10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар. Жоспар



бет3/10
Дата01.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Зоология 10 лекция

Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Нервтік заттар алдыңғы ми жарты шарларының түбінде ғана болып қоймай, оның бүйірінде және үстіңгі ми қабатында да болады. Сүйекті балықтардың құрылысы қаншама күрделі десек те, олардың миының үстіңгі жағы эпидермиспен қапталғанын байқаймыз. Шеміршекті балықтардың миының үлкендігі, оның нерв клеткаларынан құралатын сұр түсті қапшықпен қапталуынан болады. Миынан 11 жұп нерв тарайтындығы және олардың ми бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 пар нерв тарайды, ал дөңгелек ауыздыларда *ми бөлімдері жақсы жетілмеген, әрі орналасуы да қарапайым болады. Аралық миының үстіңгі жағына эпифиз орналасқан. Аралық мидың төменгі жағында көрініп тұрған екі дөңесі бар. Олардың аралығына воронка орналасқан. Воронканың арт жағына гипофиз бекиді. Ортаңғы миы жақсы жетілген, мишығы үлкен болады. Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа жіктелмеген. Бұл белгісі шеміршекті балықтардың төменгі сатыдағы омыртқалылар екендігін дәлелдейді.
Сезім органдары. Шеміршекті балықтардың түйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінін, өзіндік ерекшелігін аңғару ки ын емес. Өйткені, көзінің қасаң қабығы (роговица) жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Бұлардың біраз ғана түрлерінде көз — алмасын төменгі ішкі жиегінен жоғары қарай тартып, көзін ашып және жабатын ымдау жарғағы болады. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады.
З әр ш ы ғ а р у о р г а н ы н ы ң қызметін — мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады. Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады. Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімімен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшалары еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқарады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр-жыныс қуысына келіп құйылады. Бүйректердің артқы бөлімдері зәр шығару органының қызметін атқарады да, ал алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы (сағағы) болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет