сүйегі тері (dіегmосгапіиm) және шеміршек (сһопdгосгапіиm) тектес сүйектерден пайда болған. Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі, қарақұс тесігін көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Қарақұс тесігінің төменгі жағында негізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде, парлы бүйір сүйегі, ал жоғарғы жағынан жоғары шүйде сүйегі қоршап жатады. Есту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бестен орналасқан құлақ сүйегі болады. Көз маңайында дара сына тәрізді негізгі сүйек көз ұясының төменгі артқы бұрышын құрайды. Қос қанат сына тәрізді және көз сынасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерін қалыптастырады.
Аяқ скелеті: Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден ба-рып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі басқа сүйекті балықтардікі сияқты нашар дамыған және ол кішірек “жауырын” мен коракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл алғашқы ретте пайда болған шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеу келіп бекиді. Бұл белдеудің сүйектерінің ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді — клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады.
Ет системасы. Кеудесі мен кұйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бұнақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет