Элементарбөлшектер Элементар бөлшектердің өзара әсері 4 негізгі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа бір ғана фотон бөлшегі жатады, немесе электромагниттік өрістің кванты жатады. Фотондар электромагниттік өзара әсерлесуге қатысады.
Екінші топқа күшті өзара әсерлесуге қатысатын жеңіл бөлшектер – лептондар жатады. Бұл топқа электрондар (е-, е+), электронды нейтрино (е, ), мюондар (-, +) және мюонды нейтрино (, ) жатады. Зарядталған лептондар сонымен қатар электромагниттік өзара әсерлесуге де қатысады.
Үшінші топ мезондарды құрайды – олар, күшті өзара әсерлерге қатысушы тұрақсыз бөлшектер. Барлық мезондар үшін спин нөлге тең. Мезондар массасы өте ірі бөлшектер болып табылады.
Төртінші топқа кіретіндер нуклондар (p,n) және массалары нуклондардың массасынан артық болатын, массасы тұрақсыз гиперондарды (, +, -, о, о, -, -) қосатын бариондар болып табылады. Барлық бариондар күшті өзара әсерлерге қатысады. Барлық бариондардың спині 1/2 -ге тең.
Бөлшектер мен антибөлшектердің қосылуы кезінде бұл бөлшектердің екі еселенген тыныштық энергиясына тең энергиясымен бөлінетін олардың аннигиляциясы болады.
КВАРК 1964 жылы Гелл-Манн кварктер туралы гипотеза ұсынды; бұл гипотеза бойынша барлық элементар бөлшектер, кварктер деп аталатын үш бөлшектердің комбинациясынан тұрады. Әдетте, кварктерді P, N, әріптерімен белгілейді және оларға +2/3, -1/3, -1/3 бөлшектік электрлік зарядтар жазылады, бұлар әрбір кварктерге сәйкес келеді.
Бұдан басқа, әрбір кваркке сәйкес антикварктері болады. Мезондар кварк-антикварк қосағынан құралады. Бариондар үш үштен алынған кварктерден құралады. Әрбір кваркке кв бірдей магниттік момент келеді.
Әрбір кварк үш түрлі түсте пайда болуы мүмкін: қызыл, сары және көгілдір. Бұл үшті біріктіргенде нөлдік ақ түс шығады.