10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар. Жоспар



бет8/10
Дата01.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Жүйке жүйесі. Миы кейбір қарапайым белгілері бойынша, шеміршекті, шеміршекті-сүйекті балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым болады. Біріншіден, сүйекті, балықтардың миынын. көлемі кішірек келеді. Екіншіден, олардың алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жағынан нерв заттары жоқ эпителиймен капталған. Жарты шарлардың қуыстары перде арқылы бөлінбеген. Керісінше ортаңғы ми мен мишық басқаларына қарағанда көлемді болады. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды. Бұларға алдыңғы мидың жұп өсінділері келіп енеді. Аралық ми өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Ал мишығы да өте үлкен және сүйекті балықтардағыдай бір сызықтың бойында және ортаңғы миға жанасып жатады.
Бас миынан 10 пар нерв тарайды (I—X). ХІІ-пары бас сауытынан тысқары жерден шығады.
Көру органдары. Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінікі сияқты дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң (роговица) қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Бұл қабықтың екі жағы көз ұясында болып, ал алдыңғы жағының ортасы ашық қалады. Осы қалпында ол хрусталикке екі жағынан тиер-тимес болып тұрады. Көздің белокты қабығы шеміршекті болады. Балықтардың көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Бұл жіңішке дәнекер тканьнен қалыптасқан қатпар деуге болады. Мұның өзі көздің тамырлы қабатының көру нерві енетін жерінен басталып, көздің торлы қабатын басып өтіп, көз хрусталигіне барып бекиді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағында орналасқан. Көз ұясының қабырғаларынан келіп, көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Еттердің жиырылып-жазылуы нәтижесінде, көз алмасы қозғалып отырады. Орақ тәрізді өсіндінің жиырылып-жазылуы хрусталиктің қозғалуына әсер етеді, сонымен қатар көруге бе-йімделуіне себепші болады. Көз қабақтары болмайды.
Есту органдары. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты, бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сұйық зат (перилимфа) болады. Сөйтіп, иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Мүйіз тәрізді әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Бұл тұйықты ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін— эндолимфа жолы және қуыс өскін (улитка) шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттер-мен бірге сүйекті балықтарда есіту тастары, яғни ірі отолиттер де болады. Алабұғаларда және сүйекті балықтардың көпішлігінде мұндай ірі отолиттер үшеу. Ең үлкен есіту тасы дөңгелек қапшықшаның ішіне еніп және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Қалған екі есіту тастары бұдан анағұрлым кіші. Оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады, ал екіншісі — сопақ қапшықшаның. арнаулы, кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама алдыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының, манайында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет