№12 ДӘріс атом және атом ядросы Атомның ашылуы


Энергетикалық Q эффектісі



бет10/11
Дата28.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#88025
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№12 Дәріс Атом және кванттық физикасы

Энергетикалық Q эффектісі
Ядролық реакция энергияның бөлінуі бойынша да (экзотермиялық реакция), сонымен бірге сырттан алынған энергияны жұтумен де (термиялық реакция) өтуі мүмкін. Ядролық реакциялардағы бөлінетін және жұтылатын энергияны Q эффектісі деп атайды.
Ядролық реакциялар кезінде энергияның, импульстың және импульс моментінің сақталу заңдары орындалады.
Бөлінудің тізбекті реакциясы
Ядроның бөліну реакциясы деп, нейтрондардың (немесе басқа бөлшектердің) әсерінен ауыр ядроның бірнеше жеңіл ядроларға бөлінуін айтады. Ауыр атом ядроларының (уран) бөлінуі кезінде өте үлкен энергия (шамамен 200 МэВ) және 2-3 нейтрон шығады. Бұл шығарылған нейтрондар және де уран ядроланын бөлуі мүмкін. Сонымен, нейтрондардың мөлшері және бөлінетін ядролардың мөлшері үздіксіз өседі. Тізбекті ядролық реакция пайда болады.
Бөлінудің тізбекті реакциясын сипаттау үшін нейтрондардың көбею коэффициенті k деп аталатын түсінік енгізіледі. Көбею коэффициенті осы буындағы нейтрондар санының бұдан алдыңғы буындағы нейтрондар санына қатынасына тең. Тізбекті реакция дамуы үшін k >1 болуы керек.
Егер k=1 болса, онда уақыт өткен сайын нейтрондар саны өзгермейді, ол реакция өзін қолдаушы деп аталады.
Егер k<1 болса, онда нейтрондардың уақыт бойынша бөліну саны кемиді. Реакция өшетін реакция деп аталады.
Тізбекті реакция басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінеді.
Атом бомбасының жарылуы – басқарылмайтын реакция. Басқарылатын тізбекті реакция ядролық реакторларда іске асады.
Атомдық ядролардың синтез реакциясы
Жеңіл атом ядроларында өте жоғары температураларда (107 К және одан да жоғары) өтетін ауыр ядролардағы синтез реакциясы термоядролық реакция деп аталады.
Синтез реакциясы кезінде бір нуклонға бөлінетін энергия ауыр ядроның бөліну кезіндегі ядродан едәуір артық болады. Мысалы, уран-235 ядросының бөлінуі кезінде 1 нуклонға бөлінетін энергия шамамен 0,84 МэВ-қа тең болады, ал синтез реакциясында бұл шама 2,5 МэВ-ті құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет