10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар. Жоспар



бет10/10
Дата01.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қан айналу органдары. Алабұғалардың жүрегі үш камерадан тұрады: вена қолтығы, жүрекше және қарынша. Сөйтіп, алабұғаның акуладан айырмасы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнына алабұғада қолқа түйіні болады. Бұл құрсақ қолқасының басталған жері. Мұның артерия конусынан өзгешелігі — қабырғасы тура ет тканьдерінен құралған. Сондықтан да ол жүрек секілді өз бетінше қызмет ете алмайды. Тіл асты жартылай желбезектің шала дамуының салдарынан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп, қан әкелуші желбезек артерияларының төрт пары ғана сақталған. Осыған сәйкес сүйекті балықтарда қан әкететін желбезек артерияларының төрт-ақ пары болады. Бұлар арқа қолқасының түбіне келіп кұяды. Арқа қолқасы алдынан және арт жағынан са-бақталып бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Бұл сүйекті балықтардың басқа балықтардан ерекшелігі болып есептелінеді. Алдыңғы қолқасы бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, арқа қолқасы денесінің артына қарай барып басқа органдарды қанмен қамтамасыз етеді.
В е н а. Акуланың вена жүйесімен салыстырғанда бұлардың мынадай өзгешелігі бар:
1) бүйір веналары болмайды; 2) сүйекті балықтардың көпшілігінде тек кана сол жағындағы артқы кардиналь венасы тікелей келіп кювьер өзегіне жалғасады. 3) кұйрық венасы бауыр қақпа венасымен бірігіп кетеді.
Зәр шығару органдары. Омыртқа жотасының екі жағында торсылдақтарының үстіңгі жағына орналасқан лента тәрізді мезонефрикалық бүйректерден тұрады. Бүйректерінің ішкі жиектерін қуалай орналасқан вольфов қаналшаларына ұқсас, зәр түтікшелері болады. Зәр түтікшелері сыртқа ашылатын жерде бір-бірімен қосылып, бір ғана каналға айналады. Қейбір түрлерінде қуығы болады, оған зәр шығару каналы арқа жағынан келіп ашылады.
Ж ы н ы с о р г а н д а р ы н ы ң қ ұ р ы л ы с ы — шеміршекті балықтардан гөрі өзгеше болады. Қос аталық және аналық жыныс бездерінің ішінде қуысы болады да, олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр-жыныс каналына келіп ашылады, Сөйтіп, шеміршекті балықтардай, ұрғашыларында жұмыртқа жолының қызметін атқаратын — мюллеров каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрекпентбайланысы жоқ, ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.
Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және “тірі жұмыртқа” туушылық байқалады. Мысалы, Американың субтропиктік суларында мекендейтін тісті карп тәрізділері және аквариумдарда өсіретін — гамбузия балығы тірі шабақ туып, көбейеді. Балықтарда гермафродиттік өте сирек кездеседі. Бірақ та теңіз алабұғасы нағыз гермафродит болып саналады.


Ұсылынған әдебиеттер:

  1. Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық /К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.- Алматы:Эверо,2011.-400б.

  2. Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.: “Мектеп”, 1970.

Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II тома. – М.: Высшая школа, 1979г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет