Фотоэффектқұбылысы Фотоэффект жарықтың затпен әсерлесу кезінде білінеді.
Ішкі фотоэффект — жартылай өткізгіштің ішінде атомдармен байланысқан электрондарды босатуы болып табылады, ол жартылай өткізгіште электр өткізгіштікті арттырудың салдары.
Сыртқы фотоэффект деп, қатты және сұйық заттардан жарық әсерінен электрондарды бөліп шығаруды айтады.
U
0
-Ua
Вольт- амперлік сипаттама
Қанығу фототогы – катодтан шыққан барлық электрондар түгелімен анодқа жеткендігін сипаттайды. Iқанығу=en, мұндағы n – 1 секунд ішінде катодтан шыққан электрондар саны.
U=0 болған кезде де фототок жоғалмайды, өйткені фотоэлектрондардың катодтан шығар кезінде бастапқы жылдамдықтары болады. Фототок нөлге теңелген кездегі кернеу тежегіш кернеу U0 деп аталады.
Фотоэффект үшін Эйнштейн тендеуі фотон энергиясы металдан электронның шығу жұмысына және электронға кинетикалық энергия беруге жұмсалады.
Столетов тағайындаған фотоэффект заңдары
Уақыт бірлігі ішінде катодтан ыршып шығатын фотоэлектрондардың саны жарық интенсивтілігіне (фотондардың санына) тура пропорционал болады.
Фотоэлектрондардың бастапқы максимал жылдамдықтары тек қана түскен жарықтың жиілігімен (энергиясымен ) анықталады.
Әрбір зат үшін фотоэффектінің қызыл шегі болады. Фотоэффектінің қызыл шегі деп фотоэффект құбылысын пайда қылатын металға түскен жарықтың ең кішкене жиілігін немесе ең үлкен толқын ұзындығын айтады.
Комптон эффекті Комптон эффектісі деп қысқа толқынды электромагниттік сәулелердің (рентген және гамма сәулелердің) заттың еркін электрондарында серпімді шашырауын айтады. Осының салдарынан толқын ұзындығы ұзарады.
Бұл ұзару түскен сәуленің толқын ұзындығынажәне шашыратқыш заттың табиғатына тәуелді емес, тек шашырау бұрышымен ғана анықталады:
мұндағы — комптон толқын ұзындығы деп аталады.
—шашыраған сәуленің толқын ұзындығы